0 дауыс
337 көрілді

Ассалаумағалейкум! Екі жылдың көлемі болды. өмірім шытырман оқиға секілді болып кетті. бәрі сынақ. бәрі өткінші екенін білеміз ғой. Кішкентайым тұңғышым шетінеді ауырып. Өзім қарызға қарай кіріп кеттім. шынын айтсам тапқан ақша да береке болмай кетті. күнәларым көп шығар. не істерімді білмей абдырап қалдым. қарыз алдың, қайғы алдың деген рас екен. себепсіз емес қой. оны түсіндіріп көріңіз. шынында проект, бизнес план ойымда жетерлік. енді кірісіп келе жатсаң қарыз сұрағанда ештеңе істей алмай қалады екенбіз. қорқыту, үркіту, звондап аузына келгенін айту, тел алмай қалсаң смс хабарлама жазып былапыт сөздер жазу шаршатты. қазір ешкім жетісіп жүрген жоқ сияқты. аш адамға балық берме, қармақ бер деген бар. Аллаға сансыз қолдан іс келеді. Жай ғана уақыт беріп, ауысатын адам таппай жатырмын. банктер болса да бермейді. достарымның атынан алып бер десем, білмеймін бәрі той тойлау үшін, қарын қамы үшін жүрген сияқты. шынында әлемде жалғыз қалғандай сезінеді екенсің. егер, араларыңызда 5 млн шығыныма қол ұшын созып, уақытша ауыса аламын дегендеріңіз болса, қайтарымын жақсылықпен қайтарар едім. көпшіліктің ішінде біреуіңіз болсын түсіністікпен қарай алатын шығар деп жазып отырғаным ғой. Өтінішім. + 7 707 5038720 номеріне жазсаңыздар. басқа вариантым болмай тұр. 

1 жауап

0 дауыс

Қарыз. Қарыз. Қарыздардан қалай тез құтылуға болады?  Осы сұрақ көп адамды мазалайтын шығар.  Себебі ХХІ ғасырда  бір мемлекет екінші мемлекетке, бір адам екінші адамға бір банк екінші банкке қарыз. Яғни қарыз алу бүгінгі заманның ажырамас бөлшегі.   Енді мәселе осы қарыздардан қалай құтылуға болады? Құтылу үшін не істеу керек?

 Осы мәселе төңірегінде  сіздерге пайдасы тиер деген мақсатпен  «Қамшы» порталы кеңестер ұсынады.Қарыз алған адамнан қашпаңыз. Керісінше түсіндіріңіз. Яғни бір адамнан қарыз алдыңыз ба, оны уақытында бере алмай қалсаңыз, «ұят болды» деп қорқып  , телефонды алмай , көзіне көрінбей,  «мен жоқпын»  деген сияқты түрлі - түрлі сылтаулар  айтып қашпаңыз. Одан да бере алмай қалсаңыз,  сол кісімен жолығып  мән – жайды  түсіндіріңіз.  Адамбыз ғой.  Кез келген адам түсінеді, кез келген адам  ұғады,   болмағанда түсінуге тырысады.

  1. Қарыздарыңыздан құтылғыңыз келсе, қарыз алған адамыңызбен немесе қарыз алған банкпен бөліп- бөліп төлеу жайында келісіңз.  Көптеген адамдардың қателігі  қарызға 1 миллион теңгені алып,  2 айдан кейін беремін деп келіседі.  Көзді ашып жұмғанша 2 айда өте шығып,  бере алмай қалады.  Содан кейін ол адамның абыройы астан - кестен күл қоқысқа айналып кетеді.   Ондай жағдай орын алмас үшін кейін ақшаны көп тапқанда бере саламын деп жүрмей , керісінше сол адаммен бөліп - бөліп төлеу жайында келісіңіз.  Яғни миллионды миллион тапқанымда деп емес, ай сайын 50 мыңнан, 100 мыңнан  қолдан келгенше беру жайлы келісіңіз.
  2. Егерде шын мәнінде өмірде табысқа жетіп, қарыздарыңыздан құтыламын дейтін болсаңыз қарыздар жайлы мүлде ойламаңыз. Себебі сіз «Қарыздарымнан қалай құтыламын?»-, деп ойлап жүрсеңіз бизнесіңізіді дамыта алмайсыз. Сол себепті қарыздарыңызды ойлай бергенше,  ақша табу қабілеттеріңізді дамытыңыз.  Бизнесіңізді дамытатын жолдарын қарастырыңыз. Түрлі - түрлі кітаптар, семинарлар  оқыңыз.  Сонда ғана сіз көп ақша тауып қарыздарыңызды қайтара  аласыз.
  3. Өмір қандай болса, сол қалпында қабылдаңыз. Яғни өмірде жолыңыз болмай, қарыздарыңызды уақытында бере алмай қалсаңыз немесе қарыздарыңызды өтей алмай қиналсаңыз, тек менде ғана осындай жағдай демеңіз. Қарыз – бүгінгі күннің ажырамас бөлігі екенін ескеріңіз.
Толығырақ: https://qamshy.kz/article/4977-qaryzdan-qutylugha-arnalghan-kenhester
...