0 дауыс
758 көрілді
Менің руым құлшығаш қызым жалайыр мамасы құлшығаш не істесек болады

2 жауап

0 дауыс
Ислам дінінде үйленуде кездесетін кедергілер үнемі және уақытша болып екіге бөлінеді. 1). Үнемі үйленуге тыйым салынған адамдар мыналар: а). Бірге туғандар: шеше, апа, қыздар, немерелер, қарындастар, іні және қарындастардың қыздары, немере әпкелер мен нағашы әпкелер. ә). Сүт жақындары: қан жағынан харам болғандар сүт жағынан да харам болады. Басқаша айтқанда «сүт емген адамның өзі сүт емізген әйелдің ұрпағына харам болады». Бұл үкім бойынша бөтен бір әйелден сүт емген бала, осы сүтін емген әйелдің туған баласындай болады да, туған балалар отбасында кімдермен үйлене алмайтын болса, сүт емген бала да солармен үйлене алмайды. Бірақ сүт емген баланың жұбайы мен балаларынан басқа отбасы мүшелері мен сүт ананың жақындары арасында үйленуге кедергі болмайды. б). Үйлену арқылы пайда болған жақындар: өгей шеше, келін, қайын ана және өгей қыздар. Жоғарыда айтылған адамдарға үйленуге мәңгілік тыйым салынады[1]. 2). Кейбір әйелдерге уақытша үйленуге болмайды. Бұларды бес топқа бөлуге болады: a). Неке жалғасқан сайын әйелінің сіңлілеріне үйленуге болмайды. Әйелі қайтыс болса немесе ажырасқан жағыдайда әйелінің иддәт мерзімі аяқталғаннан кейін еркек бойдақ не жесір халдегі балдызына үйлене алады. ә). Әйелді немере әпкесі немесе нағашы әпкесімен бір некенің астында ұстау. Хадисте былай делінеді: «Бір әйел мен оның нағашы әпкесі мен немере әпкесі бір некеде бола алмайды»[2]. б). Дін айырмашылығы. Мұсылман әйел атеист еркекпен, дінсіз адамға үйлене алмайды[3]. Мұсылман еркек християн немесе яһуди әйелге үйленуі жәиз [4]. Шәфии мен Мәликилер християн және яһуди әйелге үйленуді мәкрүһ дейді. в). Үш рет талақ еткеннен кейін туындаған үйлену кедергісі. Ислам дінінде еркек әйелін үш рет қана талақ ете алады. Мұндай жағдайда әйел басқа бір еркекпен үйленіп, ол неке бұзылмайынша бұрынғы күйеуімен үйлене алмайды. г). Басқа біреумен некеде тұрғаннан туған үйлену кедергісі. Ислам діні әйел үшін бір ғана некеде болуды бұйырған. Сол себепті әйел үшін некеде болу басқа бір неке құруға уақытша кедергі болады[5]. ғ). Иддәтке (Күйеуінен ажыраған әйелдің үш рет хаиз болып тазаланғанға дейінгі өтетін уақыт) байланысты үйлену кедергісі. Неке өлім, ажырасу немесе фәсх себептерінің бірімен бұзылған жағдайда әйелдің қайтадан тұрмысқа шығуы үшін күтуге міндетті болған мерзімін «иддәт» деп айтады. Әйел иддәт біткен соң ғана басы бос болып, қайта тұрмысқа шыға алады.

Толығырақ: https://ummet.kz/surak-jauap/355-surak-jauap/5028-islam-dini-bojynsha-jlenuge-andaj-zha-dajlar-kedergi-bolady.html
0 дауыс
7 ата сақтағысы келген қазақтар әкесі жағынан қараған, ал сенің қызың жалайырғой. Әлде , Қан және сүт жағынан жақындық барма ?
...