0 дауыс
49.1k көрілді
Үнді мұхиты жайлы толық мәлімет керек?

6 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Үнді мұхиты планетада ерекше орын алады: оның көп бөлігі оңтүстік жарты шарда орналасқан.Мұхит солтүстігінде Евразиямен шектеседі.Мұхиттың жағасы аз тілімденген.Солтүстігінде Бенгал және Парсы шығанақтары,Арабия теңізі құрлыққа бойлай еніп жатады.Аралдары біршама аз.Мұхиттың шекарасында ғана ірі аралдар бар.
Еуропалықтар Үнді мұхиты арқылы XV ғасырда ғана тұрақты жүзе бастады.Мұхитта жүзу маршруттарының сипаттамасын тұңғыш рет арабтар жасаған.География ғылымы үшін Үнді мұхиты жөніндегі мәліметтер Васко да Гаманың жүзген уақытынан (1497-1499жж)бері жинала бастады.XVIII ғасырдың соңында ағылшынның теңізінде жүзушісі Джеймс Кук бұл мұхиттың тереңдігін алғаш рет өлшеген.
XIX ғасырдың соңында мұххитты комплексті зерттеу жұмысы басталады.
Жұмыстың мақсаты
Бұл жұмыстың мақсаты Үнді мұхитының ашылмаған сырларын болашақта ашу мақсатында жүргізіліп,курстық жұмыс ретінде жазылып тарихы терең,қазынасы мол мұхиттың адам өміріндегі алатын маңызды орын мен мәнін ашу болып табылады.
Жұмыстың міндеті
Мұхитты зерттеу және оны қорғау-адам баласының маңызды міндеті.Мұхитты зерттеуде экспедициялық кемелердің маңызы зор.Қазіргі таңдағы арнаулы
аппараттар,батискартар мұхит зерттеушілеріне қарамағындағы мұхитты анықтауға мүмкіндік береді.
Жұмыстың өзектілігі
Бұл жұмыс негізінен арнап ізденістер мен еңбектерді талап ететіні сөзсіз.
Тақырып өзегі болып табылатын Үнді мұхитының қазіргі экологиялық мәселелері туралы қарастырылған.Үнді мұхитының онда өмір сүретін организімдердің тіршілігі,өмір сүру ортасы туралы басты назар аударған.
Бұл жұмыс нақты және айқын жазылған.Жұмыстың зерттеу дәрежесі:
Тақырып үш тараудан тұрады:Кіріспе негізгі бөлім-5пункттен және қорытынды,суреттер мен пайдаланған әдебиеттер мен бөлімдерден тұрады.
Үнді мұхиты Рака тропигінің Оңтүстік жағында орналасқан. Солтүстік Азия континенті мен шектелген, сондықтан Солтүстік жарты шары мұхит толығымен тропикалық полюсте орналасқан. Үнді мұхит түбі бедерін орта мұхит жоталарынан бастғана жөн, өйткені олар заңды түрде Үнді мұхитын 3 секторларға бөледі: Африкалық, Үнді –Австралиялық және Антрактикалық.
Үнді мұхитында 4 орта мұхит жоталары көрініс алады:
Батыс-Үнді, Арабия-Үнділік, Орталық-Үнділік жоталар және Австралия-Антарктикалық төбелер. Батыс –Үнді жотасы мұхиттың Оңтүстік-Батыс бөлігінде орналасқандықтан, барлық белгілері Орта мұхит жоталарына тән: сеисмикалығы суасты вулкандылығы маржандық қабық түр сипаты мен Оңтүстік аймақтың маржандық құрылымы. Оның бірнеше секундтық мұхиттық жарығы субмередиандық бағытта болады. Родригес аралынан Шығысқа қарай жота системасы термақталады: Солтүстік Арабия-Үнділік, ал Оңтүстік-батысқа орталық-үнділік Орта мұхит жоталарға бағытталған. Арабия - Үнділік жота көптеп зерттелген. Субмеридиандық бағытта кесіп өтетін жарықтар анықталған. Көп қуатты жарықшағы - Оуэн Солтүстік жақтағы жоталарын қиып өтеді. Осы жарықшаның нәтижесінде жотаның Солтүстік қимасы солтүстікке 250- км –ге ығыстырылды. Одан ары маржандық құрылым батысқа Қызыл теңіз маржандық құрылым реттік бағытта жалғасады.
Аден шығанағы мен Қызыл теңіз су түбінде бірнеше бұрғылау скважиналары орналасқан. Ертеректегі, палеогендік типі, скважиналау мен анықталған. Карбонды шөгінділер калонка тәріздес, жиналып көрсетілген.
Кейбір скважиналар кескіндеуге вулкандық күлдердің маңызды қатысы бар. Бұрғылау барысында Эвакоритті және металдың тұнба, қуатты ыстық ағыстар мен өте тұзды Ювенилдық сулардың Қызыл теңіз маржандарының аймақтарымен байланысты. Орталықүнді орта – мұхиттың жота әдемі маржандық көрініспен қоса шеттік аймақ және оңтүстігінде Амстердам үстіртімен аяқталады, вулкандық аралдар –Сен-Поль мен Амстердам.

Мұхит – Жер шарындағы ең көп таралған зат, осынау өзгеше минерал – судың басты сақтаушысы. Біздің планетада су қалайша пайда болған ? Бұл мәселені ғылым түпкілікті шешкен жоқ . Жер пайда болған кезде су материктік жер қырты-сы секілді, жоғарғы мантиядан бөлініп шыққан немесе біртіндеп жиналған деп жорамалдайды . Вулкандар атқылаған кезде , литосфера плиталарының созылу зоналарында мұхиттық жер қыртысы пайда болған сәтте Жер бетіне төгіле отырып, су қазіргі уақытта да магмадан бөлініп шығады. Әлі де миллиондаған жылдар бойы осылай бола бермек. Жер шарына судың бір бөлігі космостан келеді. Мұхит суының басты қасиеттері – оның тұздылығы мен температурасы .
Үнді мұхитының физикалық – географиалық орны. Бұл мұхит планетада ерекше орын алады: оның көп бөлігі оңтүстік жарты шарда орналасқан . Мұхит солтүсті-гінде Евразиямен шектеседі және Солтүстік Мұзды мұхитпен байланысы жоқ. Үлкен Зонд аралдары мен Австралия оны Тынық мұхиттан бөліп тұрады. Атлант мұхиты-мен шекарасы Игольный мүйісінің меридианы арқылы, ал Тынық мұхитпен шека-расы – Тасмания аралының меридианы арқылы өтеді . Мұхиттың жағасы аз тілім- денген . Солтүстігінде Бенгал және Парсы шығынақтары , Аравия теңізі құрлыққа бойлай еніп жатады. Аралдары біршама аз . Мұхиттың шекарасында ғана ірі арал-дар бар. Мұхитта вулкандық және маржан аралдары бар.
Үнді мұхитының жағасы – ежелгі цивилизация дамыған аудандардың бірі. Ғалым-дар онда теңізде жүзу басқа мұхиттардағыға қарағанда шамамен 6 мың жыл бұрын басталған деп жорамалдайды. Мұхитта жүзу маршруттарының сипаттамасын тұң-ғыш рет арабтар жасаған. География ғылымы үшін Үнді мұхиты жөніндегі мәлі-меттер Васко да Гаманың жүзген уақытынан (1497-1499 жж.) бері жинала бастады. XVIII ғасырдың соңында ағылшынның теңізде жүзушісі Джеймс Кук бұл мұхиттың тереңдігін алғаш рет өлшеген .
XIX ғасырдың соңында мұхитты комплексті зерттеу жұмысы басталды. «Челлен-джер» кемесімен шыққан аылшын экспедициясы аса ірі зерттеулер жүргізді. Алайда XX ғасырдың соңына дейін Үнді мұхиты жеткілікті зерттелмеді . Қазіргі кезде ғылы-ми- зерттеу кемелерін пайдаланатын ондаған экспедициалар оның байлықтарын ашуда. Олардың ішінде – «Михаил Ломоносов», «Океан» және басқа ғылыми кеме-лер бар.
Мұхиттың орташа тереңдігі шамамен 3700 м, ал ең терең жері –Ява шұңғымасын-да 7450 м-ге жетеді. Мұхитта қайраң онша үлкен емес. Шарасы басқа мұхиттардағы сияқты , мұхит түбінің ең үлкен бөлігін алып жатады. Оны толып жатқан жоталар кесіп өтеді. Батыс бөлігінде су асты жотасы созылып жатыр , ол Африканың оңтүсті-гінде Атлант мұхиты ортасындағы жотамен жалғасады. Мұхит түбіндегі терең жарықтар , жер сілкіну және вулканизм аймақтары жотаның орталығына қарай шоғырланған . Жер қыртысының жарықтары Қызыл теңізге дейін жалғасып, одан құрлыққа өтеді . Қазіргі кезде олардың құрлысын орыс ғалымдары зерттеуде. Олар сүңгуір аппаратпен теңіз түбіне түсіп, жас базальт лаваларын бақылады. Бұл лава-лардың пайда болуы мантиядан заттардың жоғары көтеріліп , Қызыл теңізде жер қыртысының ажырағанын, сөйтіп жаңа мұхиттық жер қыртысының түзелгенін көрсетеді. Тынық мұхит – оны Ұлы мұхит деп те атайды- планета бетінің 1\3 –ін және Дүниежүзілік мұхит көлемінің жартысын дерлік алып жатыр. Мұхит сопақша пішінді экватор тұсында ерекше енді , сондықтан ол беткі жағы ең жылы мұхит. Мұхиттың шығысындағы жағалық сызығы аз тілімденген; онда бірнеше түбектер мен шығанақтар бар. Батысында Евразия мен аралдардың аралығында көптеген теңіздер жатыр . Бұл Жер бетіндегі жағалық сызықтың ең көп тілімденген ауданы. Теңіздердің арасында тереңдігі 100 м –ден аспайтын қайраңды теңіздер де бар. Кейбір теңіздер литосфера плиталары(Жапон, Охот және басқа ) өзара әсер еттін зонада орналасқан. Олар терең әрі мұхиттан арал доғаларымен бөлінген .
Тынық мұхитта аралдар өте көп , олардың саны 10 мыңнан асады. Тынық мұхит-тың жағасы мен аралдарын мекендеген халықтар ертеден –ақ мұхитта жүзіп , оның байлықтарын игерген. Ф. Магелланның , Дж. Куктың жүзу сапарларының нәтиже-сінде мұхит туралы мәліметтер жиналды. И. Ф. Крузенштерн мен Ю. Ф. Лисянс-кийдің Жер шарын айналып шыққан бірінші орыс экспедициясы XIX ғасырда мұхитты кеңінен зерттеуге бастама болды. XIX ғасырда С.О. Макаров «Витязь» кемесімен комплексті зерттеу жүргізді. Экспедициалық кемелер 1949ж. бастап жүйелі ғылыми рейстер жасауда. Қазіргі уақытта Тынық мұхитты зерттеу жөнінде арнайы халық-аралық ұйым құрылған. Соңғы онжылдықтар ішінде мұхит табиғатының ерекшеліктері жөнінде жаңа мағлұматтар алынды, оның ең терең жері анықталды, ағыстары , түбінің жер бедері, терең сулы науаларындағытіршілік , мысалы, омыртқасыздардың, жіп тәрізді организмдердің жаңа типтері зерттелуде. Тынық мұхитты зерттеп білу үшін біздің елімізде , Қиыр Шығыста Ресей Ғылым академиясының арнаулы ғылыми – зерттеу орталығы құрылған.
Солтүстік Мұзды мұхит – Жер бетіндегі ең кіші мұхиттардың бірі. Мұхит Арктиканың нақ ортасынында орналасқан, ол Солтүстік полюстің айналасындағы мұхитты, таяу жатқан материк бөліктерін, аралдар мен архипелактарды қосатын кең-байтақ кеңістікті алып жатыр. Мұхиттың жағалары негізінен ойпатты, тек кей жерлерінде ғана таулы. Климат жағдайларының қатаңдығына байланысты халық аз қоныстанған және шаруашылық жағынан аз игерілген . Әдетте, бұл жазықты және батпақты тундыралар.
Мұхит аумағының елеулі бөлігі теңіздерден тұрады. Олардың көбі шеткі теңіздер, тек біреуі ғана ішкі теңіз болып табылады. Мұхитта аралдар көп- олар материктерге жақын орналасқан. Жаңа Жер , Новосибирск және басқа аралдар. Олар материктерге таяу орналасқан. Солтүстік Мұзды мұхитты зерттеу- бұл бірқатар елдердің : ТМД , Норвегия , Швеция және басқа елдердің теңізде жүзушілерінің , саяхатшыларының және ғалымдарының көптеген ұрпақтарының қаһармандық ерліктерінің тарихы.
Сонау ерте кездерде жайпақ шағын қайықшамен және қайықтармен орыс адамдары – поморлар саяхатқа шығатын. Грумантте (Шпицбергенде) қыстап шығып , Обьтың сағасына қарай жүзетін. Олар балық аулауды кәсіп етті, теңіз аңдарын аулады және поляр суында жүзудің жағдайын жақсы білді .
Орыстардың теңізде жүзуі жөніндегі деректерін пайдалана отырып , ағылшындар мен голландықтар Европадан Шығыс елдеріне (Қытай мен Үндістан ) аса қысқа жолды іздеп табуға әрекет етті . Виллем Баренцтің XVI ғасырдың аяғында теңізде жүзуінің нәтижесінде мұхиттың батыс бөлігінің картасы жасалды.
Ұлы солтүстік экпедициясы (1733-1743 жж.) мұхит жағалауларын жоспарлы түрде зерттей бастады. Оған қатысушылар ғылыми ерлік жасап , Печора сағасынан Беринг бұғазына дейін жүзіп өтіп, жағалар мен теңіздерді картаға түсірді . Олардың көпшілігі есімдері (Челюскин , Лаптевтер және басқалары) картадағы географиялық атауларда қалды. Осы экспедиция жинаған деректерді зерттей отырып, М.В.Ломоносов Солтүстік Мұзды мұхит туралы алғашқы ғылыми түсінікті тұжырымдады: полюс ауданында теңіз түбінің көтерілуі мүмкін екені туралы өз ойын айтты, ағыстардың бағыттарын, мұздардың шығыстан батысқа қарай ығуын болжап берді. Орыстардың тәжірбиесіне сүйене отырып,XIX ғасырдың аяғында А. Норденшельдтің басшылығымен орыс- швед экспедициясы «Вега» шхунасымен жолда бір қыстап , батыстан шығысқа қарай мұхитты алғаш рет төтелей жүзіп өтті. XX ғасырдың басында бұл жолды Р. Амундсен қайталады. Мұхиттың поляр маңы аймағының табиғаты туралы алғашқы мәліметтер XIX ғасырдың аяғында Ф. Нансеннің «Фрам» кемесімен ығуы кезінде және XX ғасырдың басында Г. Седовтың «Әулие Фок» шхунасымен полюске қарай жүзуі кезінде жинақталды. Россияда мұхитты зерттеудің жаңа жоспары жасалды. 1899 ж. адмирал С.О. Макаровтың жобасы бойынша дүние жүзіндегі ең тұңғыш «Ермак» мұзжарғыш кемесі жасалды, онымен поляр суында үш рет жүзу жүзеге асырылды және мұзды машина күшімен жеңуге болатыны дәлелденді.
Бір жүзу маусымында мұхит арқылы өтудің мүмкіндігін 1932 ж. кеңестік «Сибиряков» мұзжарғышының экспедициясы дәлелдеп берді. Осы экспедицияға қатысушылар О.Ю.Шмидтің басшылығымен тереңдіктерді, мұздың қалыңдығын өлшеді, табиғатқа бақылау жүргізді.
Кеңес ғалымдары Солтүстік Мұзды мұхитты зерттеудің жаңа тәсілдерін талдап жасады. 1937 ж. шыққан мұзда алғашқы «Солтүстік полюс- 1» (СП-1) поляр станциясы ұйымдастырылды. Төрт кеңес поляршысы И.Д. Папаниннің басшылығымен мұз үстінде Солтүстік полюстен Гренланд теңізіне дейін қаһармандықпен ығып барды. Ағыспен осы ығу мұхитты зерттеу жөніндегі жаңа тәсілдің заманын ашты. Ықпалы станцияны қазірде ТМД, американ және канада поляр зерттеушілері кеңінен қолданады.
Сол 1937 ж. «Георгий Седов» мұзжарғышы мұз құрсауында қалды, сөйтіп ол қалқымалы ғылыми станцияға айналды. Ұзақ ығу кезінде экспедицияға қатысушылар мұхиттың поляр маңы аймағының табиғаты туралы жаңа мәліметтер жинады. Солтүстік полюске жеткен кеңестік «Арктика» атом мұзжарғышы мұнда еркін жүзген алғашқы кеме болды. (1977 ж.).
Мұхитты зерттеу үшін қазір ұшақтар пайдаланылады, олар мұзға қонып, бір реттік бақылаулар жүргізеді. Космостан түсірілген суреттер мұхит үстіндегі атмосфера жағдайының өзгеруі туралы , мұздардың ығуы туралы мәлімет береді. Барлық осы зерттеулердің нәтижесінде Мұзды мұхиттың табиғаты (климаты туралы, органикалық дүниесі жөнінде) көп материал жиналды, оның түбінің жер бедері анықталды, түпкі ағыстар зерттелді.
0 дауыс
Үнді мұхиты
 

Үнді мұхиты — Жер шарындағы аумағы жөнінен Тынық және Атлант мұхиттарынан кейінгі үшінші мұхит. Көпшілік бөлігі оңтүстік жарты шарда, Азия, Африка, Австралия және Антарктида құрлықтарының аралығында. Үнді мұхиты планетада ерекше орын алады: оның көп бөлігі оңтүстік жарты шарда орналасқан.Жердің су бөлігінің 20% алып жатыр. Мұхит солтүстігінде Еуразиямен шектеседі.Мұхиттың жағасы аз тілімденген.Солтүстігінде Бенгал және Парсы шығанақтары,Арабия теңізі құрлыққа бойлай еніп жатады.Аралдары біршама аз.Мұхиттың шекарасында ғана ірі аралдар бар. Еуропалықтар Үнді мұхиты арқылы XV ғасырда ғана тұрақты жүзе бастады.Мұхитта жүзу маршруттарының сипаттамасын тұңғыш рет арабтар жасаған.География ғылымы үшін Үнді мұхиты жөніндегі мәліметтер Васко да Гаманың жүзген уақытынан (1497-1499 жж)бері жинала бастады. XVIII ғасырдың соңында ағылшынның теңізінде жүзушісі Джеймс Кук бұл мұхиттың тереңдігін алғаш рет өлшеген. XIX ғасырдың соңында мұххитты комплексті зерттеу жұмысы басталады.Әрине мұның бәрі дұрыс болып табылады!    Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз.




Жалпы мәлімет

Атлант мұхитымен Ине мүйісінің (20 ш.б.) меридианымен Африкадан Антарктидаға өтетін сызықпен шектеседі. Тынық мұхитпен арадағы шекара Малакка түбегінен басталып (9818 ш.б.) Суматра, Ява, Сумба, Тимор, Танимбар және Чут аралдары арқылы Жаңа Гвинеяға, онан әрі Австралияға (1105 о.е., 14203 ш.б.), Тасман аралдарына өтеді. Тасманиядан Антарктидаға дейінгі шекара 14655 ш.б. меридианымен белгіленеді. Аудандық теңіздерімен қоса есептегенде 76,17 млн. км2, суының көлемі 282,6 млн. км3, орташа тереңдігі 3711 м, ең терең жері 7729 м (Зонд шұңғымасы).
asko.asko сұрақ қойып өзің жауап берсен, сұрақ қойып қажеті қанша!
+1 дауыс

Үнді мұхиты — Жер шарындағы аумағы жөнінен Тынық және Атлант мұхиттарынан кейінгі үшінші мұхит. Көпшілік бөлігі оңтүстік жарты шарда, Азия, Африка, Австралия және Антарктида құрлықтарының аралығында. Үнді мұхиты планетада ерекше орын алады: оның көп бөлігі оңтүстік жарты шарда орналасқан.Жердің су бөлігінің 20% алып жатыр. Мұхит солтүстігінде Еуразиямен шектеседі.Мұхиттың жағасы аз тілімденген.Солтүстігінде Бенгал және Парсы шығанақтары,Арабия теңізі құрлыққа бойлай еніп жатады.Аралдары біршама аз.Мұхиттың шекарасында ғана ірі аралдар бар. Еуропалықтар Үнді мұхиты арқылы XV ғасырда ғана тұрақты жүзе бастады.Мұхитта жүзу маршруттарының сипаттамасын тұңғыш рет арабтар жасаған.География ғылымы үшін Үнді мұхиты жөніндегі мәліметтер Васко да Гаманың жүзген уақытынан (1497-1499 жж)бері жинала бастады. XVIII ғасырдың соңында ағылшынның теңізінде жүзушісі Джеймс Кук бұл мұхиттың тереңдігін алғаш рет өлшеген. XIX ғасырдың соңында мұххитты комплексті зерттеу жұмысы басталады.Әрине мұның бәрі дұрыс болып табылады!

Мазмұны 

1 Жалпы мәлімет

1.1 Жағалауы
1.2 Аралдары
1.3 Түпкі жер бедері мен шөгінділері
1.4 Климаты
1.5 Гидрологиялық режимі
1.6 Басты порттары

2 Шекараласатын елдер мен аймақтар

2.1 Африка
2.2 Азия
2.3 Океания

3 Сілтемелер

Жалпы мәлімет

Атлант мұхитымен Ине мүйісінің (20 ш.б.) меридианымен Африкадан Антарктидаға өтетін сызықпен шектеседі. Тынық мұхитпен арадағы шекара Малакка түбегінен басталып (9818 ш.б.) Суматра, Ява, Сумба, Тимор, Танимбар және Чут аралдары арқылы Жаңа Гвинеяға, онан әрі Австралияға (1105 о.е., 14203 ш.б.), Тасман аралдарына өтеді. Тасманиядан Антарктидаға дейінгі шекара 14655 ш.б. меридианымен белгіленеді. Аудандық теңіздерімен қоса есептегенде 76,17 млн. км2, суының көлемі 282,6 млн. км3, орташа тереңдігі 3711 м, ең терең жері 7729 м (Зонд шұңғымасы).

Жағалауы

Солтүстік-батысы мен шығысына негізгі, солтүстік-шығысына аккумулятивті жаға типі тән. Антарктидаға қараған жағаларын қайраң мұздығы басқан. Ірі теңіздер мен ірі шығанақтар түгелдей дерлік солтүстік және солтүстік-шығыс бөліктерінде (Қызыл, Арабия, Андаман, Тимор, Арафур теңіздері, Аден, Парсы, Оман, Бенгал шығанақтары). Оңтүстік бөлігінде Карпентария, Үлкен Австралия, Сент-Винсент, т.б. шығанақтар бар.

Аралдары

Шығу тегі құрлықпен байланысты аралдар (ірілері: Мадагаскар, Шри-Ланка және Сокотра, ұсақтары: Занзибар, Мафия, Пемба, т.б.) жағаға жақын орналасқан. Мұхиттың батыс бөлігінде жанартаулық шағын аралдар көп (Крозе, Принц Эдуард, Комор, Амирант, Сейшель, Маскарен т.б.). Үндістан түбегінен оңтүстік-батысқа қарай дүние жүзіндегі ең ұзын Мальдив және Лаккадив маржан аралдар тізбегі солтүстіктен оңтүстікке қарай 1600 км-ден аса қашықтыққа созылған. Тропиктік ендіктерде басқа да көптеген маржан аралдар (Чагос, Кокос, Андаман, т.б.) таралған. Аралдардан басқа тереңдігі бірнеше ондаған метрге ғана жететін тайыз банктер кездеседі (Сая-де-Малья, Назарет, Кампече, т.б.).

Үнді мұхиты солтүстігіндегі Лакшадуип үнді аралдары

Түпкі жер бедері мен шөгінділері

Үнді мұхитының орташа тереңдігі Тынық және Атлант мұхиттарындағыдай, бірақ абсолюттік тереңдігі жөнінен (7729 м) олардан көп кейін тұр. Түрлі тереңдіктердің үлесі төмендегідей: Құрлықтық қайраң енсіз (100 км-ден аспайды), тереңдігі 50 — 200 м, тек Антарктида жағалауында ғана 300 — 500 м-ге дейін барады. Құрлықтық беткейді кей жерлерде өзен аңғарларының (Инд, Ганг,Брахмапутра, Замбези, т.б.) су астындағы жалғасы және терең каньондар тілімдеген. Мұхит ортасы жотасы айқын көрінеді, бірақ орта тұсынан батысқа қарай ығыса орналасқан. Ол Арабия-Үнді және Батыс Үнді су асты жотасынан құралған. Мұхит ортасы жотасынан оңтүстік-шығысқа Орталық Үнді және Австралия-Антарктида, оңтүстік-батысқа Африка-Антарктида су асты жоталары тарайды. Мұхиттың дәл ортасын бойлап меридиан бағытында 5000 км-ге Шығыс Үнді су асты жотасы созылып жатыр. Су асты жоталары мен қыраттары мұхит шарасын қазаншұңқырларға бөледі. Бастылары: Сомали, Орталық және Батыс Австралия, Африка-Антарктида, Австралия-Антарктида. Солтүстік-шығысында мұхит түбінің өтпелі белдемінде, Зонд топаралы тізбегіне іргелес Зонд шұңғымасы өтеді (тереңд. 7729 м). Қазаншұңқырлардың түбі құрлыққа таяу бөлігінде аккумулятивтік жазықты құрап, мұхиттың орт. бөлігінде төбелі жазық түрінде көрінеді. Мұхит шарасында жанартаулар көп таралған, олар кей жерлерде ірі массив түрінде шоғырланады немесе тізбек түзеді. Құрлықтық беткейдің етегінде жиналған терригендік шөгінділер қалыңд. 3 — 4 км-ге дейін баратын қабаттар құрайды. Мұхиттың неғұрлым терең орта тұсында тұнған қызыл саздың қалыңд. 100 м-ден аспайды. Мұхит түбін негізінен фораминифера, диатом және маржан шөгінділері басып жатыр. Пайдалы қазбалардан құрлықтық қайраңда мұнай мен газдың аса бай қоры шоғырланған (Парсы шығанағы мұнайлы-газды алабы). Риф белдемдерінде металл кендері шоғырланған (хром, темір, марганец, мыс кендері).

Климаты

Климат жағдайлары негізінен оңтүстік жарты шарда орналасуымен байланысты. Мұхит солтүстік жарты шарда Шаян тропигіне дейін ғана созылады. Сондықтан термик.экватор оңтүстік жарты шарға ығыса орналасқан. Солтүстік шағын бөлігіне муссондық климат тән. Бұл бөлігінде жазда экваторлық оңтүстік-батыс, қыста тропиктік солтүстік-шығыс ауа ағындары басым. Оңтүстік үлкен бөлігінде ауа массаларының циркуляциясы белдем бойынша өзгереді. 8 — 10 о. е-тен оңт-ке қарай субтропиктік тұрақты жоғары қысым аймағының әсерінен ауа айналымы тұрақты жүреді: тропиктік және субтропиктік ендіктерде оңтүстік-шығыс пассат желдері, ал қоңыржай ендіктерде батыс желдері басым. Қоңыржай ендіктерде тропиктік дауыл — тайфун жиі қайталанады. Тамыздағы ауаның орташа температурасы солтүстік бөлігінде 25 — 27С, оңтүстік бөлігінде — тропиктік ендіктерде 20 — 25С-тан оңтүстік поляр шеңберіне таяу 0 және одан да төмен. Жылдық жауын-шашын экватор маңында 2000 — 3000 мм. Арабия т-нің шығысы мен Бенгал шығанағында 3000 мм-ден астам, Арабия түбегіне жақын маңда 100 мм-ден кем. Оңтүстік жарты шардағы субтропиктік ендіктерде 500 — 1000 мм, қоңыржай ендіктерде 1000 мм-ден Антарктида жағалауында 250 мм-ге дейін азаяды.

Гидрологиялық режимі

Үнді мұхитында Тынық және Атлант мұхиттарындағыдай бір-біріне параллель тұрақты 2 пассат ағысы түзілмейді. Солтүстік пассат ағысының орнын муссондық ағыс алады. Оның бағыты муссондық желдерге сәйкес маусым бойынша өзгереді. Оңтүстік пассат ағысы Австралияның батыс жағынан басталады. Оңтүстік жарты шардағы пассат желі мұхиттың беткі қабатындағы жылы суды батысқа қарай айдайды, оның орнына төменгі терең қабаттан салқын су көтеріледі. Ол құрлықтың жағалауын бойлап, солт-ке қарай өтетін Батыс Австралия ағысына бастама береді. Оңтүстік пассат ағысы Африка жағалауына жеткеннен кейін құрлыққа тіреліп, екі тармаққа бөлінеді: солт-ке қарай Сомали ағысы, оңт-ке қарай Мозамбик-Ине мүйісі жылы ағыстары кетеді. Қыста Оңтүстік пассат және муссондық ағыстарға қарама-қарсы батыстан шығысқа қарай пассатаралық қарсы ағыс таралады. Оңтүстік қоңыржай белдеуде мұхитты Батыс желдері салқын ағысы батыстан шығысқа қарай қиып өтеді. Судың беткі қабатының темп-расы экватор маңында жыл бойы 26 — 28С шамасында. Солтүстік жарты шардың жаз айларында мұхиттың солтүстік бөлігінде 27 — 28С-қа дейін көтеріледі. 30 о.е-те 16 — 20С, 50 о.е-те 3 — 5С, 55 о.е-тен оңт-ке қарай –1С-тан төмен түседі. Солттүстік жарты шардың қысында мұхиттың солтүстік бөлігінде 23 — 25С, 30 о.е-те 21 — 25С, 50 о.е-те 5 — 9С, 60 о.е-тен оңтүстікке қарай 0-тан төмен. Бүкіл су қабатының орташа тұздылығы жөнінен Атлант мұхитынан кейінгі екінші орында (34,76‰). Беткі қабаттың тұздылығы жеке аудандарда 32 — 36,5‰ аралығында. Ең жоғарғы тұздылық Парсы шығанағында (37 — 39‰) және Қызыл теңізде (41‰). Судың ең жоғ. тығыздығы (1027 кг/м3) антарктик. ендіктерде, ең төменгі тығыздық (1018 — 1022 кг/м3) — Бенгал шығанағы мен мұхиттың солтүстік-шығыс бөлігінде. Толысу толқынының биіктігі ашық мұхитта 0,5 — 1,6 м, шығанақтарда 5 — 7 м (Камбей шығанағында 11,9 м). Судың температурасы жыл бойы төмен болатын арктикалық ендіктерде мұз пайда болады. Желмен және теңіз ағыстарымен ыққан мұз бен мұзтаулар солт. 55 о.е-ке дейін таралады. Мұзтаулар әсіресе 40 — 80 ш.б-та көптеп кездеседі.

===Өсімдіктері мен жануарлар әлемі=== Үнді мұхит тропиктік және оңтүстік қоңыржай белдеулерді алып жатыр. Тропиктік белдеудің тайыз сулы бөлігінде 6 және 8 сәулелі маржандар көп. Маржан құрылыстарында түрлі омыртқасыздардың аса бай фаунасының өкілдері: губкалар, құрттар, крабтар, ұлулар, т.б. мекендейді. Жағалаудың көп жерін мангр тоғайлары алып жатыр. Қоңыржай белдеудегі теңіз жағалауларындағы жағажайлар мен жартастарда қызыл және қоңыр балдырлар қаптап өседі, омыртқасыздардың түрі көп. Ашық мұхиттағы судың беткі қабатында диатом балдырлары өрбиді. Мұхит жануарларының негізгі массасын конепода шаяндары құрайды (түрі 100-ден астам). Басқа омыртқасыздардан қанат аяқты ұлулар, медузалар, т.б. жаппай тараған. Балықтардан ұшар балық, тунец, желкен балық көп, түрліакулалар, теңіз жыландары, теңіз тасбақасы, ірі теңіз сүтқоректілері (кит, ескек аяқтылар), құстардан альбатрос, фрегат пингвиннің бірнеше түрі тіршілік етеді.

Басты порттары

Үнді мұхит алабында негізінен дамушы және орташа дамыған елдер орналасқан. Олар теңіз жолымен сыртқа шикізат пен азық-түлік шығарады да, шеттен өнеркәсіп өнімдерін әкеледі. Экспорт тауарларының ішінде шикі мұнай мен мұнай өнімдері басты орын алады. Аса ірі порттары: Аден (Йемен), Бомбей, Мадрас (Үндістан), Карачи(Пәкстан), Читтагонг (Бангладеш), Коломбо (Шри-Ланка), Рас-Таннура (Сауд Арабиясы), Харк, Бендер-Махшехр (Иран), Басра, Фао (Ирак), Мина-Әл-Ахмади (Кувейт),Дар-Эс-Салам (Танзания), Фримантал (Австралия), Дурбан (ОАР), Янгон (Мяньма), Могадишо (Сомали), т.б.

Шекараласатын елдер мен аймақтар

Үнді мұхиты жағалауындағы шамамен сағат тілімен алғандағы елдер мен аймақтар (италикпен):

Африка

 Comoros
 Djibouti
 Egypt (Sinai Peninsula)
 Eritrea
 Kenya

 Madagascar
 Mauritius
 Mayotte
 Mozambique
Үлгі:Country data Réunion

 Seychelles
 Somalia
 South Africa
 Sudan
 Tanzania

Азия

 Bahrain
 Bangladesh
Үлгі:IOT
 Burma
 East Timor
 India
 Indonesia
 Iran

 Iraq
 Israel
 Jordan
 Kuwait
 Malaysia
 Maldives
 Oman

 Pakistan
 Qatar
 Saudi Arabia
 Sri Lanka
 Thailand
 United Arab Emirates
 Yemen

Океания

 Australia
[Аустралия]  Ashmore and Cartier Islands
 Кокос аралдары

 Кристмас
 Француздық Оңтүстік және Антарктикалық шекаралары

[Аустралия]  Heard Island and McDonald Islands

0 дауыс
Үнді мұхиты 3 ши мұхит
0 дауыс
Үнді мұхитының ерекшеліктері қандай?
0 дауыс
Үнді мұхиты, ява шұңғымасындағы шығыс жағында орналасқан. Үнді мұхиты, тынық және атылақ мұхиттарының арасындағы үшінші мұхит болып табылады.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
Белгісіз 2.03.2021 Мектеп сұрақ қойды
0 дауыс
2 жауап
0 дауыс
6 жауап
...