+1 дауыс
1.9k көрілді
Біз үйіміздің алдыңғы бөлігін бұзып, қайта тұрғызбақшымыз. Қаржылық жағынан ыңғайлы болғандықтан лай кірпішпен соғамыз деп ойлаған едік, Қазір лай кірпіштен салынған үйлерге құжаттар берілмейді деп естіп, тоқтап қалдық. Басқа кірпішке қаржы тапшы болып тұрғаны, енді не істерімізді білмей отырмыз. Араларыңызда білетіндеріңіз болса, көмектесіңіздерші.
Кесек жақсы ғой! Егер жақсы құйылса!
Белгісіз

3 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Жанкилек, негізінен ондай тәртіп бары рас. Бірақ ол қала ортасынан салынатын қабатты үйлерге жүреді. Қала сәулетіне кері әсері болмас үшін. Ал сендердің үйлеріңнің бұрыннан құжаты бар, әрі сол негізгі құрылыстың өзі де саман кірпіштен. Сондықтан оған жапсырма ретінде салынған үйді рәсімдеуде еш қиындық болмайды деп ойлаймын. Сонда да аудандық архитектура бөлімінен сұраған дұрыс болар. Бұл жерде еске алатын тағы бір жағдай, саман қыштан салынған үйлерді банк кепілдікке алмайды, сол жағы болмаса.
Кешірерсіз, лай кірпіш деген ол не?
Мәке, менімше бүкіл Азиялық архитектура жауһарларының бәріне жуығы осы бір саман кірпіштерден тұрмай ма? Сан мың ғасырлар бойы сырын бермей келе жатқан осы бір қара халыққа қол жетімді құрылыс материалдарын қолданыстан алу туралы, мына біздің құрылыс министрлігі де жоқ мемлекетімізде әңгіме көбейіп кетті емес пе? Мүмкін қарапайым баспанасыз жұртшылықты тағы да бір тығырыққа тіреудің жолы болар, болмаса Бесобада құлап қалған бесқабат ғимрат саманнан емес кәдуілгі күйген қыштан-ақ қаланып еді ғой. Есесіне ауылдардағы әкелеріміздың салған үйлерінің алды жүз жылдан асып кетті емес пе, әлі де қылшығы қисаймаған.
0 дауыс
Түһ, осындай-осындай пәлсапаны қайдан табасыңдар-ей?! Лай кірпіштен салынған үй өте ыңғайлы емес пе? Жазда салқын, қыста жылуы тарқамайтын ондай үйлерге құжат берілмейтіні рас болса, су шайып кетудің алдын алғандары шығар.
Ол не лай кірпіш деген?
қолдан құйылға кірпіш, піскен емес
–1 дауыс
Бірінші түсіндіріңіздерш, лай кірпіш деген ол не?
Менің түсінігімше лай кірпіш деген кәдімгі күйдірілмеген қыш, қалыпқа салып қолдан құятын кірпіш ше, жас кезімде талай кірпіш құйғанмын)) Кеше күн қайтқанда күрекпен үңгірлеп қазып астау жасап оған саз топырақ толтырып суды сіңгенше құйып бетіне су толтырып қоятынбыз, сосын оны таң ертен ееерте тұрып қалыппен құямыз (лай қалыпқа жабыспау үшін құм суіп отырамыз) еще ол лайды кекпенмен араластыру не реально, аяқпен мыжғылап араластырамыз, құйып болған сон қайтадан лай жатқызып кетеміз, оны кешкісін құйып кешке қайтадан, күніне шамамызға қарай 500 кірпіш құятынбыз)) Солай лай кірпіштен салынған үйлер пайда болады))
Өте тамаша жауап,Бұқтырылған лай бір бірімен жақсы бірігіп құйылған қыш шашырап кетпейтіндей мықты болу үшін оған сабан араластырады. Міне осы сабан (саман) араласуынан лай кірпішті саман кірпіш деп атау үрдіске енген.
иа, сосын кебек араластыратын да бар ғой, қалыпқа жабыспау үшін құмның орнына кебек араластыратын да бар, мал қораны сылаған да да растворға кебек араластырып жіберса сылақ на веки тұрады жаңбырдан құлап қалмай, малдарға да жылы болады ондай кірпіштен салынған қоралар
...