+1 дауыс
12.2k көрілді
"Тәуелсіздік және менің отбасым" деген тақырыпта эссе жазу керек.

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Жыл сайын 16 желтоқсанда – Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні атап өтіледі. Оған қол жеткізу оңай болған жоқ, көптеген адамдар еліміздің болашағы үшін күресте жанын пида етті. Сондықтан, ата-бабаларымызбен мақтануға тиіспіз, өйткені олардың арқасында, біз тәуелсіз мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. Қазір біздің мемлекетіміз еркін ғана емес, сонымен қатар демократиялық. Тарихымызда алғаш рет, демократиялық негізде Президент сайланды. Конституция қабылданды. Жаңа мемлекеттік рәміздеріміз бар: елтаңба, әнұран және ту. Қазақ тілі мемлекеттік тіл болып қабылданды. Әрине, басында қиын болды, бірақ Қазақстан Республикасының алғашқы президенті – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көмегімен біз бәрін жеңіп, тек алға қарай жүрдік. Халық өз президентін жақсы көреді және оған сенім артады. Тәуелсіздік жылдарында үлкен жетістіктерге қол жеткіздік: жаңа мемлекет құрылды, экономикамыз дамыды және адамдардың өмір сүру деңгейі жоғарылады. Елімізде тұратын әр ұлт, өз тілінде сөйлеуге, мәдениеті мен дәстүрін дамытуға мүмкіндік алды. Бірқатар халықаралық ұйымдардың мүшесі болып қабылдандық. EXPO – 2017 көрмесін өткізу арқылы, бүкіл әлемге танымал болдық. Егер тарихқа үңілсек, азаттығымызды алу үшін, бізге 200 жыл қажет болған. Мыңдаған батырларымыз еліміздің еркіндігі үшін күресіп, жан тапсырды. Ұлы Отан соғысына белсене қатысып, жеңіске жеттік. Сондықтан, 16 желтоқсан күні – қазақ халқының батырлығы мен еңбегінің нәтижесі. Тәуелсіздік алу – бұл тек бастапқы қадам. Отанымыздың болашағы біздің қолымызда. Егер әрқайсымыз жанымыздың бір бөлігін елімізге берсек, республикамыз одан әрі дами береді! Еліміздегі бүкіл ұлттар біріксе, жолымызда кездесетін барлық қиындықтарды жеңіп шығамыз.

+1 дауыс

Отбасы – бұл қорған, өйткені жанұя мүшелері сізді кез-келген жаудан қорғауға дайын. Біз тату өмір сүруге және ұрыспауға тырысамыз. Әкем көп кітап оқиды және қызықты әңгімелерді айтуды ұнатады, ал анам әлемдегі ең дәмді тағамдарды дайындайды. Олар маған ешқашан айғаламайды, кінәлі болсам, жай ғана қателігімді түсіндіреді, ал мен өз кезегімде оны қайталамауға тырысамын. Менің ойымша, дүниеде отбасыдан маңызды еш нәрсе жоқ. 

Менің отбасым – кішкентай Отан сияқты, ол әрдайым мені қолдайды және түсінеді. Ұрысып қалғанның өзінде, тез арада татуласамыз. Өйткені, жанұяны мектеп те, балабақша да ешқашан ауыстыра алмайды. Бұл ортада сіз әрқашан қымбат адамсыз және бақытқа қол жеткізу үшін жақындарыңыз бәріне дайын. Өз отбасыңызды бағалаңыз, бұл тағдырдың берген сыйы. Менің жанұям – өте берік және мейірімді. Барлығы бір-бірін құрметтейді және әр мүшенің өзінің атқаратын рөлі бар. Мысалы, анашым балалардың ауа-райына сай киінуін және үйдің тазалығының сақталуын қамтамасыз етеді. Ал, әкем үйдегі барлық қара жұмысты өз мойнына алады. Ол бізге әрқашан көмек көрсетуге дайын. Атам мен апам зейнеткерлікке шыққан. Олар көп уақытын бақшада көкөністер мен жемістерді өсірумен өткізеді. Сондықтан, біздің дастарханда үнемі жаңа піскен тағамдар тұрады. 

Мен өз ата-анамды сүйемін, біз бақытты отбасымыз. Әр отаудың өзіндік дәстүрлері мен мерекелері бар. Біздің отбасымыз мерекелік күндерді асыға күтеді, бұл мейрамдар отбасы мүшелерін біріктіреді және қуаныш әкеледі. Дастархан үстінде, қызықты оқиғаларды еске түсіреміз. Бұл естеліктер жақсы көңіл-күй сыйлайды. Қандай жағдай болмасын, біз әрқашан туыстарымыздың түсініспеушілігі мен қолдауына сенім арта аламыз. Мен алыс жаққа кеткен кезде, үнемі үйге қайтқым келеді. Себебі, отбасы – менің тірегім және қамалым.

0 дауыс
Тәуелсіздік асыл қазына
...