0 дауыс
4.1k көрілді
БПФ форматы бойынша дебат ұйымдастырып жатыр жас мұғалімдер арасында соған қатысқым келген бірақ дебат туралы түсінігім аз жалпы тақырып Тәуелсіздікке арналады

1 жауап

0 дауыс

Бірінші үстел
1 спикердің (Премьер-министрі) міндеттері: Ойынға дефинициаларды енгізу, тақырыпты қалай түсінетіні жөнінде айту, тақырып көлемін белгілеу, Status Quo жайында айту. Және де премьер министрдің рөліне оның палатасы не үшін күресетіні туралы айту (Құндылығын жариалау) және өз аргументтерін жариалау кіреді.
2 спикердің (Оппозиция лидері) міндеттері: Үкіметтің айтқандарын даттау, жоққа шығару. Дефинициялармен келісу немесе келіспеуін айту. Өз құндылығын айтып, аргументтерін ойынға қосу.
3 спикердің (Премьер-министрдің орынбасары) міндеттері: Оппозиция сөздеріне жауап қайтару және өз аргументтерін орнына келтіріп қайта қорғау.
4 спикердің (Оппозиция лидерінің орынбасары) міндеттері: Өз кейсін сақтап қалуға тырысу және қарсылас кейсін құлату.

Екінші үстел
5 спикердің (Үкімет өкілі) міндеттері: Оппозиция лидерінің орынбасарының сөздеріне қарсы шығу және ойынға жаңа аргументтер қосу.
6 спикердің (Оппозиция өкілі) міндеттері: Үкімет өкіліне қарсы шығу және оппозиция аргументтерінің құламауына кепіл болу. Бірінші үстелге қысқаша анализ жасап кетуге болады.
7 спикердің (Үкімет өкілінің хатшысы) міндеттері: Өз палаталарының ой қортындысын айтып ойыннды жүйелеу, анализ. Жаңа аргумент қосуға болмайды.
8 спикердің (Оппозиция өкілінің хатшысы) міндеттері: Жалпы ойынның қортындысын жасау, анализ. Жаңа аргумент қосуға рұқсат берілмейді.

Толығырақ: https://kk.wikipedia.org/wiki/

...