0 дауыс
497 көрілді
Бетм толқтау диета ұстап арқтатуга болама әсері тиеме

1 жауап

0 дауыс

Көптеген қыздар салмақ қосқанда беттері тола бастайды. Бетті арықтату үшін қандай диета ұстанып, қандай жаттығулар жасау керек?

Күніне 2 литр су ішіңіз

Суды қажетті мөлшерде ішу арқылы сіз ағзаңыздан артық улы заттарды шығарасыз. Осылайша беттің, қол-аяқтың ісінуінен сақтанасыз. Ал бұл беттің дөңгелектенуінің бірден-бір себебі.  Газдалмаған минералды су не жасыл шай да ішсеңіз болады. Әрине басқа сусындар да шөлді қандырады, алайда олар таза судың пайдасымен салыстыруға келмейді және олардың құрамында калорий көп болады.

Көкөніс пен жемістер күніне 3 рет

Осы ережені ұстанған жандар салмақ тастаудан басқа амалы қалмайды. Көкөніс пен жемістердің құрамында шырын көп болады, сондай-ақ олар клетчатка мен дәрумендерге бай. Бір алма, сәбіз салаты қарныңызды тойдырып, тәттшоколад пен тіскебасарлардың әсерінен сақтайды. Жұмыс орныңыздағы тіскебасарлар тек жеміс пенкөкөністер болсын.

Кальцийді көптеп қабылдаңыз

Күніне кем дегенде 1,2 мг кальцийқабылдасаңыз, арықтау процесі тезірек жүреді екен. Ол үшін күнделікті 3 стақан сүт не 800 грамм ірімшік жеу керек екен. Кальций сүтті тағамдардың барлығында, балықта көп болады. Кепкен жемістер мен жаңғақтар да қажетті кальций шамасымен қамтамасыз ете алады. 

250 калорий ережесі

Екі аптада 1кг тастау үшін, аптасына 3500 калорийдан арылуыңыз керек. Күніне 500 калорий деп есептесек, оның жартысы физикалық жаттығу есебінен, екінші жартысы рационнан болуы керек. 500 калорийді 30 минуттық жаттығулар, жүгіру нәтижесінде, ал басқасына рационнан тәттіні алып тастау нәтижесінде жете аласыз. Осылай асықпай, бірақ тұрақты түрде арықтап, денсаулыққа зиянын тигізбейсіз.

Тұз кемітіңіз

Тұзды тағамдарды сүйіп жейтін қыздардың беті ісіп, бұл тұрақты құбылысқа айналуы мүмкін. Жартылай дайын тағамдар, картоп чипсылары, тұздалған жаңғақтар, қақталған, сүрленген тағамдардан мүлдем бас тартыңыз. Жалпы тағамды аз тұздап үйреніңіз. Айта кетсек, бұл қан қысымының тұрақтануына да пайдалы.

Жаттығулар

Тек диета әсерінен арықтасаңыз, теріңіздің босап қалу мүмкіндігі бар. Жаттығулар арқасында тері мен бұлшық еттердің шымыр болуына көмектесесіз.

Толығырақ: https://www.google.kz/amp/s/massaget.kz/kyizdarga/krasota/9522/amp/

...