+2 дауыс
13.4k көрілді
Көздің көру қабілетін төмендетіп алса, қайта қалпына келтіруге болама? Қандай жолдармен?

4 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
1.  Тіпті сіз қазір көзілдірік тағып жүрсеңіз де, үнемі көз жаттығуларын жасап тұрыңыз.

2. 20-30 секунд бойы көзіңізді ашып-жұмып көз жаттығуын жасаңыз.Көзіңізді жоғары және төменге көтеріп, түсіріңіз. Дәл осындай жаттығуды оңға және солға қарай жасап көріңіз.

3. Көзіңізбен дөңгелекті, квадратты, үшбұрышты салып көріңіз.

4. Үлкен саусағыңызға бірнеше секунд бойы қарап тұрыңызда, назарыңызды қолыңызға қатысы жоқ басқа бір затқа аударыңыз. Көзіңіздің ауырғанын сезінгенше осы жаттығуды қайталай беріңіз.

5.  Өзіңіздің немесе өзгенің қолындағы затқа ұзақ қарап тұру да көмектеседі. Мысалы, қолыңыздағы қарандаштың алыстағанын және жақындағанын қарап тұру.

6. Компьютерде  немесе жұмыс орнында көзіңіз шаршағанда мынадай жаттығу жасауыңызға болады. Екі қолыңызбен саусақтар арасынан саңылау қалмайтындай етіп көзіңізді жауып отыруыңыз керек. Көзіңіздің демалғанын сезгеннен кейін қолыңызды босатуыңызға болады.

7.  Дәрумендерді көбірек пайдаланыңыз. Әсіресе көкөністер мен жемістердің құрамында көздің көру қабілетін жақсартатын дәрумендер көп болады.

8. Күн сайын қайнатылған қырық қабат жапырағын жеңіз. Күн сайынғы тамақтануда қайнатылған және шикі сәбізді және грек жаңғағын пайдаланған дұрыс.

  9. Шаршаған көзді сумен шайып шаршағанын басуға болады.
+1 дауыс
Негізі көздің нашар көріп кетуі көздің жалқаулығынан. Яғни бір затты алыстан көрмей жақыннан көре берсе көздің көруі нашарлап кетеді. Оны қалпына келтіруге аз да болса көмегін тигізетін - көз жаттығулары. Сол жаттығулар арқылы көз тамырларын жақсы қалыпқа келтіруге болады.
+1 дауыс
Көздің нашар көруінің көп себептері бар. Бірі дененің бостығы. Сол себепті көз жаттығуларымен қоса денені физикалық тұрғыда жетілдіру керек. Және де қаражидектің (черника) құрамнында көз жанарын жақсартуға септігі мол дәрумендер табылады. Сәттілік!
+3 дауыс

Сәлеметсіз бе, сізге көмегім тиер деген ниетпен-көздің көру абілетін жақсартатын дәрілер мен жаттығуларды ұсынамын: өзіме дәрігер көздің көру қабілетін жақсартатын дәрілер ұсынды: бестоксол мен мидакс көзге тамызатын күшті дәрілер; енді мына жаттығуларды қайталаңыз: 

1-жаттығу: 

йога для глаз, упражнение 1

2-жаттығу: йога для глаз, упражнение 2

 

3-жаттығу: йога для глаз, упражнение 3

 

4-жаттығу: йога для глаз, упражнение 4

 

5-жаттығу: йога для глаз, упражнение 5

соңында көзіңізді жауып өзіңіздің атыңызды көзбен жазып көріңіз, ем болсын!!! 

...