0 дауыс
548 көрілді
2019 жылдың басы ең жақын адамым 1,5 млн кредит алып бершi деп сұрады. Жақсы бiр iс шығып тұр, инвестиция салам деп ойла, тапқан пайданы екiге бөлемiн. Прям срочно керек дейд. Мен декретте отырғанымды, ондай кредит бермейтiнiн айтып, көметесе алмайтынымды айтсам да болмады Уйiңнiң документiн залогка қойып ала тұрсақ болады, Бiр көмегiң болсын. 1 ай максимум 2 айда кайтарамын деген соң ақыры көндiм. Алдық ақшаны. Айы 15 % процентке алдық. 1 ай өтті, ақша жоқ, 2 ай келед ақша тағы жоқ. Процент берген адам звондап кайтаруым ды не процент толеуимди сұрайды. Менде не ондай ақша жоқ. Отбасы болған соң басымыз да алынған кредит бар. Әлгi туысым, келесi ай точно деп алдаумен 2021 ж болды. Одан бері iшкенiм iрiң. Ұйқысыз түндер. Алладан күнде тілерiм осы күндер артта қалса екен. Айына кредит кусап 225 мың төлеуим керек. Өтiрiкшi болдым әр кiмнен 5, 10 мың сұрап, не оны қайтара алмай. Алтындардың бәрi ломбардқа кетті. Көрiнген ақшанды кобейтем деген афферисттердi де көрдім. Ставкаға да ақша салып көрдім. Не көрмедім. Мфо бәрiнен кредит алдым, барлығы просрочка да. Мiне 2021 жылдың 2 айы тәмәм болып келеді.Бiр қиыны, құса боп жүргенiң, не анам, не жолдасым осылай қарызда жургенимдi бiлмейд. Өмiрi өтiрiк айтпап ем енді қалай шы]ндықты айтам. Казiр есептесем барлық қарызым 3,2 млн екен. Ендi қалай шығам бұл жолдан. Туңғыйықтың түбiне баттым. Үйден шығудан қалдым. Адамдар тугiл, үйдегі балаларымның бетіне қарай алмайм. Не iстесем. Жұмыс iсте дейтiн шығар сыздар. Ушiншiме буйырса 3 ай болады. Жұмыс үйден тiгiн тiгем. Олда шамалы болып тұр. Жол көрсетіп жiберiңiздершi, өтініш

4 жауап

0 дауыс

Сіз ақша алар кезде келісім шартқа өзіңіз қол қойғандықтан, ақшаны төлеуге міндеттісіз. Ал төлеген ақшаңызды нақты сол туысыңызға алынған ақша екенін дәлелдейтін қолыңызда тиісті дәлелдемелер болса, ол кісіні алаяқтық жолмен сізді  қарызға батырғаны үшін нақты сол қарыз ақша мен өсім ақшаны өндіріп алу үшін туысыңызды қылмыстық жауапкершілікке тарта аласыз. Бірақ ,ол сіздің туысыңыз нақты сол ақшаны өндіреді деген кепілдік емес, ол төлей алмай тек сотталып кетуі де мүмкін. 

0 дауыс

Таби’ин мухаддистерінен болған Әбу Уәил Шәкик ибн Сәләмә былай дейді:

Бір күні Хазіреті Әлидің (р.а.) жанына азаттығымен қауышу үшін қожайынымен келісім жасасқан бір құл келіп:

  • Уа Әли! Қожайыныма қарыз едім, оны қайтаруға жағдайым жоқ. Маған жәрдем ет, - дейді. Сонда Әли:
  • Қаласаң, Пайғамбарымыздың  маған үйреткен дұғасын саған да айтайын, бұл дұғаны үнемі оқысаң, үстіңде Сыр дауындай қарызың болса да Алла Тағала бұл қарызыңнан құтылуға жәрдем етеді, - деп мына дұғаны үйретті:

اَللّٰهمَّ اكْفِنِى بِحَلَالِك عَنْ حَرَامِكَ وَ أَغْنِنِى بِفَضْلِكَ عَمَّنْ سِوَاكَ

Аллаһуммәкфинии би хәләликә ән харамикә. Уә әғнинии би фәдликә әммән сиуак

Мағынасы:

Аллаһым! Мені халалыңмен жеткілікті түрде ырзықтандыр, харамға мұқтаждығым қалмасын! Мені сый-сияпатыңмен байыт, Өзіңнен басқаға мұқтаж болмайын!

ihsan.kz

0 дауыс
Жолдасыңызға айтыңыз, тезірек құтылудың амалын жасаңыздар,барған сайын өсе бередіғой ол.
0 дауыс
Өсім.
Осындай мәселеде күйеуіңізбен ақылдаспадыңыз.
Тәубе етіп, қайта жасамауға бекініп, дұға тілеңіз. Алла қаласа бұл қиындықтан құтыласыз.
...