0 дауыс
675 көрілді
Калай үй алуға болады ,квартира сияхты уй алып ,өз уйын бөлып қолу ушун не истеу керек?

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Тұрғын үй мәселесі қазіргі уақытта ең өткір мәселелердің бірі болып табылады. Оны шешудің әр түрлі жолдары бар: сатып алу, банктердің ипотека бағдарламалары, қызметтік тұрғын үй алу, соңыра сатып алумен жалға алынған пәтерді алу, мемлекеттік бағдарлама бойынша баспана алу немесе әкімдіктен азаматтардың жекелеген топтары үшін баспана алу. Тұрғын үй алуға кезекке қою тәртібі туралы біз аталмыш мақалада айтамыз.

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алудың жалпы сызбасы мынадай түрде болады:

Әкімдікке қажетті құжаттарды жинау және беру немесе  онлайн. 

Егер құжаттарда бәрі дұрыс болса – 30 күнтізбелік күн ішінде хабарламаны алу және кезекті бақылау (оны онлайн жасау керектігін біліңіз).

Тұрғын үй комиссиясының құжаттарды қарауы және шешімді беру (қалай болатынын қараңыз).

Шарт жасасу (үлгілік үлгі қалай болатынын біліңіз) және тұрғын үй алу.

Тұрғын үйдің қандай түрлері бар?

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңға сәйкес меншік құқығына қарай тұрғын үйдің мынадай түрлері бар:

жеке тұрғын үй қоры – меншік құқығында жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлғаларға және олардың бірлестіктеріне тиісті тұрғын үй; 

- мемлекеттік тұрғын үй қоры – коммуналдық тұрғын үй қорынан тұратын және мемлекетке меншік құқығында тиісті, мемлекеттік кәсіпорыннан, сондай-ақ мемлекеттік мекеменің  тұрғын үй қорынан тұратын тұрғын үй;

- коммуналдық тұрғын үй қоры – тұрғын үйді пайдалануға ұсыну бойынша арнайы мемлекеттік мекемеге бекітілген жергілікті атқарушы органдардың (әкімдіктердің) басшылығындағы тұрғын үй.

- мемлекеттік мекемеден тұрғын үй қоры – тұрғын үйді пайдалануға ұсыну бойынша арнайы мемлекеттік мекемені қоспағанда мемлекеттік мекемелердің басшылығындағы тұрғын үй;

- мемлекеттік кәсіпорыннан тұрғын үй қоры – мемлекеттік кәсіпорынның  басшылығындағы тұрғын үй.

- сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжай – Қазақстан Республикасының азаматтарына коммуналдық тұрғын үй қорынан сатып алу құқығынсыз ақылы пайдалануға берілетін тұрғынжай.

Осылайша, ҚР тұрғын үй қоры меншіктің барлық нысандарындағы тұрғын үйлерден тұрады.  Әкімдіктен тұрғын үйді мемлекеттік қордан немесе әкімдік жалға алған жеке тұрғын үй қорынан ала аласыз.

Қызметтік баспана – мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан ұсынылатын және ҚР азаматтарын олардың еңбек қатынастарының сипатына байланысты міндеттерді орындау кезеңіне, сондай-ақ ҚР жұмыспен қамту заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға әрекеттесудің белсенді шараларына қатысатын ҚР азаматтарын орналастыруға арналған және мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан ұсынылатын ерекше құқықтық режимді баспана. Басқаша айтқанда егер сіздің ұйымыңызда осы көзделсе және қажетті шарттарға сәйкес келсе қызметтік баспана ала аласыз. Қызметтік баспана мемлекеттік мекеме қызметкері болып табылған уақытқа уақытша беріледі.

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алуға кім үміткер бола алады?

ҚР баспана алуға кезекке қою үшін тиісті елді мекенде тұрақты тұру қажет (тұру мерзміне қарамастан).

Коммуналдық немесе мемлекеттік пәтерлер коммуналдық тұрғын үй қорынан немесе жеке тұрғын үй қорынан мынадай тұлғаларға ұсынылады (әкімдіктер жалға алған пәтерлер, егер қорға кірсе):

Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне (онлайн жеңілдіктердің болуы туралы анықтама алу*);

жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;

"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға, көпбалалы отбасыларға жататын Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына беріледі. Азаматтардың аталған санаттарының жиынтық орташа айлық кірісі тұрғынжай беру туралы өтініш жасау алдындағы соңғы он екі айда отбасының әрбір мүшесіне республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшерінен төмен болуға тиіс;

республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс мөлшерінен 3,1 есе төмен отбасының әр мүшесіне баспана ұсыну туралы жүгінер алдында соңғы он екі ай үшін жиынтық орташа айлық табысы бар халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына. Ең төменгі күнкөрістің 3,1 есе мөлшерінің коэффициенті жетім-балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және мүгедек балаларға қолданылмайды;

мемлекеттік қызметкерлерге, бюджеттік ұйым қызметкерлеріне, әскери қызметкерлерге, ғарышкерлікке үміткерлерге және мемлекеттік сайлау лауазымындағыларға;

ҚР заңнамасына белгіленген тәртіпте жалғыз баспанасы апатты жағдайда деп танылған азаматтарға.

*Ескерту. Жеңілдіктердің болуы туралы анықтаманы (Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, Чернобыль АЭС апатын жоюшыларға, әскери-интернационалистерге)  онлайн алуға болады, ол үшін ЭЦҚ керек емес. Сіз  туысқандарыңызға да көмектесесіз, себебі анықтаманы тек өзіңізге ғана емес, сонымен қатар туысқаныңызға да ала аласыз.

Бұл жерде «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 69-бабына сәйкес тұрғын үйге мұқтаж болып табыласыз, егер:

коммуналдық тұрғын үй қорынан немесе мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғын үйді есепке қоюда және ұсыну сәтінде ҚР аумағында меншік құқығында тұрғын үй болмаса;

есепке қойған кезде және мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үй берген кезде осы елдi мекенде меншiк құқығында тұрғын үйі болмаса;

өздеріне берілген сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжайы болмаса;

сіздің отбасыңыз тұрып жатқан баспана белгіленген санитарлық және техникалық талаптарға жауап бермесе;

біріккен оқшауланбаған тұрғын бөлмелерде екі және одан да артық отбасы тұрса;

сіздің отбасыңызда кейбір созылмалы аурулардың ауыр нысандарымен ауыратын науқастар болса (ҚР Үкіметінде бекітілген аурулардың тізімі бойынша), онда бір бөлмеде (пәтерде) бірге тұру мүмкін емес.

Толығырақ: https://egov.kz/cms/kk/articles/receive_housing

0 дауыс
Меным 3балам бар КВ турам куйеуым жок калай Уй алсам болады
...