+2 дауыс
6.4k көрілді
Қалай тез организмнен дәрінін ізін жоюға болады? Жиі -жиі шай ішіп жатырмын. Көмекгі болмады. Басым сыздап ауырып жатыр...

5 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Дәріні көп ішкеннен ағзаңыз уланған ғой. Енді біраз күнге дейін мең-зең болып жүресіз. Басыңыз айналуы мүмкін. Сондықтан алдымен бауырыңызды тазалау керек. ГЕПАДИФ болмаса ГЕПАБЕНЕ сияқты шөптік дәрілер жақсы әсер береді.
+2 дауыс

           Алдымен емдеуші дәрігеріңізге немесе участкелік терапевтке көрініңіз. Дәріні ұзақ уақыт бойы, яғни жиі қабылдағанда негізгі антибиотиктерге қосып НИСТАТИНді де тағайындайды. Себебі, жиі қабылданған дәрілер, организмнен (ағзадан) толық шығып үлгермеуі мүмкін. Бұдан шығатын қорытынды, ағзаңызда жинақталған қалдықтар асқазаныңызға және бүйрек-бауыр жүйесі қызметіне кері әсер етеді. Сондықтан нистатин 500000 ед. таблеткаларын профилактика ретінде ішуіңізге болады. Есіңізде болсын: егер сізде нистатинге қарсы көрсетілім болса, дәрігердің бақылауымен ішкеніңіз немесе мүлде қабылдамағаныңыз жөн. 

Бұл жерде нистатиннің қатысы шамалы. Нистатин - ол "грибокқа" қарсы дәрі. Сіз антибиотик ішіп жүрсеңіз, дәрігер міндетті түрде нистатинді бірге қабылдауды ұсынады. Өйткені антибиотик ағзаңызды "грибокқа" толтырып тастайды. Оның не екенін білетін шығарсыз. Ең алдымен ішек құрылысы бұзылады. (Иммунитет жайлы сұраққа жауапта айтылған). Ал қазір нистатин емес, одан да күштісі шықты, флюковид қой деймін, ұмытпасам. Оны нистатин сияқты антибиотик ішкен сайын қоса қабылдап отырмайсыз, 5 күн антибиотик ішсеңіз, бір-ақ рет флюковид қабылдайсыз (қымбат дәрі). Антибиотик пен нистатинді бірге қабылдап жүрген адамдарда да интоксикация болуы мүмкін. Ал Ерболдың дәріні көп ішкеннен дел-сал болуы интоксикацияның  жеңіл түрі деп ойлаймын. Өйткені антибиотик емес, жай дәрілерді (ыстықты басатын, бас ауырғанда қабылдайтын, т.б.) мөлшерден артық қабылдағанда да ағза уланады. Міне, сол кезде сұйықтықты көп ішіп, бауырды тазалап (ең алдымен уланатын - бауыр), диета ұстап, айран, ірімшік (творог ) сияқты тағамдарды ішкен жөн. Сондай-ақ хилак-форте сияқты дәрілерді қабылдау да артық болмайды.
+3 дауыс
қазақта керемет сөз бар: "Ауырып ем іздегенше ауырмаудың жолын ізде" соны сізге айтқым келіп еді
0 дауыс

Әлі де сәл дәрі жетпей тұрған шығар.smileyАспирин ішіп көрсейші.

0 дауыс
Дәріні көп ішу зиян.Менің танысымның ағасы күніне бас ауруының дәрісін 4-5 пачка ішкеннен ауру пайла болды.Дәрілік шөптер ішу  керек…
...