+1 дауыс
346 көрілді
Менің апам қайтыс болды. Оның екі бөлмелі пәтері болған еді. Қайтыс болар алдынды апам ешкімге өсиет қалдырмаған Оның жалғыз баласы, менің әкем апамның алдында қайтыс болған. Қазір апамның пәтерін оның аға-інілері бөлісе алмай жүр. Заң бойынша апамның пәтері кімге өтуі тиіс?

1 жауап

0 дауыс

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 1060-бабына сәйкес заң бойынша мұрагерлер осы кодексте көзделген кезек тәртібімен мұрагерлікке шақырылады. Ал Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 1061-бабы бойынша заң бойынша мұрагер болу құқығын бірінші кезекте мұра қалдырушының балалары, оның ішінде ол қайтыс болғаннан кейін тірі туған балалары, сондай-ақ мұра қалдырушының жұбайы мен ата-анасы тең үлеспен алады. Осы баптың 2-бөлігіне сәйкес заң бойынша бірінші кезек ретінде мұра қалдырушының немерелері мен олардың ұрпақтары ұсыну құқығы бойынша мұра алады.

1061-баптың 2-бөлігінде белгіленген норма тек осы баптың 1-бөлігінде қөрсетілген мұрагерлер мұра ашылғанға дейін немесе мұра қалдырушымен бір мезгілде қайтыс болған жағдайда ғана қолданылады.

Яғни апаңыздың жұбайы, ата-анасы болмаса және жалғыз баласы оның алдында қайтыс болса, онда заң бойынша апаның мүлкі оның жалғыз баласының балаларына (немерелеріне) өтуі тиіс. Сондықтан заң бойынша егер сіз апаның жалғыз немересі болсаңыз, онда апаңыздың пәтері сізге өтеді.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
0 жауап
Айдана 19.10.2016 Заң сұрақ қойды
0 дауыс
2 жауап
...