Өнер | 2.1k қаралды
2.1k қаралды
Тотықұс асырау үшін қандай ержелерді ұстау қажет? Қандай тамақ береді? Қандй күтім қажет?(Өзім асырайын деп едім)

2 жауап

Өткен айда зоодүкенге аяқастынан жолым түсіп, осы бір өзіндік мінезі бар бұл тотықұсты ойланбастан сатып алдым. Менің тотықұсым бұйрабас тотықұстар (волнистый попугай) түріне жатады. Үйге келген соң ал енді қандай есім қоямын деп дал болдым. Үш күн ойландым ғой. Сосын Сатыбалды, Жулюлюм, Сүйінші деген үш есімді қатар таңдап, көңіл-қошыма қарай үш есімді кезектестіре атап, шақырамын.

Негізінен бұйрабас түріне жататын тотықұстар басқа тотықұс түрлерінен көп сөйлегіштік, бәдіктігімен ерекшеленеді екен. Оған көзім әбден жетті. Менің Сатыбалдым таңғы бес жарым шамасынан бастап шықылықтап маза бермейді. Дамылсыз шиқылынан миым ашып кете жаздайды, ондай кезде ұйқылы-ояу күйімде «жоғал нақ» дей жүріп балконға шығарамын. Даланың құстарымен бірлесіп сайрап, жайраңдап қалады. Мауқы басылған соң мазасыздана тағы шиқылға басады. Бұл бөлмеге кірем дегені, қарнының ашқаны. Қолдан жем беріп, торына қайта жайғастырғаннан соң барып үні өшеді Бұйрабас тотықұсқты дұрыс бағып-қақсаңыз 15-20 жылдай өмір сүреді екен.

Тамақтандыру

Сапалы жем (корм) таңдау сіздің отбасыңыздың бір мүшесі — тотықұсыңыздың денінің саулығы. Сондықтан жем таңдауда абай болғаныңыз жөн. Өзім сол зоодүкендегі апай арқылы алып тұрамын. Сүйінші ерекше тәбетпен жейтін COLIBRI жемі Қазақстанда жасалған. Жулюлюмның қомағайлана жеуіне қарағанда бұл жем дәмді сияқты. Сонымен қатар ұсақ тотықұстарға арналған жем бағасы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым сапалы келеді. Негізінен құрамына көз жүгіртіп және жемнің түрлі-түске боялмағанына назар аударыңыз. Күндізгі нормада тотықұсқа 1,5-2 шай қасық жем беруге болады. Әлбетте, тотықұсыңыздың жасы мен ауқымына, тәбетіне қарай өзіңіз орайластырғаныңыз жөн.

Дәрумендерге бай әртүрлі жеміс-жидектердің тотықұсыңыз үшін беруге болатын және болмайтын түрлері бар. Негізен құрамында майлылығы көп қоректерді беруге болмайды. Авокадо, жаңғақтар, қышқылы көп манго мен құрмалар осы қатарды толықтырады.

Беруге болады: алма (дәнегінсіз), өрік, шырғанақ, алмұрт, банан, мандарин, апельсин, құлпынай. Сонымен бірге сәбіз, қызылша, петрушка, капуста, қиярды да үккіштен өткізіп тотықұсыңыздың алдына қоя аласыз.

Торда үнемі әр түрлі минералға бай тастар сепия болуы керек. Мұны тотықұсыңыз кеміріп, мүжу арқылы өзіне пайдалы элементтерді бойына жинақтайды. Яғни тұмсық, тырнағының қатқылдануына,қанат-құйрықтарының әдемі болып өсуіне септігін тигізеді.

Жуындыру

Тотықұстарға арналған арнайы ванна болады. Тотықұс жуынғанда бөлмеде өкпек желдің есіп тұруынан салқын тиіп қалуы мүмкін, сондықтан есік-терезе жабық тұрғаны дұрыс. Жуынып жатқан суды құсыңыз ішуім мүмкін болғандықан, ішуге жарамды, таза сумен жуындырыңыз. Тотықұстарда да әрқилы мінез бар, талғам бар. Кейбіреулері жуынуды ұнатпауы да таңсық емес. Ондай кезде өзіңіз қолмен жуындыруға тура келеді. Бірақ қорқытып алып жүрмеңіз. Олар тым үркек, әрі нәзік қой.

Негізінен зоодүкендегі сатушылардан күтімнің анық-қанығын тәтпіштеп сұрап алсаңыз болады

Тотықұстарды сөйлеуге үйретуге төзім мен жақсы көру деген сезіміңіз болса жекілікті. Оны келесі бірде жаза жатармын.

  •  
тотыкус ушса(уйде)

 

 

оны каалай устайга болады
118,315 сұрақ
305,103 жауап
153,297 пікір
67,444 қолданушы