Қыз бала:
Сәлем берем, сәлем беру салтымыз,
Сәлемменен сөз бастаған халқымыз.
Аман – есен жүрмісіздер жалпыңыз.
Армысыздар, жиылған жұрт халқымыз
Ұл бала:
Аманбысың ағайын құрбы құрдас.
Тілегі бір замандас ізгі сырлас
Кезекті берейік танысуға
Біз келдік ЭЕТ-дан сайысуға
Ұл бала:
Қасымда жұбым бар Шолпан атты
Сұлу да сымбатты, инабатты
Ортаға қол ұстасып шыққан кезде
Талай адам тамсанып таңдай қақты
Ұл бала:
Жүзіңде күннің нұры ұялаған
Мұндай жан жер бетінде туылмаған
Көркіңде тұрар мәңгі арай шашып
Танысыңдар міне Шолпан осындай жан
Қыз бала:
Бектас тұр жанымда жарқыраған
Жүрегі ақ көңіл аңқылдаған
Армандап талай жандар бір көруге
Аңсау менен түндерді таңды атырған
Қыз-ұл бала:
Ортаға қол ұстасып біз шығайық
Өмірдің шапағатын біз құрайық
Көрсетіп өнерлерді барша жұртқа
Иемденіп бас жүлдені біз алайық
Толығырақ: https://surak.baribar.kz/215489/