0 дауыс

Тотықұс

Тотықұстардың Еуропада пайда болу тарихы қандай?

11.04.2014 3.2k қаралым

1 жауап

+2 дауыс

Еуропада тотықұстар туралы алғаш рет Александр Македонский жорықтарының арқасында білген. Оларды Грецияға Үндістаннан оралған қолбасшы Онезикрит қолға үйретіп әкелген. Үндістандық Браминдер тотықұстарды адамша "сөйлей алатыны" үшін киелі құс есептеген. Содан соң тотықұстар Римде де пайда болды. Неронның кезінде тек қана үндістандық құстар белгілі болатын, одан соң құстар Африкадан да алып келіне бастады. Ресейде тотықұстар XVII ғасырда пайда болған. XIX ғасыр аяғында Еуропада, кейін әлемде кең танымал болған толқынды тотықұс пайда болған.

11.04.2014
127,957Сұрақ
322,869Жауап
153,169Пікір
72,970Қолданушы