+2 дауыс
3.7k көрілді

Мен күйеуiмен көп ұрсамын, ол менi ұрыпта алады, арамыз суып кеткен. Ол сені сүйемiн дейді, ажырассам балам кiмде қалады? Ол өзiне қол жұмсаған, мен ол ұрганнан кейін кетiп қалғаным үшiн. Ол больница да жатқанда мен телефонда жiгiттермен сөйлескем, бiрақ ешкандай қатынаста болмағам, кездеспегем де. Күйеуiм оны бiледi, баланы сот арқылы алып қойам деп қорқытады. Қайтерiмдi бiлмей жүрмін. Тез арада жауап берулерiңiздi өтiнемін, не істесем болады? 

p.s. Кері байланыс арқылы келген хат екен. Кім екендігі көрсетілмеген, сайтта жарияласаңыздар деп өтініш қылыпты. 

p.s.s. @Jako және @Ақсақал ағалар өзіңіз ақылдарыңызды айтып кетсеңіз. Біз үшін өте қиын тақырып екен.

4 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Айналайын! Өзіңнің айтуыңа қарасам,жолдасыңды сүймейтін сияқтысың. Ал жолдасың сені сүйетін болса, неге қол жұмсайды; себебі болу керек ғой. Менің ойымша оған себеп: сенің жігіттермен қарым қатынасың.Ер адамға ең қиын жағдай әйелінің сатқындығы. Егер сен олай жасамаған болсаң, "сүйем" дей тұра саған күш көрсетеді, өзіне қол жұмсайды, осыны ойландың ба? Араларыңда бала бар екен, оның тағдырына екеуің бірдей жауаптысыңдар, құқықтарыңда бірдей. Сотқа арыз берсең, қайсыңның материалдық жағдайларың жақсы соған қарайды, Моралдық азғындық жолға түсу мәселесі қаралуы мүмкін. Он жасқа дейін бала негізінен анасымен қалады, он жастан кейін сот баланың өз пікірімен санасуы керек, яғни кіммен қалам десе сонымен қалу керек. Дегенмен, күйеуің екеуің әліде болса ашық сөйлескендерің дұрыс. Бала тағдыры ойыншық емес, ойланыңдар!
+1 дауыс
Мен өз ойымды айтып көрейiн қалғанын ақсақалдар қауымы толықтыра кетер...
Негiзi көп жасағаннан емес, көптi көргеннен сұра деп жатады ғой, осы мақалды мен сияқтыларды меңдеп шығарған )
 Сiздi қәзiргi жағдайда ұстап тұрған бала, немесе әлдеқашан ажырасқан болар едiңiз, бала кiмде қаларын заңнан хабары барлар айта жатар... Менiң сөздерiм қатты тиiп жатса алдын ала кешiрiм сұраймын сiзден... Еркектi адам қылатын да, ада қылатын әйел, қыз бала тұрмысқа шыққаннан соң, ойлану керек, ақыл тоқтату қажет, тыйылу қажет. Күйеуiңiз не үшiн ұрғанын бiлмедiм, бiрақ оныңда бiр себебi бары анық. Күйеуiңiз сiздi жақсы көретiнi көрiнiп тұр. Сiз күйеуiңiздi сыйламайсыз, мүмкiн күйеуiңiзде сыйламас. Сiз қай оймен күйеуiңiз ауру ханада жатқанда, басқа жiгiттермен сөйлестiңiз? күйеуiңiзге қиын қылғыңыз келдi ғой. Сiз өзiңiздi құрметтемейсiз, өзiн құрметтемеген адам басқаларын құрметтеуi де екi талай... Сыйластық болмаған жерде, жақсы отау болады деп ойламаймын. Сiзге айтар ақылым ажырасыңыз ия ажырасыңыз, бұлай жалғаса берудiң мәнi жоқ, тек өздерiңiздi қыйнағандарыңыз қалады, себебi қыш қалыптан жылжып болған, ендi арада сенiм болмайды. Мен тек балаға жаным ашыйды тiрi жетiм болып қалатыны үшiн...
0 дауыс
Баланы сот арқылы анасынан айыру мүмкін емес. Ананың әкеге қарағанда құқығы мол, сондықтан ажыраса қалған жағдай баланың сізде қалатынына күмәніңіз болмасын.

Ажырасып жаңа өмір бастауды ұсынамын. Уақыт - қымбат, бәріне үлгеріп қалуыңыз керек. Егер күйеуіңіз өз еркімен түсінбес болса.
0 дауыс
ЕР АДАМ  КӨШЕНІҢ АДАМЫ КОШЕДЕН ЖАНУЯСЫНА ТАПҚАНЫН ТАСЫЙДЫ ,,,

ЖАНҰЯСЫ ЕР АДАМНЫҢ ДЕМ АЛАТЫН ЖЕРІ , ӘЙЕЛІ СОЛ ДЕМ АЛАТЫН ОРЫННЫҢ БАСТЫГЫ ,

 ӘЙЕЛ КҮЙЕУІН ЖАНУЯСЫНДА ЖАКСЫ ДЕМ АЛДЫРЫП КОШЕДЕН ЖАКСЫ ТАБЫС ТАУЫП КЕЛУНЕ РҰУХЫЙ КҮШ БЕРІП ОТЫРЫУЫ КЕРЕК,   

ӘЙЕЛ АДАМ ҰМЫТПАУЫ КЕРЕК  - ЖАНҰЯСЫН КҮЙЕУІ ҮШЫН  ӘЛЕМДЕГІ      1-ШІ НОМЕРЛІ ДЕМ АЛАТЫН ОРЫН ЕТІП КОЯЫУЫ КЕРЕК ,  ОНДАЙ КЫЛМАСА  КҮЙЕУІ БАСКА  ДЕМ АЛАТЫН ОРЫН ІЗДЕЙ БАСТАЙДЫ, !!!
...