Бұл жерде нистатиннің қатысы шамалы. Нистатин - ол "грибокқа" қарсы дәрі. Сіз антибиотик ішіп жүрсеңіз, дәрігер міндетті түрде нистатинді бірге қабылдауды ұсынады. Өйткені антибиотик ағзаңызды "грибокқа" толтырып тастайды. Оның не екенін білетін шығарсыз. Ең алдымен ішек құрылысы бұзылады. (Иммунитет жайлы сұраққа жауапта айтылған). Ал қазір нистатин емес, одан да күштісі шықты, флюковид қой деймін, ұмытпасам. Оны нистатин сияқты антибиотик ішкен сайын қоса қабылдап отырмайсыз, 5 күн антибиотик ішсеңіз, бір-ақ рет флюковид қабылдайсыз (қымбат дәрі). Антибиотик пен нистатинді бірге қабылдап жүрген адамдарда да интоксикация болуы мүмкін. Ал Ерболдың дәріні көп ішкеннен дел-сал болуы интоксикацияның жеңіл түрі деп ойлаймын. Өйткені антибиотик емес, жай дәрілерді (ыстықты басатын, бас ауырғанда қабылдайтын, т.б.) мөлшерден артық қабылдағанда да ағза уланады. Міне, сол кезде сұйықтықты көп ішіп, бауырды тазалап (ең алдымен уланатын - бауыр), диета ұстап, айран, ірімшік (творог ) сияқты тағамдарды ішкен жөн. Сондай-ақ хилак-форте сияқты дәрілерді қабылдау да артық болмайды.