0 дауыс
412 көрілді
Мысалы: Азанда, Кешке. Немесе: Азанда Түсте Кешке

1 жауап

0 дауыс

ТОТЫҚҰСТЫ НЕМЕН ТАМАҚТАНДЫРАМЫЗ?

Жеммен. Зоодүкенде тотықұсқа арналған жемнің түр-түрі бар. Маған дүкендегі Лариса апай қазақстандық «Колибри» жемін таңдауды ұсынды. Бір айда бір тотықұс 1 келі жем жейді. Оның орташа бағасы түріне, дəміне, құрамына қарай 400-1000 теңге айналасында болады. Тотықұс күніне 2-3 қасық жем жейді. Бұдан басқа алма, өрік, мандарин жемістерін дəнегінсіз беруге болады. Құлпынай мен банан да тотықұстардың сүйікті асы. Сəбіз, қызылша, қиярдың құрамында тотықұстың дамып-жетілуіне қажетті дəрумендер болады. Сондықтан, аталған көкөністерді үккіштен өткізіп берген дұрыс. Тордың ішіне кеміруге арналған минералды тастар алып қойғаныңыз жөн. Сепия деп аталатын бұл тастардың құрамында тотықұстың организміне қажетті минералды заттар бар. Олар тотықұс тұмсығының дұрыс жетілуіне, есте сақтау қабілетін жақсартуға əсерін тигізеді. Тотықұсқа манго, жаңғақ, құрма сияқты майлылығы жоғары тағамдар беруден сақтаныңыз. Егер тотықұсыңызды еркелетіп, тəттімен көңіл-күйін көтеремін десеңіз, зоодүкенде тотықұстарға арналған тəтті сатылады. Алайда, бұл тəттіні жиі бермеген жөн. Айына 1-2 рет еркелетіп, тəттімен сыйлап тұрсаңыз жеткілікті.

Тотықұстың күтімі

 Тотықұстың торын аптасына 2-3 рет тазалап отырған дұрыс. Мүмкін болса, апта сайын тотықұсыңызды арнайы ваннаға шомылдырып алыңыз. Тотықұстарға арналған шағын ваннаны 3000-4000 теңгеге ала аласыз. Абай болыңыз, жуындыруға арналған су жылы болуы тиіс жəне бөлменің терезесі жабық болуын қадағалаңыз. Себебі, тотықұстар тым  нəзік болып келеді. Суықтап, ауырып қалуы əбден мүмкін. Сонымен, тотықұс асырап алудың құны шамамен – 20000 теңге. Тотықұс – ерекше жаратылыс иесі. Тотықұстар жақсы дос, сырлас бола алады. Оларды сөйлеуге үйрету, қылықтарын қызықтаудың өзі ғанибет. Сұлу, нəзік, кіп-кішкентай жаратылыс иесі көп таранады, тазалықты сүйеді. Көңілді көтеретін жаратылысқа қарап отырып сүйсінуге болады. Оның бөлмеде дүр етіп ұшқаны да, қонғаны да ерекше əсер сыйлайды.  Тотықұсты сөйлеуге үйрету, күтім жасау жəне тамақтандыру төзім мен жақсы көру сезімін қажет етеді. Сондықтан, асырап алмас бұрын əбден ойланып барып шешім қабылдаңыз.

http://zhasorken.kz/?p=15922

...