0 дауыс
11.2k көрілді
2.Орталақ азияның ертедегі дәстүрлі  өркениетінің тарихы туралы жазба  деректердің негізі  топтарың атап көрсетіңіз

2 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Орталық Азия өркениеттерінің ежелгі ошақтары

Маргуш

Маргиана - Орта Азиядағы ежелгі обылыстың аты. Мургаб өзенінің бойында орналасқан. Маргиана бастыста Парфиямен, солтүстік-шығыста Соғдамен, шығыста Бактриямен, оңтүстіктеАреямен шектесті. Саргиана астанасы Ежелгі Мерв аймағында болды.

Шаш

Ташкент қаласы Шыршық өзенінің бойындағы, Гүлстан тауларының етегіндегі шұраттағы (оазис) елді мекен ретінде пайда болған. Көне замандарда осы жерде «Бейтиəн», Қангөй конфедерациясының жазғы астанасы орналасқан.

Шаш патшалығының б.з.д. 5-ші-3-ші ғасырларда соғылған басты қаласының қамалының пішіні төртбұрышты болған, ол Сырдария өзенінен 8 километр оңтүстікте орналасқан. Б.з. 7-ші ғасырында Шаш патшалығында шамамен 30 қала мен 50 шақты каналдың желісі болған, соның арқасында ол соғдылықтар мен түркілердің арасындағы сауда орталығына айналды. 8-ші ғасырдыцң алғашқы бөлігінде қала мұсылмандардың билігіне өтті.

Соғды

Соғды, Сугут, Согдиана — қазіргі Тәжікстан және Өзбекстан республикалары аймақтарындағы Зеравшан және Қашқадария өзендерінің алабында орналасқан ежелгі тарихи аймақ.Орталығы Марқанд (Самарқанд) қаласы болды. Б.з.б. 6 — 4 ғасырларда Ахемен мемлекетінің құрамына кірді. Соғдылықтар парсы патшаларына күмістен салық төлеп, қымбат бағалы тастар жеткізіп тұрды, ірі әскери күштер берді. Б.з.б. 329 — 28 ж. С. тұрғындары Спитаменнің басшылығымен Александр Македонскийге күшті қарсылық көрсетті. Кейіннен Селевки әулеті, Грек-Бактрия мемлекеттері мен Кушан патшалығының құрамына енді. 4 — 5 ғасырларда ақ ғұндарға, 6 — 7 ғасырларда Түрік қағандығына бағынды.

Ферғана

Ферғана - тау арасындағы ойпат. Бұл жерге су Сырдариядан тартылған. Ферғана ахеминидтік және Александр Македонский империяларының құрамында да болған. Б.з.б 3-5 ғасыырларда оны өз билеушілері басқарғвн. Сыма Цаньның дерегі бойынша 70 жуық қала орналасқан аймақ

Хорезм

Хорезм — Әмударияның төменгі ағысында орналасқан тарихи өлке. Хорезм жөніндегі алғашқы деректер Дарий Қ-нің Бехистун сына жазуы мен Авестада кездеседі. Көптеген зерттеушілер Хорезмді бірінші зороастризмдік ел-авесталық Арьянам-войчахпен де байланыстырады. Хорезм тарихын зерттеуге 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың бас кезінде көрнекті шығыстанушы ғалымдар — В.В. Бартольд, Н.И. Веселовский, А.Ю. Якубовский елеулі үлес қосты. Хорезм тарихын зерттеудің жаңа кезеңі 20 ғасырдың 30-жылдарында С.П. Толстов бастаған КСРО ғылым академиясының Хорезм археолагиялық-этнографиялық экспедициясының жұмысымен басталды. Хорезмнің ең ежелгі археологиялық ескерткіштері неолит дәуіріне жатады.

0 дауыс
Орталық Азияның ежелгі өркениеттері маргуш? фергана ?шаш? согды қалалары
...