0 дауыс
471 көрілді
Жыл сайын қайталанады

 асқынуды шығарыпты түшкіру қатарынан бірнеше рет қайталанып қан шығаратыны шықты

  кәзір сезоны басталды

  бұның ұрпаққа таралуы мүмкінба?

  Табиғи жолмен емделгенді құптаймын

  басқа варянттар барма?
Бала кезден келе жатқан проблема!

  Әпшу~

  Шығу себеп қандай дейін десем мезгіл таңдамайтынды шығарыпты  суайт

  түб тамыры неде?

1 жауап

0 дауыс

Маман жазда көбіне аллергиялық риниттің, конъюнктивиттің, ангионевротикалық ісіктің, бронх демікпесі, анафилаксияның және есекжемнің (орфин, кодеин, декстран және қалақаймен, медузамен, жұлдыз құртпен, актиниялармен жұғысқанда пайда болады) асқынатынын айтады. 

Симптомдары қандай

Дәрігер маусымдық аллергияның жиі кездесетін симптомдарына тоқталды - тыныс алудың қиындауы, ринорея (мұрынның бітуі), түшкіру, тамақтың құрғауы немесе қышуы, көздің қызаруы, мұрын қуысының зақымдалуы.

Дәрігер осы симптомдар қайталана берген жағдайда бірден аллергологқа көрінуге кеңес береді.

Емдеу жолдары

"Жалпы дәл осы маусымдық аллергияның қозуына генетика мен организмнің қалыпты күйі әсер етеді деп айта аламын. Бұлардың басты қаупі олар уақыт өте жедел түрде асқынады. Яғни аллергендер көбейіп, дерттің симптомдары күшейе түседі. Мысалы, бастапқыда ринит болса, кейін ол тез арада бронх демікпесіне айналуы әбден мүмкін. Аллергияның барлығы дерлік аурудың жеңіл түрлеріне барып ауыр сырқаттарға апарады. Бүгінде аллергиялық риниттің шамамен 40 пайызы бронх демікпесіне дейін асқынады. Оны емдеп, алдын алу мақсатында қазір біз аллерген-арнайы иммунотерапиясын қабылдауды ұсынамыз. Бұл әдістің арқасында адамның жаңа реакцияларға деген әсері жойылып, аллергендерге деген сезімталдығы азаяды немесе тіпті толықтай жойылады деуге болады. ААИТ дәрі-дәрмектерді қабылдап емдеуден әлдеқайда тиімді", - дейді дәрігер.

Маманның айтуынша, қазіргі таңда аллерген-арнайы иммунотерапия - аллергия дерттерін емдеудің жалғыз жолы.

"ААИТ - ағзада аллергияға себепші болған аллергендерді жоюға арналған ем. Адамда аллергия пайда болғанда немесе асқынғанда оның ағзасында IgE атты иммуноглобулиндер шамадан тыс көбейіп кетеді. Осылайша аллерген-арнайы иммунотерапиясы ағзаға түсетін аллергенді бұғаттайды деуге болады. Нәтижесінде аллергиялық реакция да азая түседі", - дейді аллерголог.

Осы ретте дәрігер аллергияның науқастың жалпы денсаулығына және созылмалы аурулары бар-жоғына байланысты емделетінін айтады. Айтуынша, аллергиядан толықтай айығуға болады, бірақ ол асқынып кетсе емдеуге біраз уақыт кетеді және бүгінде тек емделудің бір жолы аллерген-арнайы иммунотерапиясы екен. Маман басқа жағдайларда тек симптомдардың азаюы мүмкін екенін айтады.

Қандай өсімдіктер аллергияны қоздырады

Осы ретте дәрігер жазда ағзаның шаң-тозаңға, түрлі өсімдіктерге, гүлдерге деген реакциясы күшейе түсетінін айтып, маусымдық аллергияның қозуына нақты қай өсімдіктердің себепші екенін атап берді.

Наурыз - сәуір: қандыағаш, орман жаңғағы;
Сәуір - мамыр: үйеңкі, жұпаргүл, шаған, қайын, емен ағашы, каштан;
Сәуір - шілде: бақбақ;
Мамыр - маусым: терек, қарағай, тарғақшөп, қарабидай, қоңырбас;
Мамыр - шілде: жөке ағашы;
Мамыр - тамыз: қалақай;
Маусым - шілде: атқонақ, жүгері, рейграс;
Маусым - тамыз: күнбағыс;
Маусым - қыркүйек: суоты;
Маусым - қазан: жусан;
Шілде - тамыз: бақажапырақ;
Шілде - қыркүйек: көкпек, ойраншөп (амброзия).

Еске салайық, осыған дейін Tengrinews.kz тілшісі аллергиямен бірнеше жыл бойы күресіп келе жатқандармен әңгімелескен болатын. Олар қазіргі уақытта аллергиямен қоса, астмамен ауырып жүргенін, сондай-ақ, тыныс алуы қиындағаны соншалық - ауа жетпей, талып қалған кездері де болғанын айтқан еді.

Осыған байланысты дәрігерлер аллергиясы бар адамдарға жаз мезгілінде үйде немесе жұмыс орнын ылғалды тазалау жүргізу керектігін айтады. Сондай-ақ, мамықтан және жүннен жасалған жастықтар мен матрастарды синтетикадан жасалған заттарға ауыстырып, оларды 1-2 аптада кем дегенде бір рет жуып тұруға кеңес береді. Бұдан бөлек, мамандар бөлмеге ауа тазартқыш орнату қажет дейді.

Толығырақ: https://tengrinews.kz/medicine/mausyimdyik-allergiyadan-kalay-ayyiguga-boladyi-372736/

...