+1 дауыс
54.4k көрілді
Көмектеріңіз керек болып тұр...Менің шашым бұрындары көп түспеуші еді, ал қазір түсетін әдет шығарыпты...Шашым бұйралау болған соң, басымды жуған соң, үнемі шашымды үтіктеп, тегістеп жүремін...Естіумше, екі қабат, емізулі әйелдердің шаштары көп түседі екен, ал мен осылай жүре берсем, үлкен жасқа жеткенімде шашымнан шаш қалмайтын шығар?!... Үй жағдайында деп сұрауым мен дәрі-дәрмекке сенбеймін, барынша қолданбауға тырысамын...Көмектеріңіз, расында өте қажет...!!!

5 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап
Шаштың түсуі табиғи қалыпты жағдай. Оған бола абыржымаңыз, адам шашы күніне шамамен 150 шаш түседі екен, яғни ескі шаш түсіп орнын жаңа шашатар алмастырады. Шашыңыз түсу барысында ерінбесеңіз санап көріңіз)) Егер шаштарыңыз 150.ден асып кетсе демек емдеу керек. Сізге бірнеше халық емін ұсына аламын:
1. Айранмен жуыңыз, айран шашыңызды табиғи қалпында сақтаумен қатар қалыңдатады. Бір ғана ескеретін жәй майлы етіп жіберуі мүмкін.
2. Шаш түсірмеудің амалына дәріханалада сатылатын майсана майы көмектесе алады. Майсана майын (костровое масло) шашыңыздың түбіне пайдаланбайтын тіс щеткасымен мұқият жағып шығып, полиэтилен пакетпен жауып, жылы орап 2 сағат ұстаңыз (түнге қалдыруға да болады, таңертең жуасыз) да, жуып тастаңыз.  Майсана майының қасиеті сонда, ол шашты түсірмеумен қатар шаштың өсуін жылдамдатады.
Жуу демекші, қазіргі таңда жуу құралдарында химиялық қоспалар өте көп. Олар шаштың әлсіреуіне алып келеді. Сол үшін шашыңызды шампуньмен көп жумауға тырысыңыз. Жуғанда бір рет қана жууға дағдыланыңыз, яғни қайталап екі немесе үш рен жуудың керегі жоқ. Жуу барысында сұйықтықты шашыңызды түбіне ғана жағып, ұшына жеткізбеңіз. су құйғанда өзі-ақ ұышан барады, оған сол да жеткілікті. Жақсылап, мұқияттап шайыңыз, шампуньді баста көбірек ұстамауға тырысыңыз.
3. Пияздың қабығын тастамай, бір уысын суға қайнатып алып, сүзіп алып тастыңыз да су суыған соң жуған шашыңызды соңында шайыңыз, нәтижесі зор.
4. Шашыңызды жуып болғаннан кейін, соңында шаятын суыңызға бір-екі тамшы майсана майын тамызып жіберсеңіз шашыңызды жібектей етіп, таралуға оңай етеді. Шашыңыз жұп-жұмсақ болып шыға келеді.
5. Жұмыртқаның ағын сарысынан бөліп алып, жақсылап араластыра шашыңызға түгел жағып, полиэтилен пакетпен жауып біршама ұстап жуып тастасыңыз да пайдасы бар.
Аталғандар өз тәжірибемнен өткендіктен сізге де пайдалануға  кеңес бере аламын)))
көп рахмет...шашымның көп тусуін уайымдап жүр едім, қолданып көремін, міндетті түрде.Пайдасы тиді!
Көркем, үлкен рахмет, жауабыңызға!! Мен де міндетті түрде қолданып көруге тырысамын!! Түп-түсінікті жазылған!!!
+2 дауыс
Orofleim, Avon, Merekei сияқты Aloe vera деген компаниа бар. Соның заттары өте жақсы. Мен соны қолданам. Алое нің Шампунын алсаң болады. Шаштың түсуіне, майлануға, қайзғақ қа қарсы қолдансаң жақсы болады. Бірақ бағасы да қомақты 2-3 мың теңгедей болады.
Рахмет, жауабыңызға!!!
Orofleim, Avon, Merekei сияқты Aloe vera деген компаниалар не керек, өзіміздің табиғи шөптердің тұнбасы тұрғанда?
0 дауыс
Иа ондай арифлейм ейвон сиакты компанияларлың заттары оте нашар жане тпты асеры жок сапасыз
0 дауыс
Балдарғада осыны істеуге болама?немесе тек ыздарма
0 дауыс
Саламатсыздарма. Менин емизули 5 айлык кызым бар. Мен шашымды тараганда бир уыс шаш туседи онын себеби неде?

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
3 жауап
0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
2 жауап
...