Биология сұрақ қойды
санатын ауыстырды | 587 қаралды
587 қаралды
№1 билет
Адам туралы ғылымдар: анатомия, физиология және гигиена. Анатомия және физиология ғылымдарының дамуына қысқаша шолу. Салауатты өмір салты туралы түсінік.

Жүйке жүйесінің бөлімдері.Жұлын. Жұлыннан шығатын жүйкелер.
Жұлынның маңызы, оның рефлекстік жəне өткізгіштік қызметі.

Мына терминдердің түсіндірмесін бер:
Авитаминоз, гормондар, донор,нейрон, пепсин.

                                                                    №2 билет
Ішкі  мүшелердің  топографиясы. Мүшелер мен мүшелер жүйелері .

Қанайналым. Қанайналымның үлкен және кіші шеңберлері. Лимфаайналымы.
Мына терминдердің түсіндірмесін бер:
Атавизмдер, гипертония, лейкоциттер, нефрон, химозин.

                                                     
№3 билет
Жасуша мен оның органоидтерінің құрылысы.

Вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдері, олардың құрылысы мен қызметі.

Мына терминдердің түсіндірмесін бер:
Альвеолдар, гемофилия, иммунитет, мальтаза, нейрон.

                                                                           №4 билет
Жасушаның тіршілік қасиеттері.
Сезім мүшелері және анализаторлар туралы түсінік. Анализаторлардың қасиеттері, олардың маңызы және өзара байланысы.

Мына терминдердің түсіндірмесін бер:
Рефлекс, фагоцитоз, жүйке синапсы, артерия, гипопония.

                                                                          №5 билет
Жасушаның химиялық құрамы.

Көру мүшесі. Көздің құрылысы мен қызметі. Көру гигиенасы.
Көз зақымданғанда көрсетілетін алғашқы көмек.
Мына терминдердің түсіндірмесін бер:
Миокард, птиалин, тітіркенгіштік, тироксин, капиллярлар.

                                                                         №6 билет
Адамның негізгі ұлпалары: эпителий, дəнекер, бұлшық, ет, жүйке.

Есту мүшесі және есту анализаторы.  Есту гигиенасы.
Есту мүшелерінің аурулары, олардың алдын алу.

Мына терминдердің түсіндірмесін бер:
Микседема, өкпенің тіршілік сыйымдылығы(ӨТС), инсулин,реципиент,физиология.

                                                            
№7 билет
Гуморальдық реттелу. Шамадан тыс бұлшық ет  əрекетінің  жүрек  пен  қантамырларына  əсері.  Жүректі  жаттықтырудың  маңызы.

Тепе-теңдік мүшелері: вестибула аппараты.  Сипап сезу, иіс сезу, дәм сезу мүшелері және олардың анализаторлары. Бұлшық ет сезімінің рөлі. Анализаторлардың өзара әрекеттесуі.
Мына терминдердің түсіндірмесін бер:
Анатомия, пульс, психика, уролог,көмірсулар.

                                                                              №8 билет
Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі. Қалқанша бездің қызметі бұзылуының аурулары Қалқанша маңы бездері, тимус және бүйрекүсті бездері.

Қанның тамырлардың бойымен қозғалуы. Қанның артериялық қысымы. Миокард инфаркті.  Тамырдың соғуы (пульс). Организмде қанның қайта таралуы.

Мына терминдердің түсіндірмесін бер:
Гигиена, цистит, гипофиз, адреналин, тимус.

                           
№ 9 билет
Жүрек және қан тамырлар жүмысының реттелуі. Жүрек жұмысының  автоматизмі. Орталық жүйке жүйесінің қатысуымен жүрек жүмысының рефлексті реттелуі.

Сіңір созылғанда, буын шыққанда және сүйек сынғанда көрсетілетін алғашқы көмек.

Мына терминдердің түсіндірмесін бер:
Ұлпалар, дендриттер, рецептор,сколиоз, кардиолог.

                                                                      №  10 билет
Аралас бездер.  Ұйқы безінің  инсулин гормонының қандағы  глюкоза мөлшерін реттеудегі рөлі .  Қантты диабет .  Бүйрек үсті бездері, гипофиз, қалқанша без және жыныс бездері гормондарының жыныстық жетілуді реттеудегі рөлі.

Өкпенің құрылысы және қызметі. Өкпедегі және ұлпалардағы газ алмасу.

Мына терминдердің түсіндірмесін бер:
Остеондар,альбуминдер, оксигемоглобин, диафрагма, окулист.

                                                                       №  11 билет
Жүйке жүйесінің маңызы, оның құрылысы және қызметі. Нейронның құрылысы: нейрон денесі, дендриттер, аксон, рецептор, синапс. Қозу және тежелу. Рефлекс және рефлекстік доға. Жүйке жүйесінің орталық және шеткі бөлімдері.

Жыныстық жолмен берілетін аурулар: ЖИТС, мерез, гонорея

ЖИТС-тің (жүре  пайда  болған  иммундық  тапшылық синдромы ).
(СПИД)  алдын  алу.

Мына терминдердің түсіндірмесін бер:
Туберкулез, витаминдер, муцин, ұлтабар, дерматолог.

                                                                      №  12 билет
Ми. Мидың сұр жəне  ақ  заттары.  Мидың  қыртысы  жəне  ядролары,  мидан  шығатын 12 жұп  жүйкелер. Мидың  бөлімдері,  олардың  құрылысы  мен  қызметі:  сопақша  ми,көпір,  мишық,  ортанғы  жəне  аралық  ми,  үлкен  ми  сыңарлары.

Тамақтану гигиенасы. Асқазан – ішек ауруларының алдын алу.

Мына терминдердің түсіндірмесін бер:
Ферменттер, жүрек автомотизмі, аппендикс, гемоглобин, гематолог .

                                                                   
№  13 билет
Ми  бөліктері жəне  үлкен  ми  сыңарлары  қыртысының  аймақтары:  қимыл-қозғалыс,  тері-бұлшық, ет, көру, есту, иіс сезу, дəм сезу. Еркін қозғалысты қамтамасыз етуде маңдай бөлігінің  рөлі.

Асқорытудың маңызы. Тағамдық өнімдер және қоректік заттар: нәруыздар, майлар, көмірсулар, витаминдер, су, минералды тұздар. Тағам-денсаулықтың аса маңызды экологиялық факторы. Тағамдық өнімдердің экологиялық тазалығы.

Мына терминдердің түсіндірмесін бер:
Гликоген, рахит, энурез, лизоцим, анализатор .

                                                                       №  14 билет
Қаңқа бөлімдері. Қаңқада сүйектердің байланысуы. Сүйек типтері және олардың байланысуы.Буындардың құрылысы.

Тыныс алудың маңызы. Тыныс алу мүшелері: ауа тасымалданатын жолдар және өкпе. Мұрын, аңқа,жұтқыншақ, көмекей,кеңірдек және негізгі бронхылар, олардың құрылысы мен қызметі.

Мына терминдердің түсіндірмесін бер:
Рудименттер,   шартты рефлектер, инстинк, қан ,қоректік заттар

                                                                         №  15 билет
Сүйектердің құрамы, құрылысы,олардың пішіндері және  қызметі.

  Сіңір созылғанда, буын шыққанда және сүйек сынғанда көрсетілетін алғашқы көмек.

Терінің құрылысы: эпидермис, нағыз тері (дерма), майлы шел қабаты, олардың қызметі. Тері туындылары: шаш және тырнақтар. Терінің типтері. Тері күтімі.

Мына терминдердің түсіндірмесін бер:
Кретинизм, лизосомалар, венулалар,өт, ацетилхолин.

                                                                             №  16 билет

Бұлшық ет, оның типтері, құрылысы және маңызы. Адам организміндегі бүлшық еттердің негізгі топтары. Бүлшық еттердің жүмысы.
Астың ауыз қуысында қорытылуы. Тістің құрылысы мен қызметі, сүт тістердің түрақты тістермен алмасуы. Тістің күтімі. Астың корытылуында сілекейдің маңызы. Жұту. Жұтқыншақ бадамша бездері, олардың қызметі.

Мына терминдердің түсіндірмесін бер:
Эпикард, анемия, фибриноген, бицепс, жүрек

                                                                           №  17 билет

Организмнің ішкі ортасы және оның маңызы Қанның құрамы мен қасиеттері.

Қанның  ұюында  тромбоциттердің  рөлі

Тыныс алу мүшелерінің аурулары: тұмау, өкпе туберкулезі- ауа арқылы берілетін аурулар. Кох таяқшасы-туберкулездің қоздырушысы. Өкпе рагы.  Тыныс алу гигиенасы.  Жасанды тыныс алдыру

Мына терминдердің түсіндірмесін бер:
Мүшелер, гипервитаминоз, митохондрия, пластикалық алмасу, қажетсіну

                                                                                      
№  18 билет

Эритроциттердің оттек пен көмірқышқыл газын тасымалдауы.
Гемоглобиннің рөлі.  Артериялық  жəне  веналық  қан.

Тыныс алу қозғалыстары, олардың  реттелуі.Тыныс алу орталығы.Қорғаныш рефлекстері: жөтелу және түшкіру.  Өкпенің тіршілік сыймдылығы. Тыныс алу мүшелері зақымданған жағдайда алғашқы көмек көрсету.

Мына терминдердің түсіндірмесін бер:
Эндемиялық зоб, рефлекс доғасы, энергетикалық алмасу, адреналин, ДНҚ.

                                                                                №  19 билет

Лейкоциттер, олардың құрылысы мен қызметі. И.И.Мечников, фагоцитоздың ашылуы. Қабыну процестері.

Ас қорыту жүйесі: ас қорыту жолы, ауыз қуысы, жүтқыншақ, өңеш, асқазан, ішек; ас қорыту бездері (сілекей бездері, асқазан бездері, үйқыбез, бауыр, ішек бездері).

Мына терминдердің түсіндірмесін бер:

Биосинтез, бейорганикалық қосылыстар, қанайналым, қолқа, липазалар.

                                                                        №  20 билет

Жүректің құрылысы. Жүрекшелер мен қарыншалардың рөлі. Жүрек қақпақшалары. Жүрек жүмысының кезеңдері. Қан тамырлары: артериялар, капиллярлар, веналар. Веналық қақпақшалар.

Витаминдер. Авитаминоздар: ақшам соқыр, бери-бери, қырқұлақ  және мешел аурулары. Гиповитаминоздар. Гипервитаминоздар. Тағам құрамындағы витаминдерді сақтау.

Мына терминдердің түсіндірмесін бер:
Эпидермис, күйік, буын, альвеолалар, сыртқы тыныс алу.

                                                                         №  21 билет

Терінің құрылысы: эпидермис, нағыз тері (дерма), майлы шел қабаты, олардың қызметі. Тері туындылары: шаш және тырнақтар. Терінің типтері. Тері күтімі.Тері аурулары . Паразиттік саңырауқұлақтар тудыратын тері аурулары. Қышыма қотыр ауруы т.б.. Жылу өту, күн өту және үсу,күю кезінде көрсетілетін алғашқы көмек. Терінің және киімнің гигиенасы.

Зәр шығару жүйесінің құрылысы мен қызметі.Зәр түзілу механизмі. Бүйрек ауруларының алдын алу. Бүйрек ауруларының себептері. Спиртті ішімдіктің зияны.  Су  және минералды заттардың организм үшін маңызы. Су ішу режімі.

Мына терминдердің түсіндірмесін бер:
РНҚ, спирометр, никотин, дизентерия, рефлекс .

                                                             
№  22 билет

Капиллярлық, веналық және  артериялық қан кетуде көрсетілетін алғашқы көмек. Аяқ-қол қан тамырлары зақымданған кезде жгутты пайдаланып көмек көрсету. Мүрыннан қан кеткенде көрсетілетін алғашқы көмек.

Көбеюдің маңызы, көбею мүшелерінің құрылысы мен қызметі. Жыныс хромосомалары. Аналық жыныс жүйесі. Жұмыртқа жасушасының дамуы. Аталық жыныс жүйесі. Сперматогенез.Ұрықтану.Жүктілік.Ұрықтың жатыр ішінде дамуы.
Мына терминдердің түсіндірмесін бер:

Сөл, дерма, кальциферол, аминқышқылдары,  бүйрек.

                                                                            №  23 билет

Мінез құлықтың  туа  біткен  түрлері:  шартсыз  рефлекстер,  инстинктер.  Мінез-құлықтың  жүре  пайда  болған  түрлері:  шартты  рефлекстер,  динамикалық стереотип,  ақылды  іс-əрекет.

Иммунитет.  Иммундық  жүйенің  мүшелері:  қызыл сүйек  майы,  тимус,  лимфа  түйіндері.  Иммундық  реакция.  Антигендер  жəне антиденелер.

Қан топтары. Қан құю. Резус-фактор.

Мына терминдердің түсіндірмесін бер:
Ішкі секреция бездері, пульс, көздің қосалқы мүшелері, гомеостаз, эндокринолог.

                                                                           №  24 билет

Адамның жоғары жүйке  əрекетінің  ерекшеліктері.  Сөз,  сана,  еңбек  əрекеті.
Зейін және есте сақтау. Зейіннің ауытқуы. Ұмытшақтық және жинақылық. Зейіннің алмасуы. Күн тәртібі.

Дене сымбатының бұзылуы мен жалпақтабандылық қалыптасудың алдын алу. Гиподинамияның салдары. Қаңқа мен бұлшық еттің дұрыс қалыптасуына жаттықтырудың әсері.
Мына терминдердің түсіндірмесін бер:
Антиденелер, әмбебап донор, лимфа, қаңқа , оториноларинголог.

                                                                  
№  25 билет

Астың асқазанда қорытылуы. Асқазан сөлі ферменттерінің нәруыздарға әсері. Ұйқыбез сөлі мен бауырдан бөлінетін өттің әрекетінен астың ұлтабарда қорытылуы. Астың ашішекте өзгеруі.

Ұйқы  жəне  оның маңызы. Ұйқының кезеңдері. Баяу ұйқы, тез ұйқы. Түс көру.

Мына терминдердің түсіндірмесін бер:
Резус-фактор,әмбебап реципиент, қан , сіңір,невропатолог.

1 жауап

жауап берді
Жақсы жауап таңдады
жауабы биология кітабында, кітапты ашып оқып дайындал

Сіздің жауабыңыз

Есіміңіз:
Құпиялық: Email поштаңыз тек сізге хабарлама жіберу үшін ғана қолданылады
Спамға қарсы тексеру:
Он бірге бесті қосыңыз?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
117,642 сұрақ
302,058 жауап
153,341 пікір
64,825 қолданушы