0 дауыс
329 көрілді
Біз ата енемізбен тұрамыз .мен бірге тұрғандықтан қайнымдарым қайын сіңілілерім мені сыйламайды тілімді алмайды ал баска абысыным келсе соларды айналшықтап шықпай сол қызық боп тұрады мені мүлдем байқамай қалады үйдегілер , сонын тамағы дамди болып тұрады оларға. Бір сөзбен айтқанда қадірім кетті. Аяғым ауыр сондықтандама тез ашуланып кетем кейде жылап аламын не істесем болады? Енемде соның ата анасының асты үстіне түседі . Соған подарка істеп айтеуир уйине заттарын аперип жүреди

1 жауап

0 дауыс

Сіз ешкімге жағуға міндетті емессіз ғой, сізді солардың барлығы жақсы көруі міндетті емес. Негізі кім өзіне қай дәрежеде араласуға рұқсат береді, барлығы сол дәрежеде қарым-қатынас жасайды. Қазір үйде отырып өзіңіз шаршап жүрген шығарсыз. Балаңызға зиян тигізбеуге тырысыңыз. 

Дәрігермен кеңесіп, нерв тыныштандыратын балаға зияны жоқ витаминдер алып ішіңіз. Жұбайыңыз түсінетін болса онымен бөлісіңіз,  күнде кешкісін үйден шығып аулада серуендеп ой бөліп қайтыңыз. Бастысы біреуге жағу емес, өзіңіздің , ішіңіздегі балаңыздың амандығын ойлау.

Ұқсас сұрақтар

...