0 дауыс
4.1k көрілді
Мағжан Жұмабаев "Батыр Баян" дастанының мазмұны керек?

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Қысқаша айтқанда, Батыр Баян Жоңғарлармен бір соғыста жоңғардың бір қызын алып келеді, оған Баянның інісі Ноян ғашық болып қалады, содан жаңағы қыз Ноянның басын айналдырып өзінің еліне ертіп бара жатқан жерінен Баян соңынан қуып жетіп екеуінде өлтіреді, сосын Батыр Баян әдейі күйінгендіктен Абылайханның тактикасына келіспей жалғыз өзі 100 шақты әскерімен жоңғарлардың бүкіл армиясына қаршы шабады. Сонда өзі де қаза табады.

Негізі өзіңіз оқығаныңыз жақсы қазақ әдебиетінің ең жақсы туындыларының бірі (әсіресе Баянның інісі Ноянмен сүйіктісін өлтіргеннен кейін айтатын монлогы)

Жейтұғын өз күшігін болдым бөрі

Ісімді мынау ағат немен жабам?

Қарабет болдым алаш баласына,

Ер дер ме енді мені Абылай данам?!

Жорыққа қу қалмаққа жүрдім неге?

Тобына көк бөрідей кірдім неге?

Тәтті бал, балауса тал жас сұлуды

Көр болғыр, екі көзім, көрдің неге?

Қозымды қас дұшпандай қудым неге?

Майысып Ноян қалқам, ерке марқам,

Қасқиып қарсы алдымда тұрдың неге?

Бауырыма тас жүрегім жібімеді-ау,

Бір ата, бір анадан тудым неге?

Салдырып шіріп қалғыр саусақтарым

Қанымен өз қозымның жудым неге?

Күнәсіз екі жасты өлтіргенше,

Өлмедім ішіп уын удың неге?

Күй, жүрек! Көл бол, жасым! Өртен, ішім!

Алдымда айнам жатыр бөбек пішін.

Сұм садақ кетсе үзіп жас жүрегін,

Жойған жоқ құлыншағым ерке түсін.

Сорлы ағаң атып жығып өз інісін,

Иіскейді енді зарлап аппақ төсін.

Тартқанда сынбадың-ау, сұм садағым!

Қайтейін, арымадың, арда күшім!

Жоқ, әлде, жоқ... жоқ... Әлде... Өлтірдім бе,

Інімді алты алаштың намысы үшін?!

сосын:

Өз бауыры, өз сүйгенін өзі өлтірген

Болар ма, сірә, сорлы адам менен?!

Ел беті енді маған болсаң арам,

Алашым, аттанамын жауыңда өлем! – деп

 

Баян енді өмірден үміт үзіп, ажал аузына өзі ұмтылады
Ең болмаса сілтемесін салмадыңыз ба? (жоқ негізі қарсы емеспін, тек ақыңды біреу жегендей болып бүртүрлі болып қалады екенсің)
https://surak.baribar.kz/413517/magzhan-zhumabaevtin-batyr-poemasynyn-mazmunyn-beresizder
Кешірім сұраймын, ол жағын ойламаппын, енді ондайдан аулақ боламын!
...