+3 дауыс
15.0k көрілді
Барша дебат сүйер қауымға сұрақ. Дебатты жақсы ойнап, өз спикерлік міндетіңді жақсы атқарып шығу үшін не істеу керек? Дебат ойынында өзіңді қалай ұстаған жөн? Қандай ақыл-кеңес бересіздер? Алдын ала рахмет!!!

7 жауап

+5 дауыс
 
Жақсы жауап
Спикерлік қасиеттер:
- Сабырлық, яғни, сөзбұйдаға салыну, сөз таласуда тынышты алмаудан аулақ болу;
- Білім, әрине, білімсіз дебатқа қатысудың мәні жоқ;
- Жан-жақтылық, бір сұрақтың көлемінде емес, барлық салада аз да болса түсінігің болу;
- Сыртқы "деловой" келбет. Өз басым, костюм -шалбардан жалыққан емеспін___ үй шаруасындағы киіммен пікір - сайысқа түсіп көр, не болар...)
- Лексикондық сөздік қордың байлығы. Алуан терминдерді білу, қолдану. Жаргон, ауызекі сөйлеу стиліндегі сөздерді дебатта қолданыстан алу;
- Әлемдегі соңғы жаңалықтардан естігенің болса, жеңіс;
- Сыйластық. Аяқ астынан шу шығарып, атыс - жұлысқа салынып жеңіп шығу - ойға сыймайтын нәрсе;
- "Смыщленность" дейді ғой... қулық пен пысықтықты ұштастыра білу;
 __________ Жалпы дебаттағы Спикер - Оратор. Айтылғандарды   бұлжытпай орындай білсе, нақты қалыптасқан біржақты пікірі-ойы болса, командалық рухтың мүшесі бола білсе, сөйлесе................жеңіс гарантировано !  __________өз ойым. )
пікіріңізге рахмет)
Оқасы жоқ, Мөлдір ханым. Сізден керемет спикер шығатынына сенімдімін.
Сеніміңізді ақтауға тырысамын, Алишер мырза!
+3 дауыс
Қарапайым ережелер:
1)тақырыптан ауытқымау;
2)өзіндік айқын позицияның, көзқарастың болуы;
3)өзін-өзі дұрыс ұстай білуі;
4)сөйлеу шеберлігі;
5)жоғарғы мәдениеттілік(сөзге тоқтау, дауыс көтермеу, ашуланбау);
6)қарсыласын да, аудиторияны да сыйлай білу;
7)қара басның қамымен қоса ортақ пікірге деген мүдделілік;
8 )қарсыласына кезек беріп отыру;
9)регламент сақтау.
Сонсоң тақырыпты шын мәнімен түсініп, берліген тақырыптағы өз көзқарасыңа еніп, сол тақырыты бар ықылас-ынтаңмен түсініп, пікірталасқа еніп кетсең, ешнәрсе де қорқыныш емес! Алға!
Көп-көп рахмет, Тоғжан! Ережелерді орындауға тырысамын)
+2 дауыс
Өзіңді еркін, сенімді ұстаған жөн! Дебат ойынында статистикалық мәліметтеріңіз нақты әрі дәл келтіріп, қарсыластарыңыз бен төрешіні сыйласыңыз  сізден артық спикер жоқ!
пікіріңізге рахмееет!)
Оқасы жоқ. Жақсы спикер болуыңызға тілектеспін!
Әмин! Айтқаныңыз келсін!
+1 дауыс
1. Сенімділік.
2. Білім.
3. Жан-жақты хабардар болу , әр түрлі салада.
4. Не нәрсе болса да, қоғамнан бір жағдай алып мысал ете алатындай, соңғы жаңалықтарды біліп отыру.
5. Жеңіске деген сенім.
6. "Қатысқанымның өзі - жеңіс" - деген позицияны ұстау міндетті емес, себебі, қатыстың ба, ҰТ!
7. Сабырлылық, әр сөзге мән бере қарау.
8. "Дәлелсіз адам - дәрменсіз" . Дебатқа қатыспас бұрын, тақыпты зерттеу.
9. Ашу шақырмау, сыпайы бола тұрып, оның сөздерін  жоққа шығару.
10. Қарсыласыңның сөзін мұқият тыңдап, қате болса, кейін сол сөзін қате шығарып, өзіне қарсы бағыттауға болады, бұл үлкен плюс.
11. Соңына дейін өз ұстанымыңда қалу!
Дұрыс айтасың! Жауабыңа көп рахмет!:)
0 дауыс
Жалпы көп жауап айтып жатыр келісемін. Бірақ негізгі элементер бар. 1-шіден өз қызметіңді атқар Үл 3кызметі -презентация 1-мин ребатл жане сараптама. Ол-3кызмет Ребатл презентация сараптама Үм-2 кызмет Кейсын котерип оппозиция кулату ОМ то же 2 кызмет. Ен алдымен осы. Одан кейін уакытты унемди пайдалан. Кобинесе узак формат 7 мин болип кой Ол болган кезде ребатл макс4 мин елательно 3мин. Одан кейін тағы бір маңызды нәрсе "фулшит" Фулшит сызбаай ойнасан көп нәрсені ұмытасың фулшитпен әрі жүйелі болады. Сұрақтар болса [email protected]
0 дауыс

Мықты болғын келсе мықтылармен сайыс.Сонда ғана дебатты жақсы ойнауға үйреніп өзіңнің ойнау стилін пайда болады.

0 дауыс
3 спикердин толык миндеттин айтасыздар ма

Ұқсас сұрақтар

...