0 дауыс
4.1k көрілді
Батыр баян поэмасы туралы сұрақтар

3 жауап

0 дауыс

Абылай ханның өз заманында аса жоғары бағалаған екі батыры болса, соның бірі – Баян батыр. Орта жүздің уақ руынан шыққан әйгілі батыр туралы аңыз да, ақиқат та көп. Сондай бір аңызға негізделіп жазылған поэма – "Батыр Баян". Қазақ поэзиясының інжу-маржанына айналған поэманың авторы – Мағжан Жұмабаев.

Бұл поэмада Баян Батыр туралы айтылады. Аламандықта Батыр Баян бір сұлу қалмақ қызды тұтқынға алады. Баян қалмақ қызына ғашық болып, бірақ қыз жақтан батырдың көңілінен шығатындай жауап болмайды. Қалмақ қыздың есімі – Құралай. Бұл қыз Баянды емес, оның інісі Ноянды сүйіп, екеуі қыздың отанына қашпақшы болады. Батыр Баян бұл істі туған жерді сату деп есептеп, оларды артынан қуып, Құралай мен Ноянды өз қолымен өлтіреді. Қызбалықпен жасалған істен кейін Баян өз ісіне өкініп, екеуін бірге жерлейді. Осыдан кейін, Батыр Баян Абылай ханның рұқсатын алмай, қасына 100 жігітті ілестіріп қалмақтарға аттанады. Сол соғыста Баян Батыр қайтыс болады.

Баян Қасаболатұлы – тұтас ғұмырын қазақ жұртының тәуелсіздігі жолындағы күреске арнаған ержүрек батыр. Батырлығымен, тапқырлығымен Хан Абылайдың ерекше құрметіне бөленген. Қазақ-жоңғар шайқастарына қатысып, "Батыр Баян" атанған. Бұл кісі туралы Шоқан Уәлихановтың еңбектерінде және профессор Зарқын Тайшыбай келтірген Омбы облыстық мемлекеттік мұрағатының материалдарында нақтырақ жазылады. Бұдан басқа қазақтың ұлы жырау-ақындары Үмбетей мен Тәтіқараның өлең-жырларында, халық аузында сақталған «Жантай батыр» фолкьлорлық мұрасында батыр есімі аталып, ерлігі дәріптеледі.

Толығырақ: https://massaget.kz/okushyilarga/uy_tapsyirmasyi/58343/

0 дауыс
1. Батыр Баян шығармасының авторы

2. Шығарманың авторы кім?

3. Шығарма қай жылы жазылған

4. Шығарманың басты кейіпкері кім?

5. Шығарманың басты идеясы қандай?

6. Батыр Баянның бойында қандай қасиеттер бар

7. Батыр Баянның інісінің аты кім?

8. Батыр Баянның інісінің аты кім?

9. Ноянның бойында қандай қасиеттер бар?

10. Батыр Баян еліне жорықтан кімлі ала келді?
0 дауыс
Батыр баян қандай қызды жақсы көріп қалады? Қалмақ қызын
Батыр баяның інісі кім? Ноян

Батыр баян неге үнатқан қызы мен інісін өлтіреді? Еліне сатқындықы үшін ашулы болады
Батыр баян неге сол қызға сезімін білдіргенде  қыз недеп жауп береді? Мен сізге сізім жоқ сондықтан ағасы мен қарындасы болып қалайық деп жауап береді

Қалмақ қыздың жасы қаншада? 14

Қалмақ қыздын есімі кім? Құралай
...