0 дауыс
440 көрілді
баяндаманың тақырыбы'' молекулалық физиканың басқа пәндермен байланысы''  еді

1 жауап

0 дауыс

Пәндерді өзара байланыстыра оқыту педогогикада жаңа бағыт емес.Бұл туралы педагогтар Я.Коменский,И.Песталоцци,К.Ушинский т.б. өз еңбектерінде келелі ойлар айтқан.Оқыту үдерісінде пәнаралық байланысты қолданудың теориялық мәселелері Г.Батурина,Ш.Ганелин, И.Зверев, П.Кулагин  т.б.шығармаларында әдістемеләк тәсілдерді Н.Лошкарева, А.Усова , В.Федерова , А.Пинский ,А.Бейсенбаева, Ә. Көшеров т.б зерттеулерінде баяндалған.

Бұлардағы барлық  ой-пікірлер , зерттеу нәтижелері пәнаралық байланыстың білім беруде ,тәрбиелеуде және ой-жүйені дамытуда маңызы зор.

Мысалы  физика мен химия пәндерін байланыстыраып оқытудың аса тиімді екендігі-олардың ортақ ұғымдар мен заңдарға негізделгендігімен түсіндіріледі .Осы тұрғыдан алғанда, екі пәннің байланысын тереңдете зерттеу қазіргі білім берудің негізгі мәселелерінің тізіміне жатады.Бұл бағытта ғалым – әдіскерлерЛ.Загрекова,Л.Уфимцева,Б.Яворский,Е.Менченко т.б. еңбектерінде құнды ұсыныстар берілген.

Дегенмен,физика мен химия арасындағы пән аралық байланыстар мәселесі толығымен шешімін тапты деп айтуға болмайды.Сондықтан мұндай пәнаралық байланысты жүргізудің әдіс-тәсілдерін оқыту үдерісінде жүйелі түрде пайдаланып,унемі дамытып отыру қажет.

Төменде,осы екі пән арасындағы байланыстарды жүзеге асырудың кейбір мәселелеріне тоқталып өтейін.

   1.Екі пәнге де ортақ болатын теориялардың,ұғымдардың,құбылыстар мен оқулықтар бойынша жүйелеу тәсілі.

Жүйелеудің белгілі бір тарауға әлде тақырыпқа кірісер алдында ,немесе оны аяқтағаннан кейін жүргізу керек.Жүйелеуді олардың негізгі белгілеріне байланысты сызба, кесте немесе диаграмма түрінде көрсеткен тиімді .Себебі осындай жағдайда нәтижелерді өңдеуге ,өзара салыстыруға мүмкіндік болады.Төменде , тарау бойынша элементтік талдау арқылы жүйелеудің бір үлгісін көрсетіп отырмыз(1-кесте).

Кестені ары қарай жалғастыра беруге болады.Сонда мына төмендегі ұғымдар мен құбылыстарды көрсету орынды.Олар:атом ядросы, изотоп, энергетикалық деңгей,электрондар қозғалысы,элементтердің периодтық жүйесі,атом құрылысы,байланыс түрлері,кристалдық тор,электролиз,парциал қысым ,беттілік керілу ,т.б.

Пән оқулықтарындағы мұндай ұқсастықтар мен айырмашылықтарды тауып кестеге толтыруды оқушылардың өздеріне үйге тапсырма ретінде беруге болады .

2.Екі пәнге де ортақ ғымдар,заңдар және құбылыстарды жүйелеу тәсілі.

Мұнда кестенің бір бөлігіне ұғымдар ,екіншісіне заңдар т.с. толтырылады.Ондай  тапсырманың үлгісі 2-кестеде көрсетілген

3.Пәнаралық байланысқа есептер шығарту және сұрақтарға жауап алу негізінде жүйелеу тәсілі.

     Берілетін есептер немесе жауап алатын сұрақтар пәнаралықбайланысқа негізделген болу керек.

      Талдау сұрақ.Физикадан ‘’Термодинамиканың бірінші бастамасын’’өту кезеңінде мына химиялық реакцияны мысал келтіріп жазамыз .

.

Мұндағы Q – реакция кезінде бөлініп шығатын жылу мөлшері . Оқушылардан осы реакция кезінде жылу бөліну себебін талдауды сұраймыз.Сонда оқушылар физика және химиядан алған білімдеріне сүйеніп жасаған ой –талдаулары мынадай мазмұнды болуы мүмкін.’’Ішкі энергияның өзгеруі химиялық байцланыстардың үзілуінен ,реакцияға түсетін зат көлемін өзгерту қажетіне жұмыс есебінен болады’’

Сабақ барысында физика мен химияны байланыстырудың жүйелеу тәсілдерін қолдану нәтижелері,оқушылардың алған білімдерінің  терең де сапалы болатындығын көрсетіп отыр.

 Толығырақ: https://oqu-zaman.kz/?p=2838

...