0 дауыс
436 көрілді
Ассаламу алайкум! Менің сұрағым бар еді. Аллах қаласа мен жақында әке болғалы жатырмын. Баламның тегіне өз әкемнің атын бермек едім.Әкемнің есімі - Әбдіғали. Бірақ менің құжатымда" Абдивалиевич" деп тұр. Баламның тегі -" Әбдіғали" болғанын қалаймын. Былтыр інім балалы болғанда ол баласының тегін "Әбдіғали" деп жаздыруға құжат берушілер рұқсат бермеді де, тегін "Абдивали" қылып жаздыруға мәжбүр болды. Сол дұрыс па? Ал егер мен баламның тегіне атамның есімін берсем ше? Әлде баламның тегі тек әкесінің құжатында көрсетілген есімдерге ғана қарап қойылады ма? Жауап күтемін. Рахмет!

1 жауап

0 дауыс
Уаъалейкуассалам онда турган ештене жок сиякты инщаллах. Меним кужатымда Мубиновичдеп тур мен Мубин Али деп койдым одан проблема жок болу керек инщаллах. Алла айелинизге женилдик берсин инщалла, аман есен босанып жаксы есим койуды Алла насип етсин, улкейгенде кызын коруди саган Алла насип етсин.
Амин бауырым! Аллах разы болсын! Сізге де сондай жақсылықтарды нәсіп етсін! Бірақ, менің сұрағым түсініксіз болды-ау деймін. Мәселе мынада ғо, менін құжатымда әкемні аты орысша жазылған, "Әдіғалиевич" емес "Абдивалиевич". Осыған байланысты інімнін баласына "Абдивали" деген тек берілді. Менің де болашақ балама осындай тек береме деген мәселе ғой.  Жауабыңызға үлкен рахмет!
...