0 дауыс
Мысалға балқаш маңының тектоникалық құрылымы
10.10.2023
өңдеді 566 қаралым

1 жауап

0 дауыс

Оңтүстік Балқаш маңы аумағының тектоникалық құрылысына тоқталар болсақ, Қазақстанның тектоникалық аудандастырылуы бойынша қарастырылып отырған аудан Жоңғар-Балқаш геосинклинді жүйесіне кіреді және келесі тектоникалық құрылымдардан тұрады: оңтүстік батыстан жиектеп тұрған Шу-Іле антиклинорийі, Балқаш ойысы, Лепсі ойысы, Тастау-Арғанаты, Солтүстік Жоңғар тау жиектері, Қопа-Іле ойысы және Қарой, Бозай, Итжон үстірттері. 

Жаңа тектоникалық этап Альпі кезеңінен басталды. Жарылымдар бойымен ірі вертикальді құбылыстар орын алады. 

Жаңа тектоникалық қозғалыстардың әсерінен Іле өзенінің ағу бағытының өзгеруі орын алды. Жоғарғы төрттік кезеңде Іле өзені аңғарының бірінші жайылма үсті террасасы қалыптасты, ал қазіргі төрттік кезеңде өзен аңғарының жайылма бөлігін құрайды. 

Толығырақ: https://stud.kz/referat/show/32540

10.10.2023

Ұқсас сұрақтар

127,958Сұрақ
322,881Жауап
153,169Пікір
72,988Қолданушы