Психологиялық кеңес | 1.0k қаралды
Көп адамның басында бола бермейдi ондай жағдай, бiрақ сiздiң басыңызда болып көрдi ма? Не iстедiңiз?

8 жауап

Бала кезімде үйдегілерге велосипед алып бермегендеріне ашуланып жіпке асылып көрдім. Көзімді жұмдымда мойныма жіпті іліп тізерлеп отыруым сол-ақ көзім қарауытып талып ұйықтап кетіппін. Бір мезетте көзімді ашып едім ауа жетпей қылғындымда қалдым. Жаным көзіме көрінді. Қол-аяғым қалтырап жіпті шешіп барып жерге құладым. Есімді жинап үйге білдіртпей (патихара) кіріп айнадан түрімді көріп өз-өзімді аяп кеттім. Мойыным көкпеңбек. Бұл жағдай көктем мезгілінің бір кешінде ҚОРА ішінде болған. Тірі жан білген жоқ.  Кейін есейе келе осы оқиғаға мырс етіп күлгенім бар ))). Балалық қой. Кезінде өліп кеткенде... есіме түсіргімде келмейді cоны. Сол күннен біраз өткен cоң әлгі ВЕЛИКТІ алдым. Әке-шешем маған велосипед алып бермеймін деген жоқ, ақша алғасын алып береміз деп сабырлықпен айтқан. Мен дағы АҚЫМАҚ. Түсіндім ... өмірдің қу белесебеттен қымбат екенін . Ал сол қу темір белесебет мен өле жаздаған қорада жатыр бұты-бұт, қолы-қол болып . Айтқым келгені бұл дүние ақ пен қара. Ақ кезінде ақтың қадірін біліп, шалқымай , қара кезінде сабырлық таныту керек. Оның бәрі өткінші...
Жақсы Жауап
Оиынды жақсы жазапсың.Балалар мен жасөспірімдер оиланар!! Түкке түрмайтын осындай жагдайлар болып жатады. өз өзыне кол жұмсамаса да, айналасындағыларға зянын тйгызып жатады.
қызық))...............
Белгісіз
Иманың берік бол, тек жақсы нәрселерді ойлай бер, қызықты шақтарды деген сияқты
"Көп адамның басында болады ондай жағдай"-дегеніңе келіспеймін.Өз өзіне қол жұмсау көп адамның емес,кейбір жүйкесі тозған,жүйке аурына шалдыққан адамның басында болaды.
Өз-өзіне қол жұмсау, яғни суицид ол психикалық ауру болып есептеледі. Сондықтан дер кезінде психиатр маманның көмегіне жүгіну керек.
Ондай ойларды тіпті ойламаймын !

Пайдасы тисе айтып кетейін,менің әдебиеттен беретін мұғалімім бізге әрдайым кеңес беріп отырады,сондағы бір айтқаны:"Кітапты көп оқысан,жаман нәрселерді де көп ойламайды екенсін,өйткені жаман ой ойлауға ойын да босамай қалады екен,жанағы кітап ішіндегі кейіпкерлерді алаңдап,"олар енді қайтер екен?"деп ойлап жүресің,ал мысалы кішкене кітап оқымай кетсем"-дейді,-кәдімгідей не болса соны көңіліне алып,біреулерге күдікпен қарап,жаман ойлар келе бастайды"-деген.Бұл рас шыныменде!

Жарқынай! Ондай ойдан аулақ болыңыз. Уағыздарды көп тыңдаңыз,қол жұмсауды емес айналаңыздағы сізді жақсы көретін адамдарды ойлаңыз ... Сабырлы бол!!!

Өз басымда болып көрмепті... Ешуақытта ондай ойды ойламаппын ... ойламаймында...  Бәрі өз уақытымен... 

Сабыр еткейсін Өйткені баршамыз да ажалымыз келгенде өлеміз.

Жоқ керісінше маған ұнамайтын адамдардан кек алғым келедіі қасымда жүріп өтірік доспын деген адамдарды өзінің орындарына қойып мені мазақ қылғандарды барлығын өз алдына әкелгім келеді! Шыңғысхан айтқандай өмірде ең рахаты жауыңнан кек алып оны зар жылату деген!
Белгісіз
Ол адамның әлсіздігі. Ондай жаман ойлардан арылу үшін психологиялық кітаптарды көп оқу қажет. Немесе, өзіңізге қызықты бір іспен, яғни хоббимен айналысу қажет. Әдеби кітаптар оқыңыз - бұл басқа мемлекеттерге, басқа уақытқа, ғасырға саяхат сияқты ғой.
Өмірде қаншама керемет нәрселер бар. Мысалы, қарапайым ағаштардың өзі адамды өмірге құштар етеді. Ең бастысы, алдығызға бір мақсат қойыңыз. Сол мақсатқа жетуге тырысу арқылы ондай ойларды ойламайтын боласыз.
120,820 сұрақ
309,698 жауап
153,245 пікір
69,493 қолданушы