0 дауыс
10.2k көрілді
Үнді мұхитына жататын ағыстарды анықта. Маған бұл сұрақтын жауабы керек. Бұл маған өте қажет

2 жауап

0 дауыс

Үнді мұхитында Тынық және Атлант мұхиттарындағыдай бір-біріне параллель тұрақты 2 пассат ағысы түзілмейді. Солтүстік пассат ағысының орнын муссондық ағыс алады. Оның бағыты муссондық желдерге сәйкес маусым бойынша өзгереді. Оңтүстік пассат ағысы Австралияның батыс жағынан басталады. Оңтүстік жарты шардағы пассат желі мұхиттың беткі қабатындағы жылы суды батысқа қарай айдайды, оның орнына төменгі терең қабаттан салқын су көтеріледі. Ол құрлықтың жағалауын бойлап, солт-ке қарай өтетін Батыс Австралия ағысына бастама береді. Оңтүстік пассат ағысы Африка жағалауына жеткеннен кейін құрлыққа тіреліп, екі тармаққа бөлінеді: солт-ке қарай Сомали ағысы, оңт-ке қарай Мозамбик-Ине мүйісі жылы ағыстары кетеді. Қыста Оңтүстік пассат және муссондық ағыстарға қарама-қарсы батыстан шығысқа қарай пассатаралық қарсы ағыс таралады. Оңтүстік қоңыржай белдеуде мұхитты Батыс желдері салқын ағысы батыстан шығысқа қарай қиып өтеді. 

Толығырақ: https://kk.wikipedia.org/wiki/

0 дауыс
Оңтүстік пассат, Мозамбик, Батыс желдері

Ұқсас сұрақтар

...