Антропогендік ландшафт - адам әрекетімен біршама өзгеріске ұшыраған ландшафт. Антропгендік және табиғи ландшафт арасында нақты шегара жоқ, өйткені кез келген ландшафта геологиялық фундамент, климаттың негізгі кескіндері сақталып, зоналық және азоналық заңдылықтар ықпалында болады. Адам оның ықпал ету дәрежесі мен сипатына байланысты өзгертілген, бұзылған және жаңартылған ландшафт түрлеріне бөлінеді.
Өзгертілген ландшафт адам бір кешенді өзгерткен жағдайда ол аз өзгеріске ұшырауы мүмкін, мысалы, аңшылық немесе балық аулау нәтижесін жатқызуға болады. Сұрапыл сипаттағы күшті өзгерістер бұзылған ландшафтылардың пайда болуына алып келеді. Адамның мақсатты түрде терең ықпалынан жаңартылған ландшафт пайда болады. Қазіргі таңда ландшафтылардың өзгеру дәрежесі халықтың тығыздығына тікелей тәуелді.
Қазақстанның аумағында шаруашылық әрекетінен антропогендік өндірістің келесідей түрлері кездеседі: Орталық және Шығыс Қазақстан, Ақтөбе және Қостанай облыстарының пайдалы қазбалардағы өндіру аудандарындағы тау-кен өндірісі; суармалы жерлердегі ирриграциялық жұмыстар жүргізілетін, сонымен қатар жасанды суқоймалары құрылған Оңтүстік Қазақстанның гидротехникалық аудандары. Елді мекендердің құрылысы, қалалар аумағының кеңеюі, электр желілері линиялары, өндірістік нысандар және т.б. табиғи ландшафтыларда өзгерістер тудырады. Бұл аудандардағы өзгерістердің бірі - антропогендік жер бедерінің қалыптасуы.
Толығырақ: https://kk.wikipedia.org/wiki/