0 дауыс
2.5k көрілді

Базардан алған тауық балапандар күнара  өле бастады. Базардан алғаныма 2 апта өтті, шетінен бір-біреулеп әлі өлуде.  Қандай шара қолданып, қандай дәрі-дәрмектен беруге болады?  Өлу себебі неден болады?  

Белгілері: Өлер балапан 2 күн бойы жем-су  жемей қалады, салмағы жоғалады, бір орында қалшиып тұра қалады, жалғыз қалып қойған балапандарша шиқылдай бастайды, ақыр соңында тепе-теңдік сақтай алмай  жерге жата қалады, өледі.

3 тәуліктік тауық балапандарын базардан сатып алдым. Оларға дәрі егілгендігі белгісіз. Арнайы жасалынған жәшікте 70 Ваттық лампамен жылытылып, 22-26 градус температурада ұстап отырдым. Азығы үшін алғашқы 1 аптада аптека берген (сольнышкаға ұқсас) жем бердім. Одан әрі бидайдың қатты майдаланған түрін берудем.  Жәшік еденіне күніне 2 рет жаңа газет төсеймін, саңғырығын тазалап, жәшік  130  х 70 см.көлем  үшін 15-20 балапан салынды, тар емес. 

Қазір жылыту лампаларын өшірдім. себебі, күн жылынып, жәшік іші 21 градуста тұр.

4 жауап

+1 дауыс
мүмкін балапандарға климат ұнамаған шығар(жерсінбеді)Мұндайға дұрыс қоректендірмеуден не температураның дұрыс болмауына ұшырайды(сквознякта қалып кетуінен де болады).Ең қауіптісі инфекция жұқтырған болуы мүмкін.Мен мысалы балапандарға сүзбе берген болар едім,себебі ол өте пайдалы және олардың сумен әрқашан қамтамасыз етілуін қадағалар едім.
0 дауыс
Меніңше олар инфекция жұқтырған секілді,

дәрі-дәрмектің түрі көп, қандайын алсам, түрлі аурудың алдын алатын мықты қандай дәрі айта аласыздар, көмек етсеңіздер.
0 дауыс
Меніңде балапандарым сондай ауырып отыр белгісіз себептен іщі өтіп қан тышып жатыр соны айта жібересізбе
0 дауыс
Менің де балапандарым барлығы дерлік өліп қалды.Тура солай 2-3 күн жатады.Сосын өледі. 60-тан 6-ау ақ қалды. Жем суын беріп, жүгері, сүзбе де бердім. Тышқақтап өлді.
...