+2 дауыс
10.6k көрілді
Бұрындары шашым аздап ғана түсетін, бірақ бүгін шашымның әдеттегіден көп тускенін байқадым. Көмектесіңіздерші. Өз басым медициналық дәрілерге аса сене бермеймін, үй жағдайында қалай тоқтатуға болады?

7 жауап

+1 дауыс
Негізі күніне адамның басынан 200 шақты шаш түсіп, орнына жаңадан шаштар шығады. Бұл табиғи құбылыс.
+1 дауыс
Жалпы күнделікті 50-100 тал шаштың түсуі қалыпты жағдай. Алайда шашыңыз бұдан артық түскенін байқасаңыз, мәселені шешімсіз қалдыруға болмайды. Мұның себебі стресстер, зат алмасудың бұзылуы, гормондар дисбалансы, ағзадағы улы заттардың болуы, микроэлементтердің тапшылығы не керісінше шамадан артық болуы, жаман экология, шаштың химиялық құрамының бұзылуы, радиация, дәрілік заттардың әсері, тіпті ас қорыту жүйесінде қиындықтар бола алады. Сонымен қатар, алопеция немесе шаштың қатты түсуі генетикаға байланысты болуы мүмкін.

Күзде осы себептерге дәрумендер тапшылығы мен ағзадағы процестердің баяулануы қосылып, шаштың тым көп түсуіне әкеле алады. Бұл мәселеге тап болғандар осы кезеңде шашын бояудан, ыстық фенмен кептіруден аулақ болуы керек.

Шашты жиірек тараудың арқасында бас терісіндегі қан айналымын жақсарта аласыз. Сонымен қатар, шаш тарау майдың шаш бойымен біркелкі таралуына көмектеседі. Массаж щеткаларын қолданып, шашты ақырын, байыппен тараңыз. Қысқа шашты тамырынан бастап тарасаңыз, ұзын шаштың ұштарын, одан кейін бас жағын тараған дұрыс.

Ұзын, зақымданған шашты дымқыл кезінде мүлдем тарамаңыз. Шашты жылы, тым ыстық емес сумен жуыңыз. Табиғатынан шашы құрғақ қыздар шаш кептіргенде фен емес, ыстық орамал қолданғаны дұрыс. Шашты бигудимен бұйралағанда, байлағанда, түйгенде, өргенде оның қатты тартылмауын қадағалаңыз. Маусымға байланысты бас киім, орамал киіп жүруді күнделікті әдетке айналдырсаңыз, шашыңызға үлкен көмек бересіз.

Шашы көп түсетіндерге мамандар арнайы инъекциялар, мезотерапия, электротрихогенез, лазер қолданатын дауаларды жасатуға кеңес береді. Лазер басы тақырланып бара жатқандарға да, профилактика ретінде де жасалады. Осындай салондық дауалар бастың майлануын реттеп, шаштың жалпы жағдайын жақсарта алады.

Жігіттер үшін де бұл мәселе өткір болады. Әдетте шашына аса күтім көрсетпейтін жігіттер қыздар сынды шаштың ұштануы мен жылтырына шағымданбаса да, шаш түсу мен тақыр болу олардың ең үлкен қорқыныштарының бірі. Анотомиялық тұрғыдан қарағанда жігіттердің шашы қалыңырақ келеді. Тестостеронның көп болуы жігіттер бас терісінің қатты майлануының себебі және осы гормонның көп болуы шаштың түсуінің себебі де бола алады.

Мәселеге бір жақты қарамай, шешімді жан-жақты қабылдау керек. Бұл жерде тамақтану рационы мен өмір тәртібі, шашқа көрсетілетін күтім мен зиянды әдеттер де әсер етеді. Әсіресе күзде бұл қиындықты байқайтын жігіттер темекі мен ішімдікті қойып, тамақтануына көңіл бөлген дұрыс. Бас массажы мен шашқа көрсетілген күтім сұрақтың шешімі бола алады.
0 дауыс
Дәрігердің де дәрігері бар, сену керек.. Үй жағдайында десең, менің бір ағамда да шашы түсе берді (өзі дәрігер бірақ басқа саланың) сол чеснокты үккіштен (терка) өткізіп, соны күде кешкісін шашының арасына жағып, 15 минут ұстап, артынша шашын жуып тұрды, шаш түсуі тоқтады.

Негізі шаш түсуінің себебі көп, ол бір аурудың салдары болуы да мүмкін, немесе бас терісінің қан айналымы дұрыс болмаса да шаш түседі. Шашты ылғал кезде тараму керек. расческамен шаштын арасына массаж жасап тұру керек екен. А витамині жетіспеген де де шаш түседі.
0 дауыс
Шаштың түсуіне байланысты репейник шампунын байқап көріңіз, жақсы көмектеседі. Дәріханалардан алыңыз. Сонымен қатар репейниктің маздары да бар, дәріханадан сұрасаңыз олар айтады....
–1 дауыс
аркимнин шашы ар турли. осыган байланысты, бир шампунь барине бирдей жага бермейди. озиниздин шапунинизди издеп кориниз)
0 дауыс
Кір сабынмен жуа бер сол кезде тоқтайды!
0 дауыс
менің де шашым түседі бірақ мен көптеген бальзамдарды қолдандым әсері тиді луковый шампунь маска чеснок etno botanika сияқты бальзамдарды қолданыңыз өте жақсы көмектеседі сосын чистая линия dove шампуньдары да шаштың түсуін сиретеді

Ұқсас сұрақтар

...