0 дауыс
21.8k көрілді
Озон қабатының бұзылуынан туындайтын салдарларды айттыңыз (кемінде 3жауап)

1 жауап

0 дауыс

Озонның көп мөлшері  Антарктиданың үстінде жойылған .Мұнда соңғы отыз жылда озонның  мөлшері қырық-елу пайызға кеміген.Озонның  концентрациясы кемуі нәтижесінде  түзілген кеңістікті озон тесіктері деп атайды.Тесіктің көлемі жылына төрт пайызға артып отыр.Қазіргі кездегі оның мөлшері АҚШ-тың көлемінен артық.Сонымен қатар,көшіп жүретін тесіктердің пайда болуы жиілеп барады.Озон тесігінің пайда болу себептері әлі де болса толық анықталмаған.Олар алғаш реи осы ғасырдың сексенінші жылдары байқалған.Аз уақыттық бақылу қандай да бір нақты қорытынды жасауға мүмкіндік бермейді.

Қазіргі кездегі озон қабатын  бұзатын негізгі антропогенді фактор фреондар болып табылады.Бұл хлорфтар-көміртектер бөлме темпеоатурасында қайнайды.Олар тоңазтқыш құрылғыларда,әр түрлі баллондардатасымалдаушы –газ ретінде қолданылады.Қазіргі кездегі фреондардың мөлшерін кеміту және болашаққа өндіруді тоқтатуға бағытталған іс-шаралар жүргізілуде.Көптеген мемелекетер фреондардың өндірісін елу пайыз кеміту және оларды басқа пропиленттермен алмастыру туралы міндеттеме қабылданды.Бірақ,жоғары дәрежеде тұрақтылығына байлынысты фреондар атмосферада өте ұзақ уақыт сақтала алады.Бірқатар елдерде АҚШ,Ұлыбритания,Франция фреондар гидрохлорфтор көміртек немесе гидрофтардың  алмастыруда,Озон қабаты интенсивті түрде көктемде бұзыла бастайды.Себебі қыстағы төмен температура мен бұлттылықтың артуы фреондардың құрамындағы хлордың бөлңнңп шығуына әкеледі.Ал көктемгі температураның жоғарылауы хлордың озонға әсерін арттырады.Поляр маңы аймақтарындағы озон қабатының интенсивті түрде бұзылуын осы аудандағы озонның бұзылуына себепкер хлордың метанды топпен аз мөлшерде жабылуымен түсіндіріледі. Соңғы жылдары ғалымдар озон тесіктерінің пайда болуы адам қызметіне байланысты емес деген пікірлерді жиі айтып жүр. Ғалымдар бұған ұқсас құбылыстардың ертеде де  орын алғанын және олар тек табиғи процестерге байланысты, соның ішінде күн белсенділігінің он бір жылдық циклімен, екені туралы жорамал айтады. Озон қабатының бұзылуының тағы бір себебі, ретінде атмосфераға оттегін бөліп шығаратын негізгі фактор ретінде ормандардың жойылуы аталады. Сонымен қатар, Антарктиданың үстінде озонның тарлуыа әкелетін жоғары қарай бағытталған жерлердің болуы туралы да пікірлер айтылуда. Атмосфераның төменгі қабаттарында озон күшті антитоксикант және бактериоцид болып табылады. Ол жағымсыз иыстерді, кейбір канцерогенді заттарды бұзуға қабілетті. Бірақ, жоғары концентрацияда күшті у болып табылады. Адамда ол тыныс алуды қиындатады, көзді тітіркендіреді, өсімдіктердің ассимиляциялық аппаратын зақымдап, хлорофиллді бұзады.

Озоносфераның бұзылуы орны толмас жағдайларға, тері ісік ауруының күрт көбеюіне, көз катарактасына, жүйке жүйесінің әлсіреуіне, мұхиттағы планктонның жоғалуына, өсімдіктер мен жануарлар әлемінің мутациясына алып келеді. 1980 жылдары Антарктидадағы ғылыми жұмыс станцияларында жүргізілген зерттеулерден атмосферадағы озон құрамының төмендегені байқалған. Осы құбылыс- «озон тесігі» деген атау алды. 1987 жылдың көктемінде Антарктиданың үстіндегі «озон тесігі» барынша үлкейіп, оның ауданы шамамен 7 млн км² -ді құрады, яғни, ауадағы мөлшері қалыпты нормадан 30-50%-ға төмендеген. Антарктидадағы бұл құбылыс қыркүйек- қараша айларында байқалып, маусымның басқа кездерінде озонның мөлшері нормаға жақын болады. Кейін анықталғандай, атмосферадағы озонның мөлшері Солтүстік жарты шардың орта және жоғары ендіктерінде қыс-көктем (қаңтар-наурыз) айларында, әсіресе Европа, АҚШ, Тынық мұхит, Ресейдің европалық бөлігінде, Шығыс Сібір, Жапония үстінде жылдан- жылға азайып келеді. 1992 жылы Оңтүстік Америка құрылығы мен оған жақын кеңістіктерде озон құрамының айтарлықтай төмендегені (50%-ға) тіркелді. 1995 жылы көктемде Арктиканың озонды қабаты шамамен 40%-ға дейін азайған. Сонымен бірге Канаданың солтүстік аудандарында және Скандинавия түбегінің, Шотландия аралдарының, Қазақстанның, Якутияның үстінде «мини-тесіктер» қалыптасқаны тіркелген. Озон қабатының бұзылуы, яғни, «озон тесігінің» пайда болуы биосферада елеулі өзгерістер тудыруы мүмкін. Сондықтан бұл жағдай күрделі экологиялық мәселенің бірі. Озон қабатының бұзылу процесіне ғарыштық аппараттар, дыбыстан да жылдам ұшатын ұшақтар және ондағы толық жанып бітпеген отын өнімдері және ядролық жарылыстардан бөлінген заттар әсер етеді.

...