0 дауыс
4.0k көрілді
Шығу тегі бойынша көлдердің ерекшеліктері керек болып тұр! Таба алмай жатырмын. Тектоникалық, Жаңартаулық, Мұздық, Қалдық көлдердің ерекшеліктері

1 жауап

0 дауыс

Көлдер орналасқан ойпаңдар көл қазаншұңқырлары деп аталады. Көл қазаншұңқырлары пайда болуы жағынан бірнеше типке бөлінеді. Жер шарындағы тау жасалу үрдістері кезінде пайда болған көлдерді тектоникалық көлдер деп атайды. Тектоникалық көлдерге Сібірдегі Байкал, Тянь-Шаньдағы Ыстықкөл, Кавказдағы Севан, Алтайдағы Жайсан жатады.

Бір кездерде болған теңіз қалдықтарынан жасалған көлдерге Каспий, Арал көлдері (Тетис теңізінің қалдығы) жатады. Сондықтан бұлар қалдық көлдер деп аталады.

Сөнген жанартау кратерлерінде де көлдер пайда болған. Оларды жанартаулық көлдер деп атайды. Ява, Курил аралдарында, Камчаткада осындай көлдер көп.

Солтүстік Америка және Еуразияның солтүстігінде ежелгі мұздар жердің бетін жапқан, кейіннен оларға су жиналған. Осылайша мұздық көлдер пайда болған.

Бөген көлдер – таулардың опырылуынан тау өзендерінің бөлінуінен пайда болады. Памир тауындағы Сарез, Іле алатауындағы – Үлкен Алматы көлдері.

Толығырақ: https://ikaz.info/k-lder-zherasty-sulary-m-zdy-tar/

...