0 дауыс
23.8k көрілді
Шартты операторлар туралы python тілінде ақпарат керек.

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

1. Шартты оператор:

if шарт:
1 нұсқаулар блогы

else:
2 нұсқаулар блогы

Шартты оператор келесі алгоритм бойынша жұмыс істейді:

Алдымен IF қызметтік сөзінен кейін орналасқан логикалық өрнектің (шарттың) мәні есептеледі. Егер оның нәтижесі ақиқат болса, жаңа қатарда 4 бос орынмен басталатын 1 нұсқаулар блогы орындалады, егер нәтижесі жалған болса, онда ELSE сөзінен кейін орналасқан 2 нұсқаулар блогы орындалады.

Нұсқаулар блогы қажетті операторлар санынан тұруы мүмкін, бірақ олардың барлығы міндетті түрде 4 бос орыннан кейін жазылуы керек.

1 мысал. Берілген екі санның үлкенін экранға шығару.

x= int(input('Введите первое число'))

y= int(input('Введите второе число'))

if x > y:

print('Большее число', x)

else:
print('Большее число', y)

Шартты нұсқауда else сөзі мен келесі блок болмауы да мүмкін. Мұндай нұсқау толық емес тармақталу деп аталады. Мысалы, егер:
2 мысал. Пернетақтадан х саны еншізіледі және біз оны абсолюттік өлшемге, осы санның модуліне алмастырғымыз келеді. Мұны былай жасауға болады: егер сан теріс болса, «унарлық минус» деген амалды қолдануымыз, ал егер сан оң болса, онда ештеңе өзгертпестен шығаруымыз керек.

x = int(input())

if x < 0:

x = -x
print(x)

Бұл мысалда х айнымалыға –x мәні меншіктеледі, бірақ тек x<0 болғанда ғана. Ал print(x) нұсқауы тексерілетін шартқа тәуелсіз, әрқашанда орындалады.
2 мысал: Пайдаланушы мектептегі сынып нөмірін енгізеді, бағдарлама оның қай сыныпқа жататыны туралы хабарлама шығарады.

n=int(input('Введите номер класса'))

if n<4:

print('Младшие классы')

else:

if n<9:
print('Средние классы')

else:
print('Старшие классы')
Салыстыру операторлары

Әдетте, тексерілетін шарт ретінде төмендегі салыстыру операторларының бірін есептеу нәтижесі қолданылады:
кіші — шарт дұрыс, егер бірінші операнд екіншісінен кіші болса.
үлкен — шарт дұрыс, егер бірінші операнд екіншісінен үлкен болса.
<= кіші немесе тең.
>= үлкен немесе тең.
== теңдік. Шарт дұрыс, егер екі операнд тең болса.
!= теңсіздік. Шарт дұрыс, егер екі операнд тең болмаса.

Мысалы, (x*x < 1000) шарты «x*x мәні 1000 нан кіші» дегенді, ал (2 * x != y) шарты «х айнымалысының мәні у айнымалының мәніне тең емес» дегенді білдіреді.

Питонда салыстыру операторларын тізбекке біріктіруге (көптеген басқа да бағдарламалау тілдеріне қарағанда, мұнда ол үшін логикалық байланыстарды қолдану керек) болады, мысалы, a == b == c немесе 1 <= x <= 10.

Сонда 2 мысалды дұрысырақ жазуға болатын еді :

n=int(input('Введите номер класса'))

if 1<=n<=4:

print('Младшие классы')

else:
if 4print('Средняя школа')

else:

print('Старшие классы')
Салыстыру операторлары арнайы bool логикалық типінің мәнін қайтарады. Логикалық типтің мәндері екі мәндердің бірін қабылдауы мүмкін: True (ақиқат) немесе False (жалған). Егер логикалық True мәнін int типіне өзгертсек, онда 1 болады, ал егер False болса, онда 0 береді. Кері жағдайда 0 саны False өзгереді, ал кез келген нөл емес сан True өзгереді. Str типін bool типіне кері өзгерту кезінде, бос қатар False, ал кез келген бос емес қатар True мәніне өзгереді.

Толығырақ: https://melimde.com/algoritmder-jene-programmalau-peninen-zerthanali-sabatarin-otk.html?page=3

...