0 дауыс
25.2k көрілді

Пж жауап берндерш 7сынып Озон қабатының тіршілік үшін маңызы?

1 жауап

0 дауыс

Озоносфера , озон қабаты (гр. ozon – аңқығыш және sphaіra – шар), озонның жоғары концентрациясымен ерекшеленетін стратосфералық (биіктігі 10 – 50 км) қабат. Атмосферадағы озонның ең көп концентрациясы 20 – 25 км биіктікте болады, мұнда озонның тығыздығы жер бетіне қарағанда 10 есе көп. Озон оттегінің Күн радиациясының қысқа толқынды ультракүлгін бөлшектерін сіңіруінен пайда болады. Озон мөлшерінің көп болуы көктем айларына, азаюы күз айларына сәйкес келеді. Озон қабатының жер бетіндегі тіршілік үшін маңызы зор. Ультракүлгін сәулелерді жер бетіне жеткізбей, сәулеленудің алдын алады. Оның зардабы мутация өзгерістермен байланысты.

Озон Күннің ультракүлгін сәулелерінің және электр разрядтарының әсерінен екі атомдық оттек молекулаларының ыдырап, қайта қосылуының нәтижесінде {\displaystyle O_{\mathrm {2} }+O_{\mathrm {} }=O_{\mathrm {3} }}) пайда болады. Озон қалқаны күннің тіршілікті жойып жіберетін ультракүлгін сәулелерін ұстап қалады.

Ағылшын ғалымы Джо Фарман Антарктидадағы метеорологиялық жағдайларды зерттеп жүріп, 1982 жылы озон қабаттарындағы «қуыстарды» тапты. Ғалымды хлорлы фтор көміртегінің әсерінен әсіре күлгін түсті сәулелердің апатынан жерді мәңгі сақтап келген озон қабатында ыдырау үрдісінің жүріп жатқаны қатты толғантты. Бұл құбылыс Антарктида үстінде өтіп жатыр. Тері ісігінің жиілеуіне озон қабаттарының шоғырлануы 6 пайыз кеміп кеткені себеп болып отырғанын анықтап берді. Сондықтан да Скандинавия, Гренландия, Канада, Шотландия және Ресейдің солтүстік-батыс бөлігіндегі озон қабаттарын зерттеу қолға алынды. Күлгін түсті сәулелердің көбейіп, озон қабатының жұқаруы, фреондардың әсерінен екені анықталды. Фреондар өзге газдармен салыстырғанда тұрақты келеді. Оның әр молекуласы озонның 100 000-ға жуық молекуласын жойып жібереді. Осылайша озон қабатының көлемі жыл өткен сайын жұқарып барады. Егер озон жоқ болса, онда планетамызға ғарыштан кез келген қауіпті сәулелер түсіп, жерде тіршілік жойылып кетуі ғажап емес. Бір сөзбен айтқанда, озон қабаты адамның иммунитеті десе де болады. Ал озон қабатының қалыпқа келуі үшін адамзат баласы кем дегенде 100 жыл бойы өнеркәсіп заттарын өндірмеу керек. Алайда адамзат баласының санының өсуіне байланысты сұраныстың да артып келе жатқаны белгілі.

Ұқсас сұрақтар

...