0 дауыс
373 көрілді
<!--[if !supportLists]-->1.      <!--[endif]-->Су қорларын пайдалану бойынша әріптестік. Киота хаттамасы.

1 жауап

0 дауыс

Қазақстан Киото хаттамасының тетіктері арқылы энергия үнемдеуге байланысты үлкен инвестиция тартуға мүмкіндік алады. Нәтижесінде, экономиканың шикізаттық бағыттылығы нысаналы түрде, біртіндеп жоғары технологиялық өндіріс үдерістеріне өзгеретін болады. Цифр тілімен сөйлесек, Қазақстанда жыл сайын ауаны 213 миллион тонна өндіріс қалдықтары ластайды. Ал еліміздегі жоғары булы газдың шығарындысының 80 пайыздайы бір ғана энергия секторына тиесілі болып отыр. Жалпы алғанда, біздегі қуат көзін үнемдеу, оның тиімділігін арттыру әлеуеті жоғары. Қазақстан инвестициялық жобаларды іске асыру үшін Киото хаттамасының тетіктерін пайдаланса, инвестициялық жобалар бірнеше есе арзанға түспек. Сондай-ақ елімізде осы жолда озық технологиялар негізінде құрал-жабдықтарды жаңартып, өнім сапасын жоғарылатуға және әлемдік рынокта отандық өнеркәсіптің бәсекелестігін арттыруға болады деген пікірді жақтаушылар көбейді.

Киото хаттамасының елімізде ратификацияланбауы әлемдік деңгейде климаттың өзгеруі бойынша шешім қабылданарда Қазақстанды дауыс беру құқығынан айырып қана қоймай, біздегі барлық экологиялық бастамаларға тосқауыл болып келді. Ал хаттама уақыты шектеулі. Осыны ескергендіктен де болар, соңғы кездері Парламентте хаттаманы ратификациялау бағытындағы жұмыстар қарқынды жүрді. Сөйтіп, құжат Мәжіліс пен Сенатта мақұлданды.

Енді Киото хаттамасын ратификациялау Қазақстанның әлемдегі инвесторлары мен серіктестері арасында оң пікір қалыптастырып, елімізде “Киото үдерісін” дамытуға, тиімді энергия саясатын енгізуге, зиянды заттардың шығарындыларын қысқартуға, сондай-ақ барлық экономикалық саладағы ашықтыққа жетуге оң ықпал етеді. Мұның Бүкіләлемдік сауда ұйымына (БСҰ) кіру кезінде сөзсіз артықшылығы болады. Әрі хаттаманың экономикалық тетіктері толыққанды жұмыс атқарғанда қазақстандық бизнес те жаңа мәртебені иеленеді. Яғни, әлемдік рынокта булы газдар шығарындыларын саудалауда өзгелермен тең құқылы қатысушы болады.

Киото хаттамасын ратификациялау, сондай-ақ Қазақстанға қазіргі заманғы тиімді технологиялар түріндегі 1 млрд. АҚШ долларынан астам қаржыны – дамыған, алдыңғы қатарлы елдердің жыл сайынғы инвестицияларын тартуға жол ашпақ. Бұл технологиялар трансферті жабдықтардың тозуы 60 пайызға жеткен және оны жаңғырту көлемді инвестицияларды талап ететін энергетикалық секторға бағытталатын болады. Қазақстанның өндірістік күшін өсірмеу үшін міндетті түрде Кито хаттамасын ратификациялау қажет. Батыстың жырымдап беретін қаржысы уақытша және алдамшы. Экономиканың негізі өнеркәсіп,егер өнеркәсібіміз дамымаса және еліміз біржақты яғни жер қойнауындағы байлықпен ғана дамитын болса,онда экономикамыз басқа елдерге тәуелді болады. Киото хаттамасын тек экологиялық құжат деп қабылдауымыз қате. Бұл халқаралық құқыққа сай, дамушы мемлекеттердің экономикасын/дамуын заңды реттеу құралы. Қорыта айтқанда, Киото хаттамасына қосылу қоршаған ортаны қорғауды басқарудың сапасын көтеріп, индустриялық-инновациялық дамуды жеделдетуге, сондай-ақ тараптар конференцияларына қатысу құқығына ие болу арқылы бүкіл әлемнің энергетикалық саясатына тікелей әсер ететін келіссөздерде еліміздің энергетикалық саясатын қорғауға мүмкіндік береді.

Толығырақ: https://kk.wikipedia.org/wiki/

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
0 жауап
+2 дауыс
3 жауап
0 дауыс
1 жауап
...