0 дауыс
Алтынай есіміне арнап өлең шығарып бере аласыздар ма поэзияға
16.12.2020
санатын ауыстырды 634 қаралым

1 жауап

0 дауыс

Даусы құрғыр қалыпты тарлан тартып,
Жүрмеген соң көп болды өлең айтып.

Алтынай,
Айтайын сөздің салтын-ай,
Ахау, агигай.

Бір-екі ауыз өлеңді мен айтайын,
Өтіп кеткен бұл дәурен келмес қайтып.

Алтынай,
Айтайын сөздің салтын-ай,
Ахау, агигай.

Ақыр жетіп арманға арымаған,
Аямайды-ау досынан жанын адам.

Алтынай,
Айтайын сөздің салтын-ай,
Ахау, агигай.

Өлең деген немене білгендерге,
Сүйегіме ақындық дарымаған.

Алтынай,
Айтайын сөздің салтын-ай,
Ахау, агигай.

Толығырақ: https://bilim-all.kz/olen/10226-Altynai

16.12.2020
127,958Сұрақ
322,878Жауап
153,169Пікір
72,987Қолданушы