0 дауыс
Педагогиканың негізгі ұстарымы:

А)тәрбие; В)дамыту; С)оңтайландыру; D)қалыптастыру; Е)белсендіру
07.06.2022 704 қаралым

1 жауап

0 дауыс

Әрине, тәрбие. 

Педагогика - жалпы адам тәрбиесі жайындағы ғылым. Ал тәрбие - жастарды әлеуметтік өмірге және еңбекке даярлап, оларға қоғамдық тарихи тәжірибені үйрету процесі. Педагогика бұл-адамзат ғылымының ең ежелгі және қоғам дамуының ажырамас саласы болып табылады. Себебі: педагогикалық білім ұғымы ұрпақты білімге дайындау немесе тәрбиелеумен байланысты адам әрекетінің ерекше аймағына кіреді. 

Педагогика - бала жайындағы ғылым, олай болса ол ұрпақ тәрбиесі жайындағы ілім. Адам баласының ұрпағы үнемі жаңарып, өзгеріп отырғандықтан, педагогика ілімі де үнемі өзгеріп отырады. Қазіргі кезде тәрбиенің ықпал жасау аясы кеңейе тусуде. Педагогиканың ғылыми таным саласы - тәрбие.

26.10.2022

Ұқсас сұрақтар

127,958Сұрақ
322,879Жауап
153,169Пікір
72,987Қолданушы