0 дауыс
512 көрілді
Жасым 14 те (Ұлмын) шашымды жуған сайын көп шаш түседі, не стесем болады? Шашымды жуған сайын көп шаш түседі соны тоқтату керек. Көптеген маскалар степ көрдім көмектеспеді

1 жауап

0 дауыс

Мамандар әр екі ай сайын сусабынды ауыстырып отыруға кеңес береді. Бағасы қымбат сусабындардың бәрі де сапалы бола бермейді. Бірақ, тым арзан да болмау керек. Өйткені, өте арзан құралдардың құрамында бас терісі мен шашқа зиянды элементтер табылуы мүмкін. Көптеген бағасы қымбат сусабындардың құрамында табиғи майлар мен мұқият тазалайтын қоспалар бар. Солардың әсерінен сусабынды кішкене үнемдеуге болады. Ал, шашын күнде жумаса, жүре алмайтын арулар үшін қымбат сусабынды қолдану – шығын болуы да мүмкін. Күнде жуылатын шашқа кететін қаржылай шығынды былай қойғанда, ол бас терісіне де зиян екенін трихология мамандары растап отыр.

         Әр адамның шашы өзіндік құрылым мен өзіндік түрге ие. Сусабынды шаш түріне қарай таңдау қажет. Құрғақ не майлы шашты күнара (араға бір күн тастап) жуып отырған тиімді. Шашты жиі жуған сайын оның майлылығы арта түседі. Май қабаты бас терісін құрғап кетуден сақтайтындықтан күнде тазарып отыратын шашта тез пайда болады.

Байқасаңыздар, бұйраланған шашқа қарағанда бұйраланбаған шаштар тез майланады да, кір боп көрінеді. Оның мыры тіке шашта майдың тез таралуында ғана. Шаштың майлануы – кір емес, бас терісі аурудан аман, шаштың сау екендігінің кепілі. Өйткені, май қабаты шаш талшықтарындағы дымқылдың сақталуы мен су сіңірмеуіне ықпал етеді. Шашыңызды күнде жуған сайын оны табиғы қорғанысынан айырып отыратыныңызды ұмытпаңыз.

Толығырақ: https://aikarakoz.kz/tag/%D1%88%D0%B0%D1%88%D1%8B%D0%BC-%D0%BA%D3%A9%D0%BF-%D1%82%D2%AF%D1%81%D0%B5%D0%B4%D1%96/

...