+1 дауыс
3.9k көрілді
Ұлықпан Жолдасовтың "Алтынай" әні " Алатауды айналып. Ош аспаны ойланып. Әлем бір сәт қалғандай. Кірпігіңе байланып" деп басталады ғой. Бұл ән де қырғыздардың әні ме? Әлде әнге арқау болған Алтынай қырғыздың қызы ма?

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Белгілі әнші Ұлықпан Жолдасов орындайтын «Алтынай» әні қырғыз аруы Алтынай Сулаймановаға арналған. Белгілі ақын Ханбибі Есенғараева 1991 жылы Қырғызстанның Ош қаласында 180 жыл бұрын қырғыз хандығын басқарған Құрманжан Датқа атты ханшайымның мерейтойына орай өткен халықаралық конференцияға барады. Осы шара барысында қазақстандық қонақты «Алкогольсіз ішімдік және шарап» зауытының директоры Алтынай Сулайманова күтіп алып, бірнеше күн қасында жүреді.
Ақын елге оралған соң жанының тазалығымен, елгезектігімен тәнті еткен Алтынайға арнап өлең жазады.
- Алатаудың маралы,
Жұлдыздайын жоғары.
Алтын сенің садағаң,
Алтыннан да бағалы, - деп келетін жолдарға сазгер Құралай Сәтмұхамбетова әдемі ән шығарады.
0 дауыс

Белгілі әнші Ұлықпан Жолдасов орындайтын «Алтынай» әнінің астарына үңілмес бұрын, шыны керек, «Осы аттас аруға ғашық болып, сүйген қызына қолы жетпей арманда қалған жігіттің әні шығар» деген болжам жасағанбыз . Ән мәтіні Ханбибі Есенғараеванкі болғанымен, «Ақынға өтініш жасап, олең жаздыруы мүмкін ғой» деп тағы да сырттай тон пішкенбіз . Осы оймен ақын апайымызға хабарласқанымызда, бастапқы жорамалымыздың күл-талқаны шықты . Ән тарихы біз күткеннен мұлде басқаша екен  толығырақ

...