0 дауыс
2.4k көрілді
Менің басым көп аурады, соған қандай ем бар. Дәріден басқа?

2 жауап

+6 дауыс
 
Жақсы жауап
Автор: Мақсұтбек СҮЛЕЙМЕН

Қазақ халқының ең жақсы баталарының бірі: «Басымыз аман, бауырымыз бүтін болсын», «Басыңа бақ қонсын». Тағы бір көп айтатын сөзі: «Бас ауырып, балтырың сәл сыздаса». Әйтеуір, біз адам басын қымбат санаған халықпыз. Және де ел ішінде көп кездесетін сырқат та бас ауруы. Бәріңіздің де естеріңізде болар, ақ шашты әжелеріміздің: «Басымның сақинасы ұстап отыр, келінжан, шайыңды қоюырақ құйшы», - дейтін сөздері... Басқаларды білмеймін, мен өзім ауылда өскенімде басы қатты ауырған қариялардың басына сүлік салғызып, шекесінің тамырын қиғызып, басынан қоп-қою қара қан алғызып сауыққанын талай рет көріп, қасында болдым. Сонда бас ауруын жазудың небір халық емі туралы естіген едім-ау!
 Бас ауруының себептері Өмірде жиі кезде-сетін бас ауруын емдеп жазу үшін адамдар ең бірінші, оның себебін анықтап, білуі қажет. Әйтпесе, ем қонбайды. Дәрігерлердің, халық емшілерінің айтуынша бас ауруының себептері көп. Тіпті кейде адамның басы болмашы нәрселерден де ауыратын көрінеді. Біз енді ма-мандардың пайымдауына арқа сүйеп, бас ауруына жиі себеп болатын жағдайларға тоқ- талсақ:

 1. Жақпайтын тамақ ішсе де бас ауырады. Мұндайда асқазанды тазартса, бастың ауыруы басылады.
 2. Көзілдіріктің сай
 келмеуі. Ол басты қат-ты ауыртатындықтан, көз дәрігеріне көрініп, көзілдірікті алмастыр-ған жөн.
 3. Қаны аздықтан. Бас ауруына шалдық-тыратын көп себептің
 бірі – осы. Қан аздық-та көздің қарашығы үлкейеді, маңдайы мұз-дайды, тамырының соғуы әлсірейді. Адам осындай күйге түске-нінде дереу басын орамалмен қатты таңып, тегіс жерде шалқалап жатып демалуға, ала- бұртқан көңілін тыныштандыруға тиіс. Сонан соң кофе немесе шай ішкен дұрыс.

 4. Ой еңбегімен айналысатындар күніне бір мезгіл таза ауада серуендеуді ұмытып кетсе, басы ауырады.

 Дәрігерлер оған мынандай ем-шара қабылдауды ұсынады: легенге ыстық су құйып, 10-15 минут аяқты (то- ларсаққа дейін) малып отырады, бір қасық жалбыз шөбін бір ста-қан қайнаған суға тұн- дырып ішеді. Сосын жатып дем алады. Ой еңбегімен айналыса-тындарға балықты кө- бірек жеген жақсы. Оның да бас ауруынан қорғауда септігі бар.

 5. Бас сақинасы, жел- ке және жүйке неврал- гиясы, жүйкенің әлсіз-дігі – бас ауруының көп себептерінің тізімінде.

 Бас ауруына ағза- ның мынандай сырқат-тарға шалдығуы да басты себеп: 6. Қан тамырлары-ның қызметі бұзылға-нында (гипертониялық аурулар, гипотомия, бас сақинасы).

 7. Миға қанның бір-келкі келмеуі.
 8. Ішкі секреция без- дерінің бұзылуы.

 9. Әйелдерде етек-кір келгенінде. Кексе әй- елдерде етеккір тоқта-ғанында.
 10. Инфекциялық ау- рулар жұқтырып алға-нында.
 11. Көз сырқаттанға-нында.
 12. Құлақ ауруға шал-дыққанында.
 13. Шаршап, қажы-ғанда.
 14. Қатты қобалжы-ғанда.
 15. Шылымқорлыққа салынғанда.
 16. Маскүнемдікте.
 17. Күйзеліске (стрес-ке) жиі ұшырағанда.
 Неге көп күйзелеміз?

 Адамның бас ауруына жиі себеп болатын күй- зеліске түсуге де себеп көп. Үнемі күйзеліске тү- сіп, торығу – денсаулық-қа өте зиянды. Ол басты ауыртып қана қоймай, инсультке де соқтырады.

 Әлемде «ми соққысы» деп аталатын осы дерт- тен жыл сайын 15 мил- лионға жуық адам қаза табады. Бұл дерт көбі- несе, жүйке жүйесінің әлсіреуінен, экология-лық зардаптар әсерінен орын алады, ағзаға қа-уіп төндіретін әртүрлі құбылыстарда асқына түседі. Қазіргі медици-на бас сақинасының тал- масына айрықша көңіл бөліп, сол арқылы ағза-ның күйзелуі, инсультқа ұшырауын зерттеп, оған бір табан жақын адамдарды дер кезінде анық-тап, алдын-ала ем-шара қолдана алады.

 Америкалық ғалымдар күйзеліс арқылы инсульт алудың алдын алу жө-нінде мынандай ақыл-кеңес береді: «Ішіңіз, бі- рақ мөлшермен. Кофе ішуді азайтыңыз, көбірек күліңіз. Мысық асыраңыз.

 Мейлінше қозғалыңыз. Тамақты аз жеңіз. Сани-тарлық – гигиеналық ке-ңестерге құлақ түріңіз».

 Адамның ең сезімтал ағзаларының бірі – жүй- ке жүйесі. Жүйке ауру- ларына, демек, психика-лық ауруларға көбінесе жоғарғы қызметте, кең- седе қағаздармен, есе- пен көп жұмыс істейтін және өмір бойы қиын-шылық көріп келген адамдар ұшырайды. Со-ның ішінде, еркектер 35 пайыз болса, әйелдер 45, кейде 50 пайызға жете-ді. Осы орайда көп ашу- ланып, ренжудің, күйзе- лудің, торығып түңілудің адам басын ауыртып, жүйкесін тоздырып, қан қысымын көтеріп, ин- сультқа әкеліп соқтыра- тынын естен шығармайық.

Толығырақ мына жерден оқыңыз. http://www.info-tses.kz/red/article.php?article=75163
коп рахмет кенесине
Түске дейін шіріп ұйықтауды азайту керек  ! Таңертең ерте тұрып түйе,сиыр,ешкі сауу керек)))))
0 дауыс
меніңше ештеңе ойламау және жақсы естеліктерді еске түсіріп отыру таптырмас ем )
...