0 дауыс
405 көрілді
Үй сатып алғанда сатушы қайтадан өз үйін қайтарып ала -ала ма?

1 жауап

0 дауыс
Сатып алу – сату келісімін рәсімдеу процесін бастамастан бұрын, cіз сатып алатын үйдің заңдылығына және сатып алғаннан кейін ешқандай проблеманың туындамайтындығына көз жеткізіп алуыңыз қажет. Сондықтан, сатушыдан мынадай құжаттарды көрсетуін талап етіңіз:
– Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама беру.

Бұл анықтама үйдің кепілдікке қойылмағандығы, үйді сатуға тыйым салынбағандығы, осылайша меншік иесі өзіне тиесілі мүлікке иелік етуге толық құқының бар екендігі туралы деректі растайды.

– Пәтерге құқық орнатушы құжаттар (сатып алу-сату, айырбастау, сыйлау, жекешелдендіру келісімі; мирас етуге құқық туралы куәлік; меншік құқы туралы куәлік; жария саудалардан сатып алу туралы акт; меншік құқын растаушы, соттың күшіне енген шешімінің көшірмесі.
Электрондық тіркеуді қоспағанда, құжатта тіркеуші органның мөртабаны тұрғанына міндетті түрде көз жеткізіңіз.  Мәмілені, мұраға құқық туралы куәлікті, меншік құқығы туралы куәлікті нотариалды куәландырғаннан кейін жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеден құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне автоматты түрде түсетін құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесі негізінде жүзеге асырылады. Электрондық тіркеу кезінде құжатқа мөртабан қойылмайды.
– Пәтерге техникалық жоспар.

Нақты жоспарлау осы жоспарда көрсетілген жоспарлаумен дәл келуі тиіс. Өйтпегенде cіз қайта жоспарлауды заңдастырмай пәтерге мүлікке құқықты тіркей алмайсыз.

Осыдан кейін келісімді рәсімдеуге кірісуге болады. Егер де барлық соманы бірден төлеуге шамаңыз жетпесе, кепілақы туралы келісім жасалады.
Жылжымайтын мүлікпен байланысты, келісімнің шамамен 90% нотариалдық кеңселер арқылы жасалады. Алайда заң бойынша мұны жасау міндетті емес, келісімнің жазбаша үлгісінің өзі жеткілікті. Келісім жасалғаннан кейін сатушы мен сатып алушы өз арасында есеп айырысады. Есеп айырысқанда банктердің көмегіне жүгінген дұрыс, онда қолма-қол немесе есеп шотқа аудару арқылы есептесуге болады.

ҚР Азаматтық Кодексіне сәйкес келісім мемлекеттік тіркелгеннен кейін жасалған болып есептеледі. Яғни, нотариатта жылжымайтын мүлікке рәсімделген және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ тіркелмеген келісімнің заңды күші болмайды.
...