0 дауыс
21.7k көрілді
МКТ теорияның негізгі қағидалары?

1 жауап

0 дауыс

МКТ-ның негізгі қағидалары
• Барлық денелер микробөлшектерден (атомдардан немесе молекулалардан) тұрады.
• Бөлшектер бейберекет қозғалыста болады. Әрі бұл қозғалыстың жылдамдығы дененің температурасына тәуелді. Сондықтан оны жылулық қозғалыс деп атайды.
• Бөлшектер бір-бірімен өзара әсерлеседі. Дене бөлшектерінің арасында тебілу күштері де тартылу күштері де болады.

МКТ-ның негізгі қағидаларын дәлелдейтін тәжірибелік дәлелдемелер:
1. заттар бөлінгіш.
2. Газдар сығылғыш
3. Газ кез келген көлемді алады.
4. Диффузия –бір зат молекулаларының екінші зат молекулааралық кеңістігіне ену құбылысы.
5. броундық қозғалыс –сұйықта немесе газда қалықтаған бөлшектердің жылулық қозғалысы.

...