0 дауыс
821 көрілді
Сәлеметсіздерме, менде 4-5 жылдан бері аллергия бар, от шөпке, шаңға, ауаның өзінеде. 7 күн 24 сағат аллергия болады, мұрын қышиды, көздер қышиды, жас ағады, мұрын бітіп қалады, таңдай қышиды, тыныс алу өте қиын, түшкіру, Осы аллергиядан еш құтыла алмадым қайда барсамда не істесемде болған жоқ тек қана қыста ғана аллергияны ұмытамын көктемнен күзге дейін аллергия.

2 жауап

0 дауыс
Докторга БАР!!!
0 дауыс

Аллергия— ағзаның қоршаған ортаға жауап беретін ерекше күйі. Сыртқы ортада кез келген нәрсе ағзаға кері әсер етуі мүмкін.

Аллергияның пайда болуының негізгі себептері төмендегідей:

  • терімен әрекеттесетін сыртқы аллерген (жануарлардың жүні, шаң, өсімдік ұрықтары, химиялық заттар, косметикалық бояулар, т.б.)
  • азық-түлікпен бірге ас қорыту жүйесіне түсетін ішкі аллерген (дәрілер, сусындар, тағам қоспалары, т.б.)

Алдын алу үшін:

Кез-келген ауруды емдегеннен оның алдын алған жөн. Сол үшін төмендегі сақтық шараларын есте ұстау керек:

  • баланың бөлмесін күн сайын жинау керек. Перделер, кілемдер, жұмсақ жиғазды тазалауды ұмытпаңыз. Төсек-орын тыстарын және ойыншықтарды аптасына бір рет 60-90 градуспен жуу керек.
  • үй жануарларымен қарым-қатынасты азайту. Егер баланың жануарлардың жүніне аллергиясы болса, ол анафилаксиялық шокқа әкеп соғу мүкін.
  • үйдің ауа ылғалдылығын сақтау. Үйдің ауасы тым құрғақ болса, ол мұрынның шырышты қабығын құрғатып жіберіп, жиі түшкірудің себебі болады.
  • жылына бірнеше рет үйді жәндіктерден және түрлі микроағзалардан қорғайтын арнайы препараттармен өңдеген дұрыс.
  • шаң жинайтын тұрмыстық нәрселерден құтылыңыз. Олар тек шаң жинап қоймай, кенелердің пайда болуына қолайлы орта жасайды.
  • баланы шамадан тыс тамақтандырмаңыз. Бала ағзасы тым үлкен тағам мөлшерін қорыта алмағандықтан, асқазан оны жат дене деп қабылдауы мүмкін.

Толық мәліметті мына сілтемеден оқи аласыз.

...