0 дауыс
488 көрілді
Көз ашып маңдай  мен ми солқылдаса қандай емі бар не істеуге болады ? Шыдатпай көзімнен жас ағады(ішімдік темекіге жоламайм, телефонда көп отырмайм, компьютер де отырмайм )

таңертең нең түске дейін ауырады кешке карай басылады кімде осылай болды ?

1 жауап

0 дауыс

Бір көзім аяқ асты дұрыс көрмей қап хирургтың алдынан бір-ақ шыққан жайым бар. Осы ретте менен Сізге бір кеңес. Адам баласы жылына бір рет көзінің сечаткасын тексертіп тұрған жөн. Əсіресе көзілдірік, линза киетіндер, компьютерде көп жұмыс істейтіндер, спортпен айналысатындар. Жүкті əйелдер босанар алдында сечаткасын тексеріп, тіктіріп алғаны дұрыс. Сечатка ауырлық түссе жыртылып кетеді де көздің жарты бөлігі көрмей қалады. Кез келген адам баласы жылына екі-үш рет көз қысымын өлшету қажет. Көз қысымы жоғарыласа бас аура бастайды да кейін глаукома деген аты жаман ауруға əкеледі. Глаукома асқынса көзді түбімен алып тастаудан басқа амал қалмайды. Көзді кешенді тексеру құны Қазақ көз аурулар институтында 13000-15000 теңге. Коновалов клиникасында 25000 теңге. Коноваловта кезек күтпейсіз. Ал институтта кезекте тұру керек.

Толығырақ: https://surak.baribar.kz/629850/

...