0 дауыс
479 көрілді
Ландшафттарды түсіруде қолданылатын шартты белгілер?

1 жауап

0 дауыс


Шартты белгілер. Жалпы географиялық карталарда әр түрлі географиялық объектілерді кескіндеу үшін арнаулы шартты белгілер қолданылады.Олардың карта масштабында көрсетуге келмейтіндері масштабтан тыс шартты белгілер деп аталады. Ірі және орта масштабты карталарда ондай шартты белгілермен заводтар, фабрикалар, диірмендер, электр станциялар, аэродромдар, ескерткіштер, сондай-ақ құдықтар, жеке-жеке ағаштар, жол көрсеткіштері және басқа объектілер белгіленеді.Олар пішіні кескіндейтін затына ұқсас келетін жай суреттер немесе геометриялық фигуралар түрінде болады (оқулықтың соңындағы топографиялық картадан шартты белгілерін қара).Ал аудандары мен ұзындықтарын картаның масштабында кескіндеуге болатын объектілерді белгілеу үшін аудандық (контурлық)және сызықты деп аталатын ерекше шартты белгілер қолданылады. Аудандық белгілермен орман алқаптары, шалғын, көл, батпақ, және басқа объектілер көрсетіледі.Сызықты белгілер өзен, жол, труба құбырларын белгілеу үшін пайдаланылады. Масштабта сызықты белгілер осы объектілердің ұзындығын ғана көрсете алады. Ал объектілердің ені үлкейтіліп беріледі, сондықтан оны картадан өлшеуге болмайды. Мәселен,

1 : 100 000 масштабтағы картада көрсетілген темір жолдың ені оның нақтылы енінен 10 еседен асып түседі. Сол себептен де ұсақ масштабты картадан тіпті Волга сияқты ірі өзендердің де енін өлшеуге болмайды. Бұлардан басқа түсініктеме шартты белгілер де болады.Олар объектінің сипаттамасын толықтырып тұрады.Мәселен, өзендегі стрелка ағыстың бағытын көрсетеді, орманның контурындағы ағаштың (жапырақты немесе қылқанды) суреті белгілі бір ағаш тұқымының басым екендігін білдіреді.

Топографиялық карталарда көрсетілген обьектілерге қосымша анықтама беру үшін түсіндірме шартты белгілер қолданылады. Мысалы, көпірлердің ұзындықтарымен жүк көтерімділігі, өзендердің ағыс жылдамдықтары, өткелдің тереңдігі мен түбі, елді қоныстағы үй саны, ормандағы ағаштардың орта биіктіктері мен жуандықтары және түрі т.б. Түсіндірме шартты белгілер түрлі жазулар мен цифрлармен көрсетіледі.

Толығырақ: https://melimde.com/kartani-rastiru-odeu-jene-baspafa-shifaru.html?page=5

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
4 жауап
0 дауыс
1 жауап
Белгісіз 6.07.2022 Заң сұрақ қойды
...