0 дауыс
4.1k көрілді
М. Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасындағы туған елге, туған жерге деген махаббат, азаматтық намыс мәселелерін кейіпкерлердің тұлғалық болмысына баға бере отырып, өз көзқарасыңызды талқылап, эссе түрінде жазыңыз.

1 жауап

0 дауыс

Ежелгі ер түріктің бесігі, екі дүние есігі болған Түркістан, Тұранмен қатар Мағжан үшін Көкшетаудың да қазақ тарихындағы орны ерекше. Олай болатын себебі бұл жердің Абылай, Кенесары сияқты халық қамын жеген арыстардың мекені болғандығынан да. «Ертеде қоныс болған Абылайға» деген жолдан бастап, оқырман Мағжанның соңынан еріп, оқиға желісіне түседі. Бір жағынан орыс, екінші жағынан қытай – екі оттың ортасында қысылған қазаққа ол аз дегендей, енді қалың қалмақ шауып, өкпені қыса түседі. «Елге қорған болған Абылайдың» ақ ордасында осы жағдайдан шығудың жолын ақылдаспаққа жиналған үлкен жиын... Негізінен тарихи оқиғаларға, деректерге сүйеніп жазылған поэмада Байжігіт, Тасболат, би Толыбай, Қанай, Қанжығалы қарт Бөгенбай, Жанатай, Бәсентиін Сарымалай, Оразымбет, Елшібек, Жәнібек, Жәбек, Сырымбет, Қарабұжыр сияқты белгілі би, батырлардың есімдері аталады. Жиын біреуді күтіп, бірнеше күнге созылады. Ханның өзімен бірде олай, бірде бұлай сөйлесіп, кейде сөзге келіп қалатын дала батырларының осы күйі былайша суреттеледі:

«Батырлар бұғаудағы арыстандай...

Көкшенің бауырында өңшең көкжал.

Күңіреніп күтіп жатты,

күндер талай».

Осыншама би-батырлардың күтіп жатқаны батыр Баян болатын. Абылай ханнан бастап өңшең көкжалдардың қыбыр етпей күтіп жатуларына қарағанда, батыр Баян тегін адам емес. Ер Көкшенің, Ер Қосайдың ұрпағы батыр Баян да – тегіне тартып туған нағыздың өзі. «Қазақтың батырлары бәрі қыран, Сонда да бір батыр жоқ Баяндай тап». Сол батырдың батыры Баян күтпеген жерден бір оқыс оқиғаға тап болып, алқалы жиынға кешігіп жатқан... Автор осы жерде шегініс жасап, батыр Баянның басын шырмап қалған жағдайды баяндауға көшеді.

Жоңғарларға жасаған бір жорықта батыр Баян он төрт жасар, бөбек дерлік бір аруды олжалап қайтады. Батырдың қалмақ аруын сүйіп қалғандығы да байқалады. Жақсы көріп, құлай сүйген адамның жүрегін ғашығының арбап, жаулап алып, тырп еткізбей тастайтыны бар емес пе еді? Батыр Баян да сондай күй кешеді.

Толығырақ: https://egemen.kz/article/171933-maghdgannynh-batyr-bayany

...